"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19139 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 597 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
24 ақпандағы
№ 197 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-25) тармақшасына, сондай-ақ 48-бабына және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – ИКАО).

      2. Осы Қағидалар азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау, сертификат беру тәртібін, сондай-ақ авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі шетелдік ұйымдардың сертификаттарын тану тәртібін айқындайды.

      3. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі – сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа адамға берілмейді.

      Заңды тұлғаларға қолданыстағы сертификаттың болуынсыз азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге рұқсат етілмейді.

      4. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты қолданылу аясы мен жарамдылық мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі. Қолданылу мерзімі өткен соң сертификат жарамсыз деп есептеледі.

      5. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды (бұдан әрі – сертификаттау) және сертификат беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      6. Осы қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиация инспекторы – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғасы;

      2) авиациялық техника – авиациялық техникалық құралдардың жиынтығы (әуе кемелері, олардың борт жабдықтары және агрегаттары, қозғалтқыштары, құтқарудың авиациялық құралдары, тренажерлер жиынтығы (ұшу симуляторлары), әуе қозғалысын басқарудың жинақтаушы бұйымдары, техникалық құралдары, қондыру мен байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындауға арналған жалпы және арнайы қолдануды жерүсті қамтамасыз ету құралдары, әуе қозғалысын және жерүсті ұшуларды басқаруды ұйымдастыру;

      3) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сертификаты (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж бойынша сертификаты) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

      4) авиациялық техниканы жөндеу – авиациялық техниканың жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

      5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      6) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқау –авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның құрылымы және орындалатын жұмыстардың аясы, өндірістік база, техникалық қызмет көрсету рәсімдері мен сапаны қамтамасыз ету жүйелеріндегі оның басшылығының міндеттері туралы толық ақпарат қамтылған құжат;

      7) сапа жүйесі – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасына әкімшілік басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылымның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;

      8) техникалық қызмет көрсету – бақылау қалпына келтіру жұмыстарын, жекелеп, сонымен қатар бірге орындалатын тексеруді, ауыстыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ түрлендіруді іс жүзінде жүзеге асыру;

      9) ұшу жарамдылығы – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін оның техникалық жай-күйі;

      10) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі – қажетті ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік сатылығын, басшылық ететін қағидаттар мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі көзқарас (ИКАО Чикаго конвенциясына 6-қосымшаның 1-тарауы).

      7. Сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.

2-тарау. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сертификаттауды жүргізу және сертификатын беру тәртібі

      8. Өтінім беруші сертификаттаудан өту үшін электрондық үкімет порталы арқылы уәкілетті ұйымға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу (бұдан әрі - АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтінім (бұдан әрі - Өтінім) береді:

      1) жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін);

      2) ұйым қызметінің аясын кеңейту қажет болған жағдайда.

      Өтінімге осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымының сертификатын алуға арналған өтінімге қоса берілген құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      9. Сертификаттау мерзімі өтінім уәкілетті ұйымға келіп түскен күнінен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайды. Авиация инспекторларымен қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарланады.

      10. Уәкілетті ұйым өтініммен Тізбенің осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде тексереді, оның қорытынды бойынша:

      1) сәйкес болған жағдайда өтінім берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымының сертификатын алуға өтінім бойынша Шешімін (бұдан әрі – Шешім) жібереді;

      2) сәйкес болмаған жағдайда өтінім берушіге пысықтау үшін себебін көрсете отырып құжаттарды қайтарады.

      11. Сертификаттық зерттеп-қарауды авиация инспекторлары жүзеге асырады, олардың міндеттеріне әуе кемелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұшу жарамдылығын ұстау мәселелері кіреді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      12. Сертификаттық зерттеп-қарау осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым қызметінің мәлімделген салаларына және ұйымның сипаттамаларына қарай жүргізіледі.

      Сертификаттық зерттеп-қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес әзірленген авиациялық инспекторлары үшін нұсқамалық материалды пайдалана отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы жүзеге асырады.

      13. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде ұйымдардың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12045 болып тіркелген) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымдарына қойылатын сертификаттық талаптарға (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін тексеру рәсімдері іске асырылады.

      14. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік авиация инспекторлары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім беруші объектілерінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және сертификатты беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетілген сертификаттық зерттеп-қарау актісін жасайды, оған соңында авиация инспекторлары қол қояды және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сәйкессіздіктер үш санатқа бөлінеді:

      1) 1-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі;

      2) 2-санат – уәкілетті ұйымымен келісілген немесе шектеулерді енгізген мерзімде оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі;

      3) 3-санат – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі.

      15. 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтінім берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне қарай, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтінім берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым сертификат беруден бас тартады не өтінім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың қолданысын шектейді.

      16. 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтінім беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға ұсынады;

      2) өтінім беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.

      Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өтінім беруші өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым оны ұзартады.

      17. Уәкілетті ұйым өтінім берушінің түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.

      Егер өтінім беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе уәкілетті ұйым белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және уәкілетті ұйым сертификатты беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатты кері қайтарып алады.

      1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      18. Уәкілетті ұйым сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сәйкессіздіктер санатына байланысты сертификат береді, олар сертификаттық зерттеп-қарау актісінің қорытындысында көрсетіледі.

      Сертификаттық зерттеп-қарау актісінде тиісті қорытынды сертификатты берудің немесе беруден бас тартудың негізі болып табылады.

      19. Сертификатты беру немесе беруден бас тартуды уәкілетті ұйым сертификаттық зерттеп-қарау актісін ресімдеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде жүргізеді.

      Сертификатты беруден бас тарту кезінде өтінім берушіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде бас тартудың себебін көрсете отырып дәлелді жазбаша жауапты жібереді.

      Өтінім беруші келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сертификатты беруде бас тартуға шағымдануы мүмкін. 20. Сертификатты беруден бас тарту мынадай жағдайларда, егер:

      1) осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген анықталған сәйкессіздік;

      2) өтінім берушіге қатысты оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын соттың шешімі бар болған;

      3) сертификатты және (немесе) онда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтінім беруші ұсынған құжаттардың анық еместігін белгіленген;

      4) осы Қағидаларда белгіленген талаптарға өтінім беруші және (немесе) сертификат беруге қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер сәйкес келмеген;

      5) өтінім берушіге қатысты қызметке немесе сертификат алуды талап ететін қызметтің жекеленген түрлеріне тыйым салу туралы соттың шешімі (үкімі) заңды күшіне енген жағдайда жүргізіледі.

3-тарау. Азаматтық авиацияның авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу сертификатының қолданылуын тоқтату және кері қайтару

      21. Уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда:

      1) ұйымның сертификаттық талаптар мен шектеулерді сақтамауы;

      2) ұйымның "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 551 бұйрығын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11573 болып тіркелген) сақтамауы;

      3) Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес немесе инспекциялық тексеру кезінде белгіленген ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бірінші деңгейдегі бұзушылықтар анықталған;

      4) ұйымның жазбаша өтінімі болған жағдайда сертификаттың қолдануын тоқтатады.

      22. Сертификаттың қолданысын тоқтатқан немесе қайтарып алған жағдайда уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде қабылданған шешім туралы ұйымға хабарлайды.

      23. Егер ұйым түзету іс-қимылдарының жоспарымен белгіленген мерзімдер сертификаттың қолданылуын тоқтатуға әкелетін сәйкессіздіктерді және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайда уәкілетті ұйым оны қайтарып алады. Ұйым сертификатты кері қайтару кезінде хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берілген) оның түпнұсқасын қайтарады.

      24. Сертификаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда оны жаңарту ұйым құжаттаманы растайтын қосымшамен бірге, жоспармен белгіленген мерзімде түзету іс-қимылдарының жоспарын орындағаннан кейін жүзеге асырады.

      Ұйымның түзету іс-қимылдары туралы жоспарын орындауын уәкілетті ұйым тексеру арқылы белгілейді.

      25. Уәкілетті ұйым тексеруді аяқтаған сәтінен бастап ұйымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде сертификаттың қолданысын жаңарту немесе жаңартудан бас тарту бойынша шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

4-тарау. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі

      26. Сертификатқа өзгерістер енгізу үшін ұйым уәкілетті ұйымға бұрын берілген сертификаттың қосымшасымен еркін нысанда өтінім ді уәкілетті ұйымға береді.

      Бұрын берілген сертификат оны жою тәсілін көрсете отырып еркін нысанда жою актісіне сәйкес жойылуға жатады.

      27. Сертификатқа өзгеріс пен (немесе) толықтыру мынадай:

      1) ұйымның атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген;

      2) сертификаттың қолданылу аясы кеңейген жағдайларда енгізіледі.

      28. Сертификатқа өзгерістер енгізу мерзімі:

      1) ұйымның атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайларда – бес жұмыс күн ішінде;

      2) сертификаттың қолданылу аясын кеңейту жағдайларында – жиырма екі жұмыс күні ішінде.

      29. Сертификаттың қолданылу аясын кеңейту кезінде ұйым уәкілетті ұйымға Тізбеге сәйкес құжаттармен өтінім жібереді.

5-тарау. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі шетелдік ұйымдардың сертификаттарын тану

      30. Шетелдік мемлекеттердің авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) уәкілетті ұйымның олардың сертификаттарын танығаннан кейін техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жұмыстарына рұқсат етіледі.

      Тіркеуі Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылған, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуді жүзеге асыруға ниетті шетелдік ұйымдардың сертификаттары тануға жатады.

      31. Шетелдік ұйымдардың сертификаттарын тану тәртібі шетелдік ұйымдарға, егер сертификат берілген талаптар ИКАО талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасында қолданыстағы сертификаттау талаптарына сәйкес келген жағдайда қолданылады.

      32. Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын тануды (бұдан әрі – сертификатты тану) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын тану туралы шешім түрінде (бұдан әрі – Сертификатты тану туралы шешім) уәкілетті ұйым ресімдейді, онда шетелдік ұйым көрсетіледі, онда сертификат танылады және Сертификатты тану туралы шешімнің қолданылу мерзімін белгілейді.

      33. Шетелдік ұйымдарың сертификаты уәкілетті ұйымымен оны қолданудың барлық мерзімінде танылады.

      34. Сертификатты тану туралы шешімді алу үшін өтінім беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын тануға өтінім жібереді.

      Өтінім ге қоса берілетін мынадай құжаттар:

      1) шетелдік ұйымдар сертификатының көшірмесі;

      2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуді ұйымдастыру рәсімдері жөніндегі нұсқау.

      35. Ұсынылған құжаттарды қарау процесінде уәкілетті ұйым осы ұйымды сертификаттауды жүзеге асырған шет мемлекеттің авиациялық әкімшілігі берген шетелдік ұйым сертификатының жарамдылығына көз жеткізеді, сондай-ақ шетелдік ұйымның азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның комиссиясы оның сертификаттық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан көшпелі тексеру жүргізеді.

      Шетелдік ұйымдарды көшпелі тексеру мынадай жағдайларда талап етілмейді:

      1) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің желілік (жедел) нысандарын жүргізу;

      2) әуе кемелерінің, олардың қозғалтқыштарының және қосалқы көмек қондырғылары жекелеген компоненттеріне қызмет көрсету, түрлендіру және жөндеу;

      3) ұшу массасы 5700 килограмнан кем жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

      36. Шетелдік ұйымдардың сертификатын тану Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ИКАО талаптары мен стандарттарына сәйкес әзірленген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, шетелдік ұйымның мәлімделген қызмет саласына қатысты жүзеге асырылады.

      37. Сертификатты тану және сертификатты тану туралы шешімді беру рәсімдерінің жалпы мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнін құрайды.

      Қажетті ақпаратты зерделеу, тексеру немесе алу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда өтінімді қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы тануға өтінімді беруші қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлайды.

      38. Сертификатты тану туралы шешім ұсынылған құжаттардың негізінде беріледі. Уәкілетті ұйым тануға өтінімді алған сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні мерзімінде Сертификатты тану туралы шешімді беру немесе дәлелді бас тартуды жүзеге асырады.

      39. Уәкілетті ұйым мынадай:

      1) сертификатты және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) тану туралы шешімді алу үшін өтінім берушінің ұсынған құжаттардың анық еместігін белгіленген;

      2) өтінім берушінің және (немесе) Сертификатты тану туралы шешімді беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен немесе сертификаттық талаптармен белгіленген талаптарға сәйкессіздігі жағдайларында өтінім берушіге Сертификатты тану туралы шешімді беруден бас тартады.

      40. Сертификатты тану туралы шешім бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда көрсетілген құжаттың қолданысы тоқтатылады. Сертификатты тану туралы шешімнің телнұсқасын алу үшін өтінім беруші уәкілетті ұйымға еркін нысанда өтінім жібереді.

      41. Уәкілетті ұйым өтінімді алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде Сертификатты тану туралы шешімнің телнұсқасын өтінім берушіге береді, онда оң жақ жоғары бұрышында "Телнұсқа" деген белгісі қойылады.

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы

Наименование уполномоченной организацией в сфере гражданской авиации Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес

Name of Civil Aviation Authority Organization Republic of Kazakhstan Address, telefone, e-mail, the Internet address

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты Сертификат организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники Certificate of Aircraft Maintenance Organization № ______

20__ жылғы "__" _____берілді.
Выдан "__" ___ 20__ г.
Date of ussue "__" ___ 20__

Қолданылу мерзімі 20__жылғы "__"
___ дейін
Срок действия до "__" __ 20__ г.
Valid till "__" __ 20__

Ұйымның атауы:
Наименование организации:
Name of Organization:


Заңды мекенжайы:
Юридический адрес:
Legal address:


Өндірістік қызмет орны:
Место производственной деятельности:
Place of production:


      Осы Сертификат авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым сертификаттау талаптарына және техникалық қызмет көрсететін ұйымның қызметі жөніндегі нұсқауына сәйкес келетінін куәландырады.

      Сертификатты Сертификаттық зерттеп-қарау актісінің негізінде

      20____жылғы "___" _________ №_______

      _____________________________________________ берді.

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы)

      Инспекциялық бақылауды______________________________ жүзеге асырады.

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы)

      Настоящий сертификат удостоверяет, что организация по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники соответствует сертификационным требованиям и соблюдает процедуры Руководства по процедурам организации технического обслуживания и ремонту авиационной техники.

      Сертификат выдан на основании акта сертификационного обследования

      ________________________________________ от "__"______ 20__ г. № ___

      (наименование уполномоченного органа в сфере гражданской авиации)

      Инспекционный контроль осуществляет

      ___________________________________________________________________

      (наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации)

      This certificate confirms that the organization for maintenance and repair of aircraft meets the certification requirements and follows the procedures Manual for the procedures for the organization of maintenance and repair of the aviation equipment.

      The certificate was issued in accordance with inspection act

      examination_____________________________ Date of ussue "__" ___ 20__

      (Name of Civil Aviation Authority Organization Republic of Kazakhstan)

      Inspection control exercises____________________________________________________

                  (Name of Civil Aviation Authority Organization Republic of Kazakhstan)

      Уәкілетті ұйымның қызметшісі тұлғасы немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы

      Служащии уполномоченной организации либо лица, им уполномоченного

      Employee authorized organization or Employee authorized by him

  Авиациялық техникаға
техникалық қызмет
көрсету және оны жөндеу
жөніндегі ұйымның
сертификатына қосымша
  № _______

Сертификаттың қолданылу аясы

Класс

Рұқсат

Шектеулер

Кезеңдік техникалық жұмыстар

Жеделтехникалық жұмыстары

Санаты

Авиациялық техниканың үлгісі немесе жұмыс түрі

Әуе кемелері






Авиациялық қозғалтқыштар




Авиациялық марштық қозғалтқышты және жиынтықта қосалқы күш қондырғысынан басқа құрастырылған компоненттер

Американың Әуе көлігі қауымдастығының коды

Арнайы жұмыс түрлері




      Сертификаттың қолданылу аясы бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқауға сәйкес техникалық қызмет көрсету бойынша орындалатын жұмыстардың көлемдеріне шектеулі.

      Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқау

      Сілтеме нөмірі

      Өзгеріс енгізу күні мен нөмірі

      Уәкілетті ұйымның қызметшісі не ол уәкілеттік берген тұлға

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін ұйымның сертификатын алуға/тануға арналған өтінім

      1. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атауы ________________________

      2. Ұйымның тіркелген орны және тіркеу нөмірі (шифры)

      ________________________________________________________________

      3. Өндірістік базаның орналасқан жері:_______________________________

      4. Пошталық мекенжайы___________________________________________

      5. Телефон_______________________________________________________

      6. Телеграф______________________________________________________

      7. Факс___________________________________________________________

      8. Есеп шоты_____________________________________________________

      9. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)________________________________

      10. Электрондық мекенжайы________________________________________

      11. Өтінім беру себебі (керегінің астын сызу):

      АТ ТҚ және Ж жөніндегі жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған бастапқы өтінім;

      АТ ТҚ және Ж жөніндегі бойынша жұмыстар түрлерінің (кешендерінің) тізбесін толықтыру;

      авиациялық техника үлгілерінің тізбесін толықтыру;

      кезекті мерзімге арналған сертификаттау;

      АТ ТҚ және Ж жөніндегі жөніндегі ұйымның сертификатын кері қайтарып

      алғаннан/күшін жойғаннан кейінгі сертификаттау;

      АТ ТҚ және Ж жөніндегі жөніндегі ұйымның негізгі деректерін өзгерту;

      басқа да себептер (көрсету).

      12. Өтінімнің мазмұны

      Мен, төменде қол қойған, _________________________________________

                  (ұйым басшысының Тегі Аты Әкесінің аты(болған жағдайда) )

      ______________________(күні)____________________________ бекітілген

      (тіркелген)

      Жарғының (Ереженің) негізінде әрекет ететін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды мынадай авиациялық техникада төменде көрсетілген қызмет түрін орындау құқығына сертификаттау жүргізуді сұраймын:

Класс

Рұқсат

Шектеулер

Кезеңдік техникалық жұмыстар

Жедел техникалық жұмыстары

Санаты

Авиациялық техниканың үлгісі немесе жұмыс түрі

Әуе кемелері






Авиациялық қозғалтқыштар




Авиациялық марштық қозғалтқышты және жиынтықта қосалқы күш қондырғысынан басқа құрастырылған компоненттер

Американың Әуе көлігі қауымдастығының коды

Арнайы жұмыс түрлері




      13. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын мойындайды және орындауға міндеттенеді.

      14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты басшылық құрамы:

Лауазымы

Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)

Қолы

АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы



Сапаны бақылау (кепілдік) жөніндегі бөлімшенің басшысы



  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі

      1. Ұйым қызметінің түрлерін көрсете отырып, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның жарғысының үзіндісі.

      2. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқау.

      3. Авиациялық техникаға нысан бойынша техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның осы құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес басшы құрамы туралы мәліметтер.

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымның сертификатын алуға
арналған өтінімге қоса берілетін
құжаттардың тізбесіне
қосымша
  Нысан

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтер

      1. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бағаны

      Басқару персоналын көрсету:



Басшы


Инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы ( АӘК пайдаланушысы үшін)


Сапаны бақылау басшысы

      2. Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда):

      3. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның лауазымы:

      4. Азаматтық авиация саласындағы біліктілік:

      5. Азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі:

      6. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның атауы:

      7. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының нөмірі:

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Азаматтық авиацияның техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу (АТ ТҚ және Ж) ұйымының сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім 20___жылғы "____"__________ №_____

      _________________________________________________________________

                        (АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атауы)

      ___________________________________________ сертификаттау жүргізуге ұсынылған

      (АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атауы)

      "____" __________________ №________________

      ________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      өтінімін қарап, хабарлаймыз:

      1. Сіздер ұсынған құжаттар азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық

      актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (сәйкес келмеген

      жағдайда сәйкес келмеген тармағы көрсетіледі) ________________________________

      _________________________________________________________________

      2. Сертификаттық зерттеп-қарау __________________ кезеңінде жүргізіледі.

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның қызметшісі

      немесе ол уәкілеттік берген тұлға

      мөр орны (бар болған жағдайда)                         ______________________

                                                            (қолы, Тегі Аты Әкесінің аты)

      20___жылғы "___"______

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
5-қосымша

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның қызмет аясы

Класс

Рұқсат

Шектеулер

Кезеңдік техникалық қызмет көрсету

Жедел техникалық қызмет көрсету

Санаты

Авиациялық техниканың үлгісі немесе жұмыс түрі

Әуе кемелері

А1

5700 кг астам ұшатан ұшақтар

Әуе кемесінің үлгісі немесе тобы, әзірлеушілері, отбасылығы және/ немесе орындалатын техникалық қызмет көрсету түрлері көрсетіледі



А2

Массасы 5700 кг аспайтын ұшатан ұшақтар



А3

Тікұшақтар



А4

А1, А2 және А3санаттарына қатысы жоқ әуе кемелері



Авиациялық қозғалтқыштар

В1

Газтурбиналық қозғалтқыштар (ГТҚ)

Газтурбиналық қозғалтқыштардың үлгісі немесе тобы, әзірлеушілері, отбасылығы және/немесе орындалатын техникалық қызмет көрсету түрлері көрсетіледі

В2

Поршеньді қозғалтқыштар (ПҚ)

Поршеньді қозғалтқыштардың үлгісі немесе тобы, әзірлеушілері, отбасылығы және/немесе орындалатын техникалық қызмет көрсету түрлері көрсетіледі

В2

Қосалқы күш қондырғылары (ҚКҚ)

Қосалқы күш қондарығылары үлгісі немесе тобы, әзірлеушілері, отбасылығы және/ немесе орындалатын техникалық қызмет көрсету түрлері көрсетіледі

Авиациялық марштық қозғалтқышты және жиынтықта қосалқы күш қондырғысынан басқа құрастырылған құрауыштар

Американың Әуе көлігі қауымдастығының коды


С1

Кабинадағы ауа қысымын баптау және реттеу жүйесі

Әуе кемесінің үлгісін және\немесе құрауышын әзірлеушілері, не нақты құрауыштары және\немесе тоғысқан сілтемелер рәсімдер және\немесе орындалатын техникалық қызмет көрсету түрлері бойынша нұсқаудағы өндірістік мүмкіндіктердің тізбесімен көрсетіледі

021


С2

Автопилоттар

022


С3

Байланыс және навигация жабдығы

023, 034


С4

Есіктер мен люктер

052


С5

Электр жабдықтау жүйесі

024


С6

Тұрмыстық және арнайы жабдық

025, 038, 045


С7

Қозғалтқыш және қосалқы күш қондырғыларының жүйесі

049, 071 бастап 083 бойынша


С8

Әуе кемесін басқару жүйесі

027, 055, 057.40 бастап 057.70 бойынша


С9

Отын жүйесі - планер

028


С10

Тікұшақтардың тасушы бұрамалары

062, 064, 066, 067


С11

Тікұшақтардың трансмиссиялары

063, 065


С12

Гидрожүйелер

029


С13

Құрал жабдықтар

031


С14

Шассийлер

032


С15

Оттегі жабдығы

035


С16

Әуе бұрамалары

061


С17

Пневможүйесі

036, 037


С18

Мұздануға қарсы және өртке қарсы

026, 030


С19

Терезелер

056


С20

Планер конструкциясы

053, 054, 057.10, 057.20, 57.30

Арнайы жұмыс түрлері

D1

Бұзбайтын бақылау

Нақты жұмыстар немесе жұмыс түрлері және қызметтер көрсетіледі.

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Сертификаттық зерттеп-қарау актісі

      _________қаласы_____________________________________20___жылғы "___"

      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы)

      20___жылғы "___" _____ № __ бұйрығына сәйкес

      ____________________________________________________________________

                                    (ұйымның атауы)

      Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж)

      жөніндегі ұйымды сертификаттық зерттеп-қарау жүргізді.

      Нақты күйі:__________________________________________________

      Тұжырым:___________________________________________________

      Ұсыныс: ______________________________________________________

      Қорытынды мәтіні:_______________________

      ____________________________________________________________

      Авиациялық инспектор:_______________________________________

      ____________________________

      Актімен таныстым:

      АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым басшысы             _________________ ______________

                                          (қолы) Тегі Аты Әкесінің аты (болған жағдайда)

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Түзету іс-қимылдарының жоспары

Тармақ

Нормативтік құқықтық актілерге талаптар

Сәйкессіздік

Жою мерзімі

Түзету іс-қимылы

Құжаттар

Жабу күні

Ескертпе: тексерілетін авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның пікірлері мен жауаптары үшін сұр бояуы бар колонка жасалды.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйының лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілеттік берген тұлғасы үшін баған :
Сәйкессіздіктерді жабу бойынша шешім қабылдау
Пікірлер


Қолы:


Күні:


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):


 

  Азаматтық авиацияның
авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі
ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны, e-mail, Интернет мекенжайы Наименование уполномоченной организации в сфере гражданской авиации Республики Казахстан, адрес, телефон, e-mail, Интернет адрес Name of Civil Aviation Authorized organization Republic of Kazakhstan Address, telefone, e-mail, the Internet address Сертификаттың жарамдылығын тану туралы рұқсаты Решение о признании действительным Сертификата Decision to Recognize a valid Certificate

      _______________________________________ Берілді

      Выдано

      Issued ___________________________________________

      Қазақстан Pecпубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және Қазақстан Республикасының сертификаттық талаптарының парапарлығы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен_____________________________________

      берілгенді жарамды деп таниды.

      Согласно действующему законодательству Республики Казахстан и на

      основании адекватности сертификационных требований Республики

      Казахстан уполномоченной организации в сфере гражданской авиации Республики Казахстан

      Признает действительным выданный___________________________

      According to the current legislation of the Republic of Kazakhstan and based on certification requirements of the Republic of Kazakhstan Recognizes the valid issued

      ___________________________________________________________

      Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу бойынша шетелдік ұйымдардың сертификаты.

      Сертификат иностранных организаций по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники.

      Certificate of foreign organization for maintenance and repair of aviation equipment.

      Берілген мерзімі: 20__ж. _______________

      на период: до ____________________ 20__ г.

      for a period of _______________20

      Рұқсаттың жарамдылығы 20__ж._______________

      Решение действителен до ________________ 20__ г.

      The conclusion is valid up to ______________20__

      мөр орны (бар болған жағдайда)

      Уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе ол уәкілеттік берген тұлғасы

      место печати (при наличии)

      Служащий уполномоченной организации либо лица, им уполномоченного

      Stamp(in the presence) Employee authorized organization or Employee authorized by him

      Берілген күні______________

      Дата выдачи ___________________

      Date of ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады