Байланыс формасы

Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 тамызда № 19215 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
міндетін атқарушының
2019 жылғы 7 тамыздағы
№ 4 бұйрығымен
бекітілді

Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) халықаралық стандарттарға сәйкес бақыланбайтын экономиканы бағалауда және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін қолданады.

      3. Ел экономикасына бақыланбайтын экономиканың экономикалық қызмет түрлері бойынша әсерін бағалау осы Әдістеменің мақсаты болып табылады.

      4. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндегі түсініктер және келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) бақыланбайтын экономика - ұлттық шоттарды құру үшін пайдаланылатын негізгі дереккөздерден ақпаратты жинау кезінде қамтылмаған өндірістік қызмет түрлері;

      2) жалпы қосылған құн (бұдан әрі - ЖҚҚ) – аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы шығарылымның құны, ол жеке өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген жалпы ішкі өнім (бұдан әрі - ЖІӨ) салымының көрсеткіші ретінде қызмет етеді;

      3) жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      4) жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы;

      5) заңсыз тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер – сатылуы, таратылуы және оларды иелену Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынған тауарлар мен қызметтерді өндіру;

      6) көлеңкелі өндіріс (жасырын) – белгілі бір нормативтер мен ережелерге жауап беретін заңды болып табылатын, бірақ өндірістік қызметің мемлекеттік органдардан әдейі жасыратын қызмет түрі;

      7) корпорацияланбаған кәсіпорындар – бұл заңды тұлға статусы жоқ және олардың иесінен тәуелсіз болып табылмайтын өндірістік бірліктер;

      8) көлеңкелі экономика (көлеңкелі айналым) – бұл салықтарды төлеуден жалтару мақсатында өндірушілер өзінің табысының бір бөлігін немесе толығымен декларацияламауды дұрысырақ көретін, сондай-ақ есепке алынбаған еңбекті жалдап, еңбек заңнамасын немесе иммиграциялық тәртібін бұзатын немесе ұзақ және қымбат бюрократиялық рәсімдерді болдырмау үшін ресми рұқсатсыз жұмыс істеуге шешім қабылданатын қызмет;

      9) резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта экономикалық қызметпен біршама ұзақ кезеңде (1 жыл немесе одан да көп) айналысатын экономикалық мүдделердің басым орталығы берілген институционалдық бірлік;

      10) тіркелмеген кәсіпорындар – салықтан жалтару мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз қызметін тіркемеген кәсіпоындар;

      11) формалды емес сектор кәсіпорны – бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтық өндірісін жүзеге асыратын және заңды тұлға статусы жоқ үй шаруашылықтарының кәсіпорындары, бұл ретте үй шаруашылықтарында жалдау бойынша жұмыс істейтін адамдар және өзінің жеке тұтынуы үшін ғана ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын адамдар формалды емес секторға жатпайды;

      12) формалды емес сектор өндірісі - жұмыспен қамтылғандар саны бойынша мөлшері белгілі бір шекті мәннен төмен және қандай да бір нарықтық өндірісі бар тіркелмеген үй шаруашылықтары секторында корпорацияланбаған кәсіпорындар жүзеге асыратын өндірістік қызмет түрлері ретінде анықталатын өндіріс.

      5. Бақыланбайтын экономиканы бағалау үшін Комитеттің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері, сонымен бірге бақыланбайтын экономиканы тура немесе жанама бағалауға мүмкіндік беретін және анық есептеулерге негіз болатын әкімшілік деректер пайдаланылады.

2-тарау. Бақыланбайтын экономиканың әдіснамалық аспектілері

1 - параграф. Бақыланбайтын экономика типтері

      6. Бақыланбайтын экономикалық қызмет түрлерін дұрыс сәйкестендіру мен өлшеу үшін бақыланбайтын экономиканың келесі 7 типі айқындалған: N1, N2, N3, N4, N5, N6 және N7.

      Бақыланбайтын экономикалық қызмет түрлерінің стандартты жиынтығы осы Әдістеменің 1-қосымшасында келтірілген Еуростаттың бақыланбайтын экономика бойынша Кестелік тәсілінде сипатталған және ұлттық шоттардың толық қамтылуын қамтамасыз ету үшін бақыланбайтын экономиканы кешенді және жүйелі бағалауды білдіреді, деректерге халықаралық салыстыру жүргізуге ықпал етеді.

      Бақыланбайтын экономиканың типтеріне келесілер жатады:

      1) N1 әдейі тіркелмейтін өндірушілер;

      2) N2 заңсыз қызметті жүзеге асыратын, әдейі тіркелмейтін өндірушілер;

      3) N3 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелмейтін өндірушілер;

      4) N4 байқаумен қамтылмаған заңды тұлғалар;

      5) N5 байқаумен қамтылмаған тіркелген кәсіпкерлер;

      6) N6 саналы түрде нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер;

      7) N7 басқа статистикалық жете есептемелер жатады. N7 типі N7a-ға және N7b-ге бөлінеді.

      Бақыланбайтын экономика типтерінің осындай классификациясы бақыланбайтын экономиканы бағалау процесін жеңілдетеді.

      7. Жаңа тауарлар өндірілмейтін және қызметтер көрсетілмейтін, және тек экономикалық активтерді қайта бөлу жүргізілетін экономикалық активтермен (ақшалармен, мүлікпен) операциялар бақыланбайтын экономиканы бағалауда: парақорлық, ұрлық, алаяқтық (соның ішінде банк саласында немесе бағалы қағаздармен операцияларда, рэкет, заңсыз түрде шетелге ақша аудару) және қалыптасқан ұлттық байлықты қайта бөлуге әкелетін заңға қайшы басқа да іс-әрекеттерді қамтымайды.

2-параграф. Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістері

      8. Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістері үш топқа бөлінеді: тікелей, жанама және құрама.

      9. Бақыланбайтын экономиканы бағалаудың тікелей әдістері іріктемелі байқаулар жүргізуді немесе үй шаруашылықтарының, жекелеген жеке тұлғалардың және кәсіпорындардың бақыланбайтын экономиканы қалыптастыруға қатысуын нақтылау мақсатында әкімшілік дереккөздер деректерін пайдалануды пайымдайды.

      Тікелей әдістерге келесі жұмыстар жатады:

      1) үй шаруашылықтары секторындағы өндіріс көлемін қосымша статистикалық байқау;

      2) көлеңкелі экономиканың шынайы ауқымын анықтау және айқындау мақсатында кәсіпорындар қызметін қосымша статистикалық байқаулар;

      3) ұйымдастырылмаған сауда нүктелеріндегі қосымша байқау;

      4) кәсіпорындарда жұмыс уақытын пайдалану бойынша статистикалық байқау;

      5) шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуында салықтық, қаржылық және басқа да тексерулер нәтижелерін зерделеу.

      Тікелей әдістердің ішінде халықтың әл-ауқаты деңгейі, жұмыспен қамтылуы, табыстар мен шығыстар құрылымдарын зерделеуге бағытталған үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізу неғұрлым басым болып табылады.

      10. Жанама әдіс зерттелетін экономикалық құбылыстың барлық аспектілері туралы қолда бар ақпараттық базаны терең зерделеудің белгіленген жолымен жанама деректерді пайдалану негізінде қосымша бағалау және есептеу жүргізуді қамтиды.

      Жанама әдістерге келесі жұмыстар жатады:

      1) табыстар мен шығыстар әдісінің көмегімен ұлттық шоттар статистикасындағы алшақтықтар негізінде көлеңкелі нарық мөлшерін бағалау;

      2) кәсіпорындар арасында салықтарды төлеуден жалтаруға бейімділікті ескере отырып, салық органдары деректері негізінде көлеңкелі айналымды бағалау;

      3) жұмыс уақыты шығындарын есепке алумен ресми экономикада еңбек етуші халық белсенділігінің құлдырауына байланысты көлеңкелі нарық мөлшерін бағалау;

      4) монетарлық агрегаттарды пайдалану (қолма-қол ақша көлеміне сұраныс).

      11. Құрама әдіс бағалаудың тікелей және жанама әдістерін, сонымен қоса сараптамалық бағалауларды қамтиды.

      12. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бақыланбайтын қызметінің (жасырын, заңсыз қызмет) параметрлерін анықтаушы әдісті таңдау нақты салаларда осы саланың ерекшелігіне, ақпараттың қайнар көздерінің болуына, қосымша зерттеу жүргізу мүмкіндігіне және басқа факторларға байланысты.

3-тарау. Бақыланбайтын экономиканы бағалау

      13. Қазақстан Республикасында бақыланбайтын экономиканы бағалау үшін бақыланбайтын экономиканың N1, N2, N3, N6 және N7 (N7а түрі) типтері бойынша есептеулер жүргізіледі.

      Бақыланбайтын экономиканың N1, N3, N6 және N7 (N7а ішкі типі) типтері бойынша есептеулер осы Әдістеменің 3-тарауының 1), 2), 3) және 4) параграфтарында келтірілген.

      Бақыланбайтын экономиканың N2 типі бойынша есептеулер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №125 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15848 болып тіркелген Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесінде берілген.

      Бақыланбайтын экономиканың N4 және N5 типі бойынша есептеулерді Комитет қолданбайды, өйткені статистикалық бизнес-тіркелім және деректерді жинау мен өндеу процестері автоматтандырылған және уақтылы өзектендіріледі.

1-параграф. N1 типі бойынша есеп – тіркелмеген кәсіпорындар өндірген шығарылым көлемі.

      14. N1 типінің кезеңділігі жылдық;

      Есеп жүргізу үшін ақпарат көзі келесі болып табылады:

      1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және әкімшілік дерек-көздер негізінде есептелген экономикалық қызмет түрлері бойынша ЖҚҚ;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17952 болып тіркелген Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасының (бұдан әрі – Сауалнама) деректері.

      15. Алгоритмді және есептеу әдісін сипаттау

      1) аптасына жұмыспен өтелген сағаттарды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығына (40 сағат) орташа бір жұмыспен қамтылғанға бөлу арқылы толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыт коэффициентін есептейміз.



      мұндағы:

      kжіө – толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті;

      tжіө – бір жұмыспен қамтылғанға орташа бір аптаға жұмыспен өтелгені, сағат;

      40 - жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы.

      2) толық жұмыс аптасына жұмыс істейтін, жұмыспен қамтылғандардың санын анықтаймыз:



      мұндағы:

      qтолық – толық жұмыс аптасына жұмыс істейтін, жұмыспен қамтылғандардың саны (адам);

      qбарлығы – негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халық саны (адам);

      kжі – толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті.

      3) толық жұмыс аптасына жұмыс істейтін бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ есептейміз:



      мұндағы:

      ЖҚҚжі – экономикалық қызмет түрлері бойынша толық жұмыс аптасына жұмыс істейтін бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ (мың теңге);

      ІҚҚбарлығы – ЖҚҚ барлығы (ұлттық шоттар деректері), млн.теңге;

      qтолық – толық жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыспен қамтылғандардың саны (адам).

      Сауалнама деректерінің негізінде тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізі және қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халықтың саны анықталады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзатын еңбек қызметінің белгілерін сипаттайтын мәселелер осы Әдістеменің 2-қосымшасында берілген.

      4) тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халыққа аптасына 40 сағатқа жұмыспен өтелген уақыттың коэффициентін есептейміз:



      мұндағы:

      Кж.і.н..ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті;

      tж.і.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорында жұмыс істейтін, негізгі жұмыста бір жұмыспен қамтылғанға орташа алғанда аптасына жұмыспен өтелгені (сағат).

      5) тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта жұмыс істейтін, негізгі жұмыспен қамтылғандардың санын есептейміз:



      мұндағы:

      qтолық.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылғандар саны (адам);

      qбарлығ.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорындардарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста қамтылған халық саны (адам);

      kжасалған.н.ж. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті.

      6) тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін аптасына 40 сағатқа жұмыспен өтелген уақыттың коэффициентін табамыз:



      мұндағы:

      kж.і.қ.х. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халық үшін толық жұмыс аптасына жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті;

      tж.і.қ.х. – тіркелмеген кәсіпорында жұмыс істейтін, қосымша жұмыста бір жұмыспен қамтылғанға орташа аптасына жұмыспен өтелгені (сағат).

      7) тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандардың санын есептейміз:



      мұндағы:

      qтолық.қ. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық апта жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандардың саны (адам);

      qбарлығы.қ. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылған халықтың саны (адам);

      kжі.қ. – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, толық апта қосымша жұмыспен қамтылған халық үшін жұмыспен өтелген уақыттың коэффициенті.

      8) тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыс істейтін, негізгі және қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ есептейміз:



      мұндағы:

      ЖҚҚn1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ, млн.теңге;

      ЖҚҚжқ – экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыспен қамтылғанға келетін ЖҚҚ (мың теңге);

      qтолық.н.х. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта істейтін, негізгі жұмыста жұмыспен қамтылғандардың саны (адам);

      qтолық.қ. – тіркелмеген кәсіпорындарда толық жұмыс апта істейтін, қосымша жұмыста жұмыспен қамтылғандардың саны (адам).

      9) тіркелмеген кәсіпорындарда, аралық тұтыну ЖҚҚ-дан 25% ретінде (немесе жалпы шығарылымнан 20%) деп қабылданады:



      мұндағы:

      ATN1 - тіркелмеген кәсіпорындарда тауарларды өндіру мен қызметтерді көрсетудің аралық тұтынуы (миллион теңге);

      ЖҚҚN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ (миллион теңге).

      10) Тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген жалпы шығарылым ЖҚҚ және аралық тұтынуды қосу арқылы есептеледі:



      мұндағы:

      ЖӨN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген жалпы шығарылым (миллион теңге);

      ЖҚҚN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар өндірген ЖҚҚ (миллион теңге);

      ATN1 – тіркелмеген кәсіпорындарда тауарларды өндіру мен қызметтерді көрсетудің аралық тұтынуы (миллион теңге).

2-параграф. N3 типі бойынша есеп - бейресми сектор кәсіпорындарының шығарылымы көлемі

      16. N3 типінің кезеңділігі жылдық;

      Есеп жүргізу үшін ақпарат көзі бейресми сектор кәсіпорындары (үй шаруашылықтары) бойынша Комитет ұсынатын келесі деректер болып табылады:

      1) ауыл, орман және балық шаруашылығында – ауыл шаруашылығы өнімін сату немесе алмастыру үшін өндіретін, олардың өндіріс көлемдері кәсіпорын міндетті түрде тіркелуі керек деңгейге жетпегендіктен тіркелмеген үй шаруашылықтары жатады; меншікті түпкілікті тұтынуы үшін өндірілген өнім формалды емес сектордан шығарылады;

      2) өңдеу өнеркәсібінде – үй шаруашылықтары өндірген өнім көлемі;

      3) құрылыста – мемлекеттік статистика органдарына деректерді ұсынбайтын жеке тұлғалардың саяжай және бау-бақша телімдерінде саяжай үйлері және басқа қора-қопсы құрылыстарын, гараждарды және басқа объектілерді салу және объектілердің құрылысы мен жөндеуін жүзеге асыратын корпорацияланбаған кәсіпорындардың қызметі бойынша атқарылған жұмыс көлемі;

      4) көтерме және бөлшек саудада, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуде – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі; осы сала бойынша шығарылым ретінде сауда үстеме бағасы қолданылады;

      5) көлік және қоймалау – үй шаруашылықтарының көліктегі қызметі көлемдерінің жете есептеулерін қамтиды;

      17. Дара көрсетілетін қызметтерге жете есептеулер жүргізіледі:

      1) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (тұрғын үйді, сонымен қатар тұрғын емес үй жайларды жалға беру), өзінің тұрғын үйінде шартты түрде тұруды қоспағанда;

      2) өзге де қызметтердің дара түрлерін ұсыну;

      3) білім беруде – репетиторларға және осы саламен байланысты басқа білім беру қызметтеріне жете есептеулер;

      4) денсаулық сақтауда – медициналық қызметтерді көрсететін медициналық персоналға жете есептеулер.

      18. Аралық тұтыну есепті кезеңде ұлттық шоттардың тиісті экономикалық қызмет түрлерінің аралық тұтынуының қабылданған үлесіне сәйкес келеді.

3-параграф. N6 типі бойынша есеп – саналы түрде нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілердің шығарылым көлемін есептеу

      19. N6 типінің кезеңділігі жылдық;

      Есептеу жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:

      1) қайта сәйкестендірілген түрде салық төлеушілер бөлінісінде жылдық жиынтық табыс пен төленген салықтар бойынша деректер;

      2) кедендік статистика деректері;

      3) төлем құралдарын пайдалану бойынша деректер;

      4) есепті кезеңде ұлттық шоттарды есептеу үшін қабылданған, экономикалық қызмет түрлері бойынша аралық тұтыну бойынша деректер.

      20. Осы Әдістеменің 20-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген деректерді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы жылдың 10 маусымына дейін жолдайды.

      21. Көлеңкелі экономика (көлеңкелі айналым) келесі компоненттердің сомасы ретінде есептеледі:

      1) орташа салалық көрсеткіштен салық төлеу деңгейінің ауытқуы негізінде есептелген табыстағы айырма (өңірлер бөлінісінде);

      2) МКК-ның әдіснамалық ерекшеліктерге және транзит көлеміне енгізілген түзетулерді ескере отырып сыртқы сауда бойынша статистикалық деректері мен контрагент елдің кеден статистикасының деректері арасындағы алшақтық.

      22. Есептеу алгоритмі мен әдісінің сипаттамасы:

      Орташа салалық көрсеткіштен салық төлеу деңгейінің ауытқуы негізінде есептелген табыстың айырмасы:

      1) әр салық төлеуші үшін салық төлеу деңгейі есептеледі



      мұнда:

      СТД – кәсіпорынның салық төлеу деңгейі;

      СМТ – бюджетке төленген салық және басқа да міндетті төлемдердің сомасы;

      ЖЖТ – түзетулерді ескере отырып, заңды тұлға мен дара кәсіпкерлердің жиынтық жылдық табысы.

      2) кәсіпорындар көлемі (ірі, орта, шағын, өте шағын) және экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа салық төлеу деңгейін есептейміз:



      мұнда:

      СТРСР – салық төлеу деңгейінің орташа салалық мәні;

      СТД1, СТД2,...СТДn – теріс шамасы бар және 50 проценттен асатын салық төлеу деңгейлерін ескерусіз, сәйкес экономикалық қызмет түрінің салық төлеушілерінің салық төлеу деңгейі;

      n – сәйкес экономикалық қызмет түрі бойынша салық төлеушілер саны;

      3) кәсіпорындар көлемі (ірі, орта, шағын, өте шағын) және экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа салалық жиынтық жылдық табысты есептейміз:



      мұнда:

      ЖЖТСР – бір кәсіпорынға келетін жылдық жиынтық табыстың орташа салалық мәні;

      ЖЖТ1, ЖЖТ2,... ЖЖТn – сәйкес экономикалық қызмет түрінің салық төлеушілерінің жылдық жиынтық табысы;

      n – сәйкес экономикалық қызмет түрінің кәсіпорындар көлемі бойынша салық төлеушілер саны.

      Орташа салалық көрсеткіші төмен СТД бар кәсіпорындар бойынша ЖЖТ бойынша жете есептеу жүргізіледі. ЖЖТ-сы орташа салалық көрсеткіштен төмен кәсіпорындар бойынша, бұл көрсеткіш ЖЖТ бойынша орташа салалық мәнге тең болады. ЖЖТ бойынша жете есептеу нақты және бағаланған ЖЖТ-ның айырмасы болып табылады.

      4) транзит көлемі мен әдіснамалық ерекшеліктерге түзетулерді ескере отырып, сыртқы сауда бойынша МКК статистикалық деректері мен контрагент елдің кеден статистикасы деректеріндегі алшақтықтар көлеміне орташа сауда үстеме бағасын қолданамыз.

      23. Аралық тұтыну есепті кезеңде ұлттық шоттардың сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің аралық тұтынуының қабылданған үлесіне сәйкес келеді. Кеден деректеріндегі алшақтықтар көлеміне "Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу" экономикалық қызмет түрі бойынша аралық тұтыну үлесі қолданылады.

      24. ЖҚҚ шығарылым мен аралық тұтынудың айырмасы ретінде есептеледі.

      Алынған есептеулер ресми өндірістің негізгі өлшем шарты ретіндегі қолма-қол ақшасыз айналымның таралу деңгейін көрсететін қолма-қол ақшасыз айналым коэффицентін ескере отырып түзетіледі.

      Қолма-қол ақшасыз айналым коэффициентін есептеу:



      мұнда:

      Кқолмақолсыз – қолма-қол ақшасыз айналым коэффиценті;

      ҚАТ – қолма-қол ақшасыз айналым коэффиценті;

      25. Осы параграфта сипатталған бақыланбайтын экономика есптеулері есепті деректерге негізделген жыл сайынғы ЖІӨ есептеуде қолданылады.

4-параграф. N7а ішкі типі бойынша есеп

      27. Ішкі типтің кезеңділігі жылдық;

      Есептеу жүргізу үшін ақпарат көздері экономикалық қызмет түрлері бойынша Комитет қалыптастыратын кәсіпорындардың жалпы шығарылымы болып табылады.

      28. N7а-ға толық емес, жиналмаған немесе бастапқы дереккөздерден тікелей жиналған өндірушілер шығарылымының көлемі жатады.

      29. N7а ішкі типі бойынша бақыланбайтын экономикаға жете есептеулер қызметтің әр түрі бойынша жалпы шығарылым үшін ең кіші деңгейде келесі формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:


– статистикалық себептер бойынша жасырылған тиісті қызмет түрі бойынша жалпы шығарылым (і);

– тиісті қызмет түрі (і) мен мөлшерліліктегі сәйкес (j) бір кәсіпорынға келетін жалпы шығарылымның орташа шамасы (миллион тенге);

–тиісті қызмет түрі (i) мен мөлшерліліктегі (j) есеп ұсынбаған кәсіпорындар саны.

  Бақыланбайтын экономиканы
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

Бақыланбайтын экономика бойынша Еуростаттың кестелік тәсілі


I Тіркелмегендер

II Байқаумен қамтылмағандар

III Толық емес есептілік

IV Статистикалық жете есептер

Типтер

N1

N2

N3

N4

N5

N6

N7a

N7b

Сипаттама

Әдейі тіркелмейтін өндірушілер - астыртын қызмет

Әдейі тіркелмейтін өндірушілер - заңсыз қызмет

Заңнамаға сәйкес тіркелуі тиіс емес өндірушілер

Зерттеумен қамтылмаған заңды тұлғалар

Зерттеумен қамтылмаған тіркелген кәсіпкерлер

Саналы түрде нақты емес деректерді ұсынатын өндірушілер

Толық емес, жиналмаған немесе алғашқы дереккөздерден тікелей жиналмаған деректер

Статистиктер қате есепке алған, өңдеген және ұсынған деректер

Пайда болу себептері

Өндірушілер әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелерден және салықтары төлеуден жалтару мақсатында саналы түрде тіркелмейді. Салық органдарына есеп беретін табыс деңгейі бар шағын өндірушілер жатады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынған тауарлар өндірілетін және қызмет көрсетілетін өндірістік қызмет немесе тиісті рұқсатты алусыз өндірушілер жүзеге асыратын болса заңсыз болып табылатын қызмет.

Кішігірім нарықтық шығарылымы бар, бірақ ол кәсіпкер ретінде тіркелетін белгіленген деңгейден төмен үй шаруашылықтары өндіруші болып табылады.

Бизнес-тіркелімнің өзекті еместігі, классификация өлшемшарттарының дұрыс еместігі сияқты кейбір себептерге байланысты зерттеулермен қамтылмаған заңды тұлғалар жатады.

Тіркелген кәсіпкерлер кәсіпорындар тіркеліміне қосылмауы мүмкін және/немесе статистикалық зерттеулерден алынып тастауы мүмкін.

Салықтардан жалтару мақсатында шығарылымды әдейі төмендетіп және/немесе аралық тұтынуды жоғарылатып көрсететін өндірушілер жатады.

Кәсіпорын зерттеуге қосылғанымен, зерттеу сауалнамасында олардан тапсырыл-ған деректер алынбаған немесе сауалнама дұрыс емес мекен-жайға жолданған немесе кәсіпорын зерттеуде белгіленген емес басқа мерзімдерде жауап берген.

Статистиктер дұрыс есепке алмаған, өңдемеген деректер.

Бақыланбайтын экономика бойынша Еуростаттың кестелік тәсілін Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарының қолдануы


Бағалау тәсілдері

Есеп осы әдістеменің 3-тарауының 1-параграфында сипатталған.

N2 бойынша есептер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минситрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №125 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда №17952 болып тіркелген Заңсыз қызмет түрлерін бағалау әдістемесінде сипатталған.

Есеп осы әдістеменің 3-тарауы 2-параграфында сипатталған.

Қолданылмайды. Бизнес-тіркелім күн сайын онлайн тәртібінде өзектендіріледі.

Қолданылмайды.
Барлық тіркелген кәсіпкерлер ағымдағы статистикалық байқаулармен ішінара зерттеліп, кейін жалпы жиынтыққа таратылады.

Есеп осы әдістеменің 3-тарауының 3-параграфында берілген.

Есеп осы әдістеменің 3-тарауы 4-параграфында берілген.

Қолданылмайды.
Мемлекеттік стати-стика органдарында дерек-терді жинау мен өңдеуде формат-тық–логикалық бақылауы бар авто-маттандырылған процестер қолданылады.

  Бақыланбайтын экономиканы
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзатын еңбек қызметінің белгілерін сипаттайтын мәселелер

Негізгі жұмыс (қызмет)

Қосымша жұмыс (кәсіп)

Өз бетімен жұмыс істейтіндер

Жалдамалылар

Өз бетімен жұмыс істейтіндер

Жалдамалылар

Сіз заттай немесе ақшалай табыс табу үшін өткен аптада кемінде 1 сағат болса да қандай да бір жұмыс атқардыңыз ба немесе қандай да бір кәсібіңіз (түрлі қызмет көрсетуді қоса алғанда) болды ма? 1. Иә



Сіздің өткен аптада кемінде 1 сағат болса да негізгі жұмысыңыздан басқа ақшалай немесе заттай табыс табу мақсатында басқа да қосымша жұмысыңыз, демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмысыңыз болды ма?
1. Иә

Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы жақсырақ сипаттай алады?
1. Ұйымда жалдану бойынша жұмыс
2. Жеке тұлғаларға жалдану бойынша жұмыс
3. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдану бойынша жұмыс
4. Қызмет көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс

Сіздің негізгі қызметіңіздің (жұмысыңыздың) мәртебесін төмендегі санаттардың қайсысы жақсырақ сипаттай алады?
5. Өз бетімен жұмыс істейтін қызметкерлер (өз есебінен жұмыс істейтіндер)
6. Жұмыс беруші
7. Отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері
8. Өндірістік кооператив мүшелері
9. Жеке қосалқы шаруашылықта

Сіздің қосымша жұмысыңыз (кәсібіңіз) болды:
1. Ұйымда жалдану бойынша жұмыс
2. Жеке тұлғаларда жалдану бойынша жұмыс
3. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдану бойынша жұмыс
4. Қызмет көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс

Сіздің қосымша жұмысыңыз (кәсібіңіз) болды:
5. Өз бетімен жұмыс істейтін қызметкерлер (өз есебінен жұмыс істейтіндер)
6. Жұмыс беруші
7. Отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері
8. Өндірістік кооператив мүшелері
9. Жеке қосалқы шаруашылықта


Сіз жұмысқа шарт немесе ауызша уағдаластық бойынша қабылдандыңыз ба?
2. Ауызша уағдаластық бойынша


Сіз қосымша жұмысқа шарт бойынша немесе уағдаластық бойынша қабылдандыңыз ба?
2. Ауызша уағдаластық бойынша


Сіздің жұмыс берушіңіз немесе Сіз өзіңіздің зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар аударасыздар ма?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Қосымша қызметте Сіздің жұмыс берушіңіз немесе Сіз өзіңіз зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар аударасыздар ма?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Сізге жұмыс берушіңіз ақы төленетін жылдық еңбек демалысын немесе пайдаланылмаған еңбек демалысыңыз үшін өтемақы береді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Қосымша жұмыста Сіздің жұмыс берушіңіз ақы төленетін жылдық еңбек демалысын немесе пайдаланылмаған еңбек демалысыңыз үшін өтемақы береді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Сіз қалай ойлайсыз, науқастанып қалған немесе жарақаттанған жағдайда жұмыс беруші Сізге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша (еңбекке жарамсыздық парағы негізінде) әлеуметтік жәрдемақы төлейді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін


Сіз қалай ойлайсыз, қосымша қызметте науқастанып қалған немесе жарақаттанған жағдайда жұмыс беруші Сізге уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша (еңбекке жарамсыздық парағы негізінде) әлеуметтік жәрдемақы төлейді ме?
2. Жоқ
3. Білмеймін

Сіз негізгі жұмысты орындадыңыз:
1. Ұйымда (заңды тұлға)
2. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаумен)
3. Шаруа немесе фермер қожалығында
4. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаусыз)

Сіз қосымша жұмысты орындадыңыз:
1. Ұйымда (заңды тұлға)
2. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаумен)
3. Шаруа немесе фермер қожалығында
4. Дара кәсіпкерлік негізінде (қызметкерлерді жалдаусыз)

Сіз негізгі жұмыс істейтін ұйым, кәсіпкерлік қызмет салық органдарында тіркелген бе?
3. Білмеймін
4. Жоқ

Сіз қосымша жұмыс істеген ұйым, кәсіпкерлік қызмет салық органдарында тіркелген бе?
3. Білмеймін
4. Жоқ

Сіз өткен аптада негізгі жұмыс істеген ұйымның, дара кәсіпкерлік қызметінің басым түрлерін атауыңызды өтінемін
(Интервьюер, ауызша толығырақ сипаттап беріңіз және экономикалық қызмет түрінің кодын қойыңыз)

Сіз қосымша жұмысыңызда қандай лауазымда болдыңыз немесе қандай мамандық бойынша жұмыс істедіңіз (Сіздің қосымша жұмысыңыз неден тұрды)?
(Интервьюер, ауызша толығырақ сипаттап беріңіз және Қызметтер жіктеуіші бойынша кодты қойыңыз).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады