Кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беруге арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 172/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 шілдеде № 19099 болып тіркелді

      "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беруге арналған үлгілік шарт бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 172/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беруге арналған үлгілік шарт

      _______________________                         20__ жылғы "____" _______________

      (шарттың жасалған орны)

      ___________________________________________________________________

      (қызметті ұсынатын субъектінің атауы, БИН/ЖСН) кәбілді арнаны мүліктік жалдауға

      (жалға) немесе пайдалануға беретін, бұдан әрі Жалға беруші деп аталатын

      _____________________________________________________________ атынан,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      __________________________________ негізінде әрекет ететін, бір Тараптан,

      және бұдан әрі Жалға алушы деп аталатын________________________________

                                    (тұтынушының деректемелері, БСН/ЖСН)

      _________________________________________________________ атынан,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      __________________________________ негізінде әрекет ететін, екінші Тараптан,

      төмендегілер туралы осы Үлгілік шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      рұқсат-наряд – Жалға алушының пайдалануына берілген кәбілді арнаға салынған байланыс кәбіліне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Жалға берушінің жазбаша келісімі;

      кәбілді арна – байланыс кәбілдерін төсеуге, монтаждауға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

      уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Шарт Жалға беруші кәбілді арнаны Жалға алушыға онда байланыс кәбілдерін салуға және оны Шартқа сәйкес мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру (бұдан әрі – Қызметтер) кезіндегі Тараптардың өзара қатынастарын айқындайды.

      3. Шарт Жалға алушымен жеке тәртіппен жасалады.

3-тарау. Қызметтерді ұсыну шарттары

      4. Жалға беруші кәбілді арнаны Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына және (немесе) осы Шарттың ережелеріне сәйкес мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға береді.

      5. Жалға алушы Шарт бойынша берілген кәбілді арнаны Жалға берушінің жазбаша келісімімен үшінші тұлғалардың мүліктік жалдауына (жалға беруіне) немесе пайдалануына беруге құқығы бар.

      6. Мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға берілген арналардың тізімі орналасқан және олардың арна/км ұзақтығы осы Шарттың Қосымшасына сәйкес жалдау ақысы құнының есебінде көрсетіледі.

      7. Жалға алушының байланыс кәбілі Жалға беруші Жалға алушыға берген техникалық шарттарға сәйкес кәбілді арнаны жалға беретін бөлігінде салынуға тиіс.

      8. Кәбілді арнаның құбыржолын қосымша салу жұмыстарын орындау қажет болған жағдайда, Жалға алушы Жалға берушінің келісімімен соңғыға осы жұмыстардың орындалуына ақы төлей алады.

4-тарау. Тараптардың міндеттері

      9. Жалға беруші:

      1) Жалға алушыға мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға берілген кәбілді арнада Жалға алушының кінәсінсіз авария болған жағдайда, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған кәбілді арнасы жұмысында анықталған авариялар мен бұзушылықтар туралы екіжақты хаттаманың негізінде авариялардың себептерін жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға;

      2) Жалға алушының кінәсінсіз туындаған Жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануына берілетін кәбілді арнаның барлық ақаулары мен зақымдануларын жоюға;

      3) Жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануына берілген кәбілді арнасына салынған байланыс кәбілін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Жалға алушыға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзімін көрсете отырып рұқсат-наряд беруге;

      4) Жалға алушыға кәбіл салу мүмкіндігі берілген кәбілді арнасына келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Жалға алушыны дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше кәбілді арнасының одан арғы бұзылу немесе зақымдану қауіпінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға;

      5) Жалға алушыға Қызметтерге ақы төлеуге Қызметтер көрсетілген айдан кейінгі әрбір айдың 7-сі күніне дейін есепшот ұсынуға;

      6) Жалға алушы Жалға берушінің кәбілді арнасын пайдалану процесінде туындаған өзге де мәселелерді шешуге міндетті.

      10. Жалға алушы:

      1) рұқсат-наряд болған кезде Жалға алушының мүліктік жалдауына (жалға) немесе пайдалануына берілетін кәбілдік арналарда ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстар жүргізуге;

      2) Шартқа сәйкес көрсетілетін Қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;

      3) Жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануына берілген кәбілді арнаны, оның мақсатына сәйкес пайдалануға;

      4) Жалға берушінің жазбаша келісімімен ғана телефон құдықтарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;

      5) Жалға алушыға кәбіл салу мүмкіндігі берілген кәбілді арнаға келтірілген кез келген зақымдану, авария туралы Жалға берушіні дереу хабардар етуге және мүмкіндігінше кәбілді арнаның одан арғы бұзылу немесе зақымдану қаупінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

5-тарау. Өзара есеп айырысу тәртібі

      11. Қызметтер үшін Тараптардың арасындағы есеп айырысулар "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) бойынша жүргізіледі.

      12. Жалға алушыға қосымша көрсетілетін қызметтердің құны Шарттың "Жалдау ақысының құнын есептеу" қосымшасында көрсетілуге тиіс.

      13. Қызметтерге арналған тарифтер (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) өзгерген жағдайда, Жалға беруші Жалға алушыны жаңа тарифтер (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді.

      14. Егер Жалға алушы тарифтердің (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) өзгеруімен келіспесе, ол Жалға берушіге тарифтердің (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) өзгеруі күшіне енген күнге дейін жазбаша өтініш жібере отырып, шарттан бас тартуға құқылы, кері жағдайда Жалға Алушының әрекеті оның тарифтердің (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) өзгерістерімен келісуінің көрінісі болып табылады. Жалға беруші Жалға алушыдан Шарттан бас тарту туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін соңғысы тарифтердің (бағалар, мөлшерлемелер, алымдар) өзгеруі күшіне енген күннен бастап Қызметтерді ұсынуды тоқтатады.

      15. Жалға алушы Қызметтерге ақы төлеуді Жалға беруші ұсынған есепшот негізінде ай сайын Қызметтерді алған айдың бірінші күнінен бастап, бірақ Қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      16. Жалға алушы Шарт бойынша төлемді үш айдан астам мерзімге кешіктірген жағдайда, Жалға беруші Шарт бойынша қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.

      17. Шартты бұзғанға дейін реттелмеген қаржылық өзара қарым-қатынастар, ол бұзылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      18. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

      19. Кәбілді арнаның жұмысында Жалға алушының кінәсінсіз кез келген бұзушылықтар және (немесе) ол бос тұруы туындаған жағдайда, бос тұруы кезеңіне төлемақы алынбайды.

      20. Шартқа сәйкес төлем мерзімдері бұзылған жағдайда, Жалға алушы Жалға берушіге осы Шартпен қарастырылған тұрақсыздық айыбын төлейді.

      21. Егер Жалға алушы Жалға берушінің кәбілді арнасына нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Жалға беруші залал шексе, Жалға алушы тікелей залалдардың толық құнын өтейді.

      22. Егер Жалға беруші Жалға алушының кәбілді арнасындағы байланыс кабеліне нұқсан келтірсе, оның нәтижесінде Жалға алушы залал шексе, Жалға беруші тікелей залалдардың толық құнын өтейді.

      23. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің кез келгенін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлеу және тікелей залалдар мен шығыстарды өтеу осы Шарт бойынша тиісті міндеттемелерді тиісінше орындау міндетінен босатпайды.

7-тарау. Форс-мажор

      24. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда, Тараптардың бір де біреуінің залалды өтеуге құқығы жоқ. Бұл жағдайда, Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бір де біреуі еңсерілмес күш мән-жайлары басталғанға дейін Шарт бойынша туындаған міндеттемелерден босатылмайды.

      25. Егер осындай мән-жайлардың кез келгені Шартта белгіленген мерзімде міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, онда бұл мерзім тиісті мән-жайдың әрекет ету уақытына ұзартылады.

      26. Форс-мажордың туындау себебі бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

      27. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.

      Форс-мажорлық мән-жайларға сілтеме жасайтын Тарап оларды растайтын Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органының құжатын ұсынады.

      28. Форс-мажор 3 айдан астам жалғасқан жағдайда, Тараптардың кез келгені басқа Тараптың атына жолданған алдын ала жазбаша хабарламамен Шартты бұза алады.

8-тарау. Шартты қолдану мерзімі, оны өзгерту мен бұзу тәртібі

      29. Шарт 20__ жылғы "__"_____ бастап күшіне енеді және Шартты бұзудың болжанып отырған мерзіміне дейін 30 күнтізбелік күн бұрын Жалға берушіге жолданған Жалға алушының жазбаша хабарламасы бойынша Шарттың 14-тармағында бекітілген жағдайларды есептемегенде бұзылуы мүмкін. Бұл ретте, Тараптардың барлық қаржылық міндеттемелері Шарттың бұзылатын күніне дейін толық көлемінде орындалуы тиіс.

      30. Шарт келісуші Тараптарда шағым болмаған жағдайда келесі күнтізбелік жылға автоматты түрде ұзартылған болып есептеледі. Шартты ұзартуға қарсылық білдіретін Тарап бұл туралы басқа Тарапты бұзу күнінен бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуі тиіс. Бұл жағдайда Тараптар қызметтердің орындалған көлемі үшін өзара есептесуді жүргізеді.

      31. Жалға беруші Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың шешімі бойынша және Шарттың 14-тармағында көзделген жағдайда бұзуға құқылы.

      32. Шартты бұзу туралы келісімге екі Тараптың қол қоюы жолымен рәсімделеді.

      33. Шарт бұзылған жағдайда Жалға алушы Шарт бұзылғаннан кейін бір апта мерзімде кәбілді демонтаж жасап және жалға берілген кәбілді арнаның трассасын өткізуге міндетті, кері жағдайда демонтаж Жалға берушінің күшімен атқарылған жұмыстардың төлемін кейін Жалға алушыдан өндіре отырып іске асырылады.

      34. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережесіне қайшы келмеуге тиіс, қосымша келісім түрінде ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қояды және Тараптардың мөрлері басылады.

9-тарау. Дауларды шешу

      35. Тараптар келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

      36. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.

      Тараптар Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзуға құқылы.

      37. Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген Тараптардың қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      38. Шарт бойынша Тараптар бір-біріне жолдайтын барлық хабарламалар және (немесе) хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалса, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және тапсырыс хатпен немесе курьерлік қызметпен жіберілсе немесе оларды алғандығы туралы белгімен Тараптардың шартта көрсетілген мекенжайлары бойынша қолына берілсе, күшінде болады және жеткізілді деп саналады.

      39. Хабарламаларды және (немесе) хабарларды, егер хабар және (немесе) хабарлама жедел шешім қабылдауды талап ететін шұғыл сипатта болса (байланыс әрекетінің тоқталуы, профилактикалық жұмыстар, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және т.б.), Шарттың 38-тармағында көрсетілген тәртіппен кейіннен жолдай отырып, электрондық байланыс құралдары арқылы жіберуге жол беріледі.

      40. Хабарламаны және (немесе) хабарды алынған күн болып электрондық байланыс құралдары арқылы жолданған күн немесе хабарламаны және (немесе) хабарды алушы Тарапқа – адресатқа жеке табыс еткен күн саналады. Алуы бойынша хабарлама және (немесе) хабар, егер хабарламада және (немесе) хабарда ол көрсетілмесе, жеткізілді деп есептеледі.

      41. Тараптар бір-бірін өз атауының, заңды мекенжайының, іс жүзінде орналасқан жерінің және Шарттың талаптарын орындауға қажетті өзге де деректемелерінің өзгергені туралы дереу хабардар етеді.

      42. Шарт әр Тарап үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады. 10-тарау. Тараптардың деректемелері

Жалға беруші:
_________________________________
_________________________________
_________________________________

Жалға алушы:
_________________________________
_________________________________
_________________________________

  Кәбілді арнаны мүліктік
жалдауға (жалға) немесе
пайдалануға беруге
арналған үлгілік шартқа
қосымша

Жалдау ақысының құнын есептеу

      1. Жалға алынатын кәбілдің тізімі мен ұзындығы:

п/п

Жалға алынатын учаскенің бағыты

Кәбілдің жалға алынатын бөлігінің ұзындығы

Кәбілдің түрі

Кәбілдің ұзындығы, км

км

арна/км







      Ескертпе:

      - Шарт жасасқан Жалға алушылар үшін ай сайынғы төлем кәбілді арнада нақты жүргізілген кәбілдің әрбір түрінің ұзындықтары (км) мен бекітілген тарифтің (1 арна/км үшін) көбейтіндісінің қосындысы түрінде айқындалады.

      2. Жалға берілетін арналардың жалпы ұзындығы, _____________ км.

      3. Бір айға жалдау ақысының сомасы – _______ х _______= _________ теңге.

Жалға беруші
___________________________
________________
20__ жылғы "___" __________

Жалға алушы
_______________________
_____________
20__ жылғы "___" __________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады