"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 31 шілдедегі № 183/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19148 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;

      2) ақпараттандыру объектілерін интеграциялауды техникалық іске асыру – ақпараттық өзара іс-қимыл қатысушыларының интеграциясын қамтамасыз ету үшін жүргізілетін техникалық жұмыстар кешені, сондай-ақ интеграциялық сервисті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша тестілеу мен жұмыстар;

      3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-қимылды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      4-1) ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, оның бойында ақпараттандыру объектісін техникалық және нормативтік-техникалық құжаттамада баяндалған мақсаттарға, міндеттер мен талаптарға сәйкес штаттық режимде пайдалану жүзеге асырылады;

      4-2) ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану – оның жұмыс істеуінің кемшіліктерін анықтау және жою және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін пилоттық аймақта ақпараттандыру объектісін пайдалану;

      5) ақпараттандыру объектісінің бизнес-деректері – ЭҮШ тарапында тексерілмейтін блок ретінде ЭҮШ форматының хабарламасы құрамына кіретін, ақпараттандыру объектісі иесінің және интеграциялық сервис бастамашысының өзара іс-қимыл деректері;

      6) ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы – Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

      7) веб-сервистердің қауіпсіздігі (Web Service Security) (бұдан әрі – WS Security) – SOAP веб-сервистері арасында хабарламалармен алмасу кезінде қауіпсіздік функцияларын қолдану стандарты;

      8) Деффи-Хеллман хаттамасы – тыңдаудан қорғалмаған байланыс арналарында бірнеше жария және жекеменшік кілттерді пайдалана отырып, екі және одан да көп тарапқа алдын ала келісілген жалпы құпия кілтпен алмасуға мүмкіндік беретін криптографикалық хаттама;

      9) жеке IP-мекенжайы – оқшауланған компьютерлік желідегі тораптың ішкі бірегей желілік мекенжайы;

      10) жария IP-мекенжайы – интернет желіде бағытталған бірегей желілік мекенжай;

      11) интеграциялық сервистің бастамашысы – интеграциялық сервисті беруге арналған сұранысқа бастамашылық етуші ақпараттандыру объектісінің иесі;

      12) интеграциялық сервис – ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылының тәсілі;

      13) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы мәліметтерді сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;

      14) көліктік қолтаңба – АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде WS Security ерекшелігін қолдана отырып жіберілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      15) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

      16) логтау журналы – жүйенің жұмысын мониторингілеу және жаңылысу орын алған жағдайда оның пайда болу себебін анықтау үшін пайдаланылатын жүйенің жұмысы туралы ақпаратты қамтитын файлдар;

      17) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің оқшауланған (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;

      18) объектілерге қол жеткізудің қарапайым хаттамасы (Simple Object Access Protocol) (бұдан әрі – SOAP) – АЖ интеграциясы кезінде хабарламалар тасымалдау үшін XML негізделген хаттама;

      19) сервистер тізілімі – сервис сипаттамасы бар, "электрондық үкімет" шлюзінде және "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінде тіркелген сервистер тізбесі;

      20) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен айқындалатын заңды тұлға;

      21) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

      22) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;

      23) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдарды бағдарламалық қамтамасыз ету, мемлекеттік органның интернет–ресурсы, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнім, бағдарламалық қамтылым және өзге де тұлғалардың ақпараттық жүйелері;

      24) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – МО БКО-да тұрған АЖ-нің МО БҚО-дан тыс тұрған АЖ-мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі;

      25) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын АЖ;

      26) электрондық хабарлама – ақпараттандыру объектілері арасында ақпарат алмасуға арналған XML форматындағы электрондық құжат;

      27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      28) AH инкапсуляциясы (Authentication Header) – VPN туннелінде көрші түйінмен аутентификациялауға және берілетін деректерді шифрламай тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін біріздендірілетін тақырыптың инкапсуляциясы. IP тақырып хаттама алаңындағы мәні 51 порт UDP тең;

      29) ESP (Encapsulation Security Payload) – пайдалы жүктемені және дереккөздің IP-тақырыбы мен мақсатын қамтитын VPN-арнасы арқылы берілетін, барлық кадрды шифрлауға мүмкіндік беретін, қорғалған деректердің инкапсуляциясы. IP тақырып хаттама алаңындағы мәні 50 порт UDP тең;

      30) IP (Internet Protocol) – цифрлық түрде ұсынылған деректерді берудің желілік моделі;

      31) SSL-сертификаты (Secure Sockets Layer) – біріздендіру рәсімін қамтамасыз ету үшін интернет ресурспен немесе АЖ-мен пайдалануға арналған тіркеу куәлігі;

      32) TCP (Transmission Control Protocol) – деректерді беруді басқаруға арналған, Интернет деректерін берудегі негізгі хаттамалардың бірі;

      33) UDP (User Datagram Protocol) – Интернетке арналған желілік хаттамалар жиынтығы, TCP/IP кілттік элементтерінің бірі, қолданбалы датаграммалар хаттамасы;

      34) URL (Uniform Resource Locator) – ресурстың біркелкі локаторы (орналасқан жерін анықтау), ақпараттандыру объектісі сервисінің мекенжайын көрсетеді;

      35) Virtual Private Network (далее – VPN) – екі тораптың ақпарат алмасуына арналған виртуалды жекеменшік желі.

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ақпараттандыру объектілерін ЭҮШ, ЭҮСШ, ЭҮТШ-пен интеграциялау жөніндегі іс-шаралар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) интеграциялық сервистің бастамашысы сервистік интеграторға ақпараттандыру объектілерін интеграциялау мүмкіндігін қарастыруға өтінім (бұдан әрі – өтінім) жібереді;

      2) сервистік интегратор өтінімді алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген мемлекеттік органдардың архитектураларын талдауды есепке ала отырып, ақпараттандыру объектілерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарға, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17046 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ сервистер тізілімінде ұқсас сервистердің бар-жоғына талдау жүргізеді және интеграциялық сервистің бастамашысына ЭҮШ, ЭҮСШ, ЭҮТШ-мен интеграциялауға ұсынымдар береді;

      3) сервистік интегратордан оң ұсыныс алған жағдайда, интеграциялық сервистің бастамашысы сервистік интегратордың ұсынымдары қоса берілген ақпараттандыру объектілерін интеграциялауды іске асыру бойынша келісімді (бұдан әрі – келісім) ақпараттандыру объектісі иесінің мекенжайына қол қоюға жібереді.

      Келісімде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген деректер форматтарын есепке ала отырып, интеграциялаудың іске асырылуы, "Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі" ақпараттандыру объектісімен интеграциялау жағдайында осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген форматтарды ескере отырып қосымша көрсетіледі, сондай-ақ оператордан сұралатын ЭҮШ, ЭҮСШ арқылы берілетін хабарламалардың және интеграциялық сервис бойынша ақпаратты (негіздеме, интеграциялау шарты) тарату және сенімділік талаптары көрсетіледі;

      4) ақпараттандыру объектісінің иесі интеграциялық сервис бастамашысынан келісімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келісімге қол қояды не себебін көрсете отырып оған қол қоюдан бас тартады.

      Мемлекеттік емес АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы ғана мемлекеттік органның АЖ-мен интеграцияланады.

      Келісімге қол қою кезінде сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуы ескеріледі.

      5) келісімге қол қойылған жағдайда, ақпараттандыру объектісінің иесі уәкілетті органның мекенжайына ЭҮШ-те сервисті жариялауға өтінімді төмендегілермен қоса (тестілік және өнеркәсіптік орта көрсетіледі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді:

      Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген АЖ-ның ашық кілті, SSL сертификаты (беру актісі);

      МО БКО контурындағы өзара іс-қимыл кезінде МО БКО электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыруға өтінім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (тестілік немесе өнеркәсіптік орта көрсетіледі) қосымша беріледі.

      Интернет контурындағы өзара іс-қимыл кезінде (ЭҮСШ арқылы интеграцияланатын МО БҚО-дан тыс АЖ үшін) VPN-туннелін құру үшін VPN-нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (тестілік немесе өнеркәсіптік орта көрсетіледі) нысан бойынша қосымша беріледі.

      Сервис ЭҮШ-де жарияланып қойған жағдайда, ақпараттандыру объектілерін интеграциялауды іске асыру осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларына сәйкес іске асырылады.

      6) интеграциялық сервистің бастамашысы ЭҮШ-де жарияланған сервисті пайдалану үшін ЭҮШ-пен ақпараттандыру объектісін интеграциялауға (тестілік және өнеркәсіптік орта көрсетіледі) арналған өтінімді төмендегілермен қоса осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді уәкілетті органның мекенжайына:

      ақпараттандыру объектісінің иесімен интеграцияға келісімді;

      ақпараттандыру объектілерін интеграциялау бойынша сервистік интегратордың ұсынымдарын;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген ашық кілттің SSL сертификатын (беру актісімен) қоса беріп жібереді;

      МО БКО контурында өзара іс-қимыл кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МО БКО-да ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді ұйымдастыруға қосымша өтінім беріледі (тестілік немесе өнеркәсіптік орта көрсетіледі);

      Интернет контурында өзара іс-қимыл кезінде (ЭҮӨШ арқылы интеграцияланатын МО БКО-дан тыс АЖ үшін) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша VPN-туннель құру үшін қосымша нысан ұсынылады (тестілік немесе өнеркәсіптік орта көрсетіледі);

      мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ-ның ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстардың шарттары;

      7) уәкілетті орган ақпараттандыру объектісі иесінің және интеграциялық сервис бастамашысының жоғарыда көрсетілген материалдарын операторға интеграциялық сервисті техникалық іске асыру бойынша қажетті іс-шаралар жүргізу үшін жібереді;

      Оператор уәкілетті органнан материалдарды алған сәттен бастап интеграциялық сервисті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу сәтіне дейін (интеграциялық сервис бастамашысы және ақпараттандыру объектісі иесінің дайын болуына байланысты) 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген өтінімдерді орындайды;

      8) интеграциялық сервистің жұмысын тестілеуді бастау үшін оператор ақпараттандыру объектілері және олардың пайдаланушылары туралы деректерді сервистер тізіліміне тіркейді.

      Сервистік интеграторға сервистер тізіліміне рұқсат беріледі;

      9) ақпараттандыру объектісі иесінің, интеграциялық сервистің бастамашысы тарапынан интеграциялық сервисті әзірлеушілер ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау бойынша тестілеу жүргізу үшін ақпараттандыру объектілеріне өзгерістер енгізеді;

      10) ақпараттандыру объектісі иесінің, интеграциялық сервистің бастамашысы тарапынан интеграциялық сервисті әзірлеушілермен және оператормен бірге келіскен мерзімде интеграциялық сервиске тестілеу жүргізіледі;

      11) интеграциялық сервисті тестілеуден сәтті өткізген жағдайда, оператор, уәкілетті орган, интеграциялық сервистің бастамашысы және ақпараттандыру объектісінің иесі арасында тестілеудің сәтті өткендігі және интеграциялық сервисті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу мерзімі көрсетілген интеграциялық сервисті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы құжат (акт) жасалады;

      12) оператор ЭҮШ, ЭҮСШ, ЭҮТШ-те қажетті техникалық жұмыстарды жүргізгеннен кейін қол қойылған акті негізінде интеграциялық сервис өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі (интеграциялық сервисті "жұмыс" ортасына ауыстыру).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер төлемдердің егжей-тегжейі туралы ақпарат алмасу жүзеге асырылған жағдайда, ақпараттандыру объектісі ЭҮШ арқылы ЭҮТШ-мен интеграцияланады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ақпараттандыру объектісінің жұмысындағы технологиялық үзілістер оларды жүргізу басталардан үш жұмыс күні бұрын ақпараттандыру объектісінің иесімен, интеграциялық сервис бастамашысымен және оператормен алдын ала ескеріледі және келісіледі (үнсіз келісім бойынша технологиялық үзілістер түнгі уақытта сағат 21:00-ден бастап 6:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндеріне сәйкес келуі тиіс).";

      13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Техникалық қажеттілік болған жағдайда, оператор және/немесе ақпараттандыру объектісінің иесі, интеграциялық сервистің бастамашысы жүйені қайта жүктейді, ол туралы басқа ақпараттандыру объектілерінің әкімшілерін қолжетімділіктің болмау уақытын көрсете отырып, телефонограмма түрінде немесе электрондық пошта арқылы хабардар етеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Оператор, ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша техникалық қателер бар болған жағдайда, ақпараттандыру объектісінің иесіне, интеграциялық сервисті іске асыру бастамашысына техникалық қателерді түзету қажеттілігі туралы хабарлайды.

      Егер ақпараттандыру объектісінің иесі, интеграциялық сервисті іске асыру бастамашысы ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша техникалық қателерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдамаған жағдайда, оператор техникалық қателіктер туындауы туралы ақпараттандыру объектісінің иесіне және интеграциялық сервисті іске асыру бастамашысына хабарлаған сәттен бастап бір ай өткен соң интеграциялық сервисті іске асырудың қатысушыларына алдын ала хабарлай отырып, техникалық қателіктерді жойған сәтке дейін ақпараттандыру объектісі иесінің интеграциялық сервисін өшіреді немесе интеграциялық сервисті іске асыру бастамашысын қосуды тоқтата тұрады.";

      5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі
А. Жұмағалиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 183/НҚ бұйрығына
1-қосымша
  "Электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілерін
интеграциялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

ЭҮШ жарияланған сервисті пайдалану үшін ЭҮШ-мен ақпараттандыру объектісін интеграциялауға арналған өтінім

Элемент

Сипаттамасы

Ақпарат

1. Сервис иеленуші-ұйым туралы мәліметтер

1

Атауы

Электрондық сервисті іске асырушы ақпараттандыру объектісінің меншік құқығын жүзеге асырушы ұйым.

Атауларды қысқартуға, сондай-ақ аббревиатураларды пайдалануға жол берілмейді.

2. Сервис ұсынатын ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтер

2

Сервистің кілті

Жарияланған сервистің ServiceID

Қосылым жүзеге асырылып жатқан ақпараттандыру объектісін нақтылау қажет

3

Атауы

Ақпараттандыру объектісінің атауы

Атауларды қысқартуға, сондай-ақ аббревиатураларды пайдалануға жол берілмейді.

4

Интеграцияға негіздеме

Құжатқа сілтеме


3. Сервис пайдаланушысы туралы мәліметтер

5

Иелік етуші ұйым туралы мәліметтер



6

Электрондық сервисті ұсынатын ақпараттандыру объектісінің атауы


Атауларды қысқартуға, сондай-ақ аббревиатураларды пайдалануға жол берілмейді.

7

Ақпараттандыру объектісінің қысқаша атауы

Сервисті пайдаланушы болып табылатын ақпараттандыру объектісінің қысқаша атауы

Барынша қысқа атауын көрсету керек. Аббревиатура ұсынылады.

8

Жүйенің мекенжайы

URL немесе сервисті пайдаланушы жүйенің мекенжайы

Синхрондық сервистер үшін – IP мекенжайы
Асинхрондық сервистер үшін – жауаптық өтінімдерді қабылдайтын сервистің URL-і
(МО БКО-дағы АЖ үшін МО БКО-дағы IP көрсету қажет. Интернет контурындағы АЖ үшін өзара іс-қимылдың VPN-туннелінде орналасатын IP-ді көрсету қажет.)

9

Сипаттамасы

Электрондық сервис мақсатының толық сипаттамасы

Электрондық сервистің мақсатын толық сипаттап көрсету қажет

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің м.а.
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 183/НҚ бұйрығына
2-қосымша
  "Электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілерін
интеграциялау қағидаларына
7-қосымша

"Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзі" ақпараттандыру объектісімен интеграциялау кезіндегі деректер форматтары

Элемент атауы

Тег

Деректер түрі

Көпше

Сипаттама

1

Хабар тақырыбы

header

Message Header

1

Өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, сондай-ақ ақпарат алмасуды мониторингтеу үшін қажетті ақпаратты қамтиды

2

Жіберуші

sender

Sender

1

Одақ шеңберінде мемлекетаралық өзара іс-қимылдың қатысушысы

2.1

Жіберуші коды

code

Жол

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық шлюзінің анықтамалығына сәйкес жіберуші коды

2.2

Жіберуші атауы

Name

Жол

0.1

Жіберуші атауы

3

Хабардың бірегей идентификаторы

messageID

Жол

1

Әрбір хабар үшін бастамашының хабарымен жасалды

4

Бастапқы хабар идентификаторы

messageParentID

Жол

1

Жауап хабарламаларда / хабарландыруларда толтырылды

5

Алушылар

recipients

Recipient

1

Одақ шеңберінде қатысушының бірегей идентификаторы.

5.1

Алушы коды

code

Жол

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық шлюзінің анықтамалығына сәйкес алушы коды

5.2

Алушы атауы

name

Жол

0.1

Қазақстан Республикасы Ұлттық шлюзінің анықтамалығына сәйкес алушылардың атаулары коды

6

Хабар түрі

messageType

Бүтін сан

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық шлюзінің анықтамалығына сәйкес хабар түрінің коды

7

Іс-қимыл түрі

interactionType

Бүтін сан

1

Жалпы процестерге арналған техникалық регламенттерге сәйкес өзара іс-қимыл түрлері

8

Хабар күні

messageDate

Күні, уақыты

1

Хабар жіберудің уақыты мен күні

9

Сегмент / хабар бөлігі

segment

SegmentBody

1

Жіберушінің бизнес деректері қамтылған

10

Бүкіл пакеттің бірегей идентификаторы

packageID

Жол

1

Біріктірілген хабарлар тобына арналған бірегей хабарлама бастамашысы жасайды

11

Қаптамадағы сегменттердің саны

segmentСount

Бүтін сан

1

Егер бір хабарлама болса, онда мәні - 1

12

Ағымдағы сегменттің индексі

segmentIndex

Бүтін сан

1

Егер бір хабарлама болса, онда мәні - 1

13

Файл атауы

fileName

Жол

1

Файл атауы
Шарттық-міндеттік деректеме

14

Файл сегменті

zip

Жол

1

Қосылған файл немесе оның бір бөлігі (base64Binary)

15

Барлық қаптаманың хэші

hash

Жол

1

Файл тұтастығын тексеру үшін төлсипат

16

Қызмет түрі

messageType

Жол

1

Қызмет түрін көрсету – 1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады