"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 200/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 тамызда № 19294 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16756 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      7-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті орган Заңның 7-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сұрататын ақпарат;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) "электрондық үкіметтің" сәулет порталында орналастырылған ақпарат.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірлері 35, 36-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе:

      Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуы туралы есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. Осы түсіндірме есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме, әкімшілік деректерді жинауға арналған, оны толтыру тәртібін нақтылайды (бұдан әрі – есеп нысаны)

      2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуы туралы (бұдан әрі – БТ) есеп нысанының негізгі міндеті ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы БТ орындау барысы туралы ақпаратты жинау, жинақтау және талдау болып табылады.

      3. Толтырылған есеп нысаны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:

      1) есеп мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына қазақ және орыс тілдерінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы;

      2) мемлекеттік заңды тұлғалармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелерімен және иеленушілерімен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелерімен және иеленушілерімен ерікті негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, қағаз түрінде ұсынылады.

      4. Есеп нысаны қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

      5. Есеп нысанына бірінші басшы, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

      6. Есеп нысаны мынадай түрде толтырылады:

      3-бағанда "Орындалды" белгісі "+" белгісімен көрсетіледі;

      4-бағанда "Орындалған жоқ" белгісі "–" белгісімен көрсетіледі;

      5-бағанда "Орындалмау себебі" БТ тармақтарының талаптары орындалмағаны туралы толық ақпарат көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _____________ К. Мәсімов

      2019 жылғы "__" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      ____________ Н. Айдапкелов

      2019 жылғы "__" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады