"Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19240 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7406 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 362 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) түсу үшін жалпы білім және тілдік дайындық деңгейін арттыру бойынша ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Дайындық бөлімдеріндегі тыңдаушылардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты есебінен оқудың төлемақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі

      3. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын қабылдауды және оқытуды қамтиды.

      4. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне ақылы негізде оқуға қабылдауды ЖЖОКБҰ-лар дербес жүзеге асырады.

      5. Шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды жалпы білім дайындығының деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне оқуға қабылдау конкурстық негізде ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

      6. Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік дайындығының деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне оқуға қабылдау конкурстық негізде ҰБТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      7. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;

      2) орта (жалпы орта), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген (бұдан әрі – № 907 бұйрық).

      8. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде куәландырылған) аудармасы;

      3) білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

      5) № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама.

      9. Тұлғаларды оқуға қабылдағаннан кейін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар нострификация рәсімінен өтеді.

      10. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды күнтізбелік жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары жүргізеді.

      11. ҰБТ күнтізбелік жылғы 10 – 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.

      12. ҰБТ тапсырушы адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

      13. Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, егер білімді бірінші рет алатын болса, адамдар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тегін оқытылады.

      14. Білім беру дайындығының деңгейін арттыру бойынша білім алу үшін ҰБТ математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша өткізіледі.

      15. Қазақ және орыс тілдерін меңгермеген адамдар үшін ҰБТ ағылшын тілінде жүзеге асырылады, қазақ немесе орыс тілдерін меңгерген адамдар үшін тестілеу меңгеру тілінде жүзеге асырылады.

      16. Тілдік дайындықты күшейтетін дайындық бөлімдерінде оқу үшін ҰБТ "Ағылшын тілі" пәні және мынадай жаратылыстану-математика циклы пәндерінің біреуі бойынша өткізіледі: "Биология", "Физика", "Химия".

      17. Жалпы білім дайындығының деңгейін арттыру бойынша оқу үшін ҰБТ тапсырмаларының саны:

      1) математикалық сауаттылық бойынша – 20;

      2) оқу сауаттылығы бойынша (оқу тілі) – 20.

      ҰБТ ұзақтығы - 1 сағат 20 минут.

      Математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының нысаны ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауап таңдалатын тапсырмалардан тұрады.

      Әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап бір балмен бағаланады.

      Балдар тең болған жағдайда, аттестаттың орташа балы жоғары адамдарға басымдық беріледі.

      Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні хабарланады.

      17-1. Тілдік дайындықты күшейтетін дайындық бөлімдерінде оқу үшін ҰБТ тапсырмаларының саны:

      1) ағылшын тілі бойынша – 30;

      2) "Биология", "Физика", "Химия" жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша – 30.

      ҰБТ ұзақтығы - 2 сағат.

      Ағылшын тілі және "Биология", "Физика", "Химия" жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша тест тапсырмаларының нысаны жиырма тапсырма ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауап және он тапсырма ұсынылған жауаптан бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалардан тұрады.

      Ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

      Ұсынылған бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі және одан көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тапсырмаларда бір ғана дұрыс жауапты таңдағанда не екі және одан көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.

      Балдар тең болған жағдайда, аттестаттың орташа балы жоғары адамдарға басымдық беріледі.

      Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні хабарланады.

      18. ҰБТ-ны қайта тапсыруға жол берілмейді.

      19. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген адам әрбір ЖЖОКБҰ-да құрылатын апелляциялық комиссияға өтініш береді. Апелляциялық комиссияның құрамын ЖЖОКБҰ-ның басшысы бекітеді. Апелляцияға өтініштер ҰБТ нәтижесі жарияланған күннен кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және бір күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.

      20. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түсу үшін ҰБТ нәтижелерін құрамын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.

      Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен құрылады. Комиссия мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда, тақ болып табылады.

      21. Комиссияның ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды қабылдау туралы шешімі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және оны конкурстық іріктеуден өткен шетелдіктердің, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың назарына күнтізбелік жылдың 25 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ЖЖОКБҰ жеткізеді.

      22. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары қатарына қабылдауды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылдың 25-28 қыркүйегі аралығында өткізеді.

      23. ЖЖОКБҰ-лар тыңдаушыларды оқуға қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде дайындық бөлімдеріне қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      24. Дайындық бөлімдерінде оқу күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады. Сабақ күнтізбелік жылдың 1 қазанынан басталады. Оқыту мерзімі 9 айды құрайды.

      Оқуды аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға оқуды аяқтағаны туралы анықтама (еркін нысандағы) беріледі.

      25. Оқу аяқталғаннан кейін дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ҰБТ тапсырады.

      26. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығаруға:

      1) тыңдаушының өз еркімен оқудан шығу туралы өтініші;

      2) ЖЖОКБҰ-ның ішкі тәртібін бұзуы негіз болып табылады.

      Тыңдаушыны ЖЖОКБҰ-дан шығару ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ресімделеді, көшірмесі оқудан шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      27. ЖЖОКБҰ-лар жыл сайын күнтізбелік жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органға дайындық бөлімдерінің өткен кезеңдегі жұмысы туралы қорытынды есеп береді.

      28. ЖЖОКБҰ-лар дайындық бөлімдері тыңдаушыларының статистикалық және паспорттық есебін жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады