Байланыс формасы

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 688 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 19340 болып тіркелді

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 688 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - сертификаттық талаптар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Сертификаттық талаптар мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына (бұдан әрі - АТ) техникалық қызмет көрсету және жөндеу (бұдан әрі - ТҚКЖ) жөніндегі ұйымдарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      3. Осы сертификаттық талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым) - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға;

      2) авиациялық техниканы жөндеу - авиациялық техника жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және авиациялық техника мен оның құрамдас бөліктерінің ресурстарын (қызмет мерзімдерін) қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

      3) әзірлеуші - авиациялық техника әзірлемесін жүзеге асыратын әзірлеуші ұйым, кәсіпорын немесе өзге заңды тұлға;

      4) әскери өкілдіктер - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы орындалған жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыру үшін меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда орналастырылатын оқшауландырылған құрылымдық бөлімшелері;

      5) басшы персонал - АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның персоналы құрамындағы өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес АТ ТҚКЖ бойынша барлық ресурстық және ұйымдастырушылық жұмыстарды қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеткілікті өкілеттіктері бар уәкілетті тұлғалар;

      6) дайындаушы - авиациялық техника өндірісін жүзеге асыратын кәсіпорын немесе өзге заңды тұлға;

      7) жөндеу - қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың механизмдерінің, жиынтықтаушы бұйымдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, тоқтап қалу себептерін жою және жұмсалған ресурсын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

      8) жөндеу құжаттамасы - жөндеу өндірісін дайындауды немесе бұйымға жөндеу жүргізуді және жөндеуден кейін бақылауды қамтамасыз етуге арналған конструкторлық жұмыс құжаттамасы;

      9) конфигурация - техникалық құжаттарда белгіленген және онда іске асырылған функционалдық және физикалық сипаттамалар;

      10) контрафактілік өнім - түпнұсқа бұйым ретінде ұсынылған, сәйкестендірілген және таңбаланған және (немесе) жалған ақпарат беру, жаңылыстыру немесе алдау ниетімен заңды құқықтарынсыз келіп түсу көзі өзгертілген көшірме, имитация немесе ауыстыру болып табылатыны расталған жалған бұйым;

      11) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      12) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжатталған ақпараты -тасымалдағышта тіркелген құрылымдалған ақпарат;

      13) өндірістік құжаттама - бұйымды жасауды, бақылауды, қабылдау мен жеткізуді қамтамасыз етуге арналған конструкторлық жұмыс құжаттамасы;

      14) инженерлік-техникалық персонал - авиациялық персоналдың АТ және (немесе) оның құрамдастарына ТҚКЖ бойынша жұмысқа рұқсатнамасымен қолданыстағы куәлігі бар авиациялық персонал;

      15) пайдалану құжаттамасы - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетудің немесе жөндеудің ұйымдастыру, нормативтік және техникалық қағидаларын белгілейтін құжаттар кешені;

      16) сапа жоспары - жобаның, өнімнің, процестің немесе келісімшарттың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қандай объектіге және қандай мерзімде қолданылуға тиіс қандай процестерді, рәсімдерді және тиісті ресурстарды нақты айқындайтын құжат;

      17) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сапа сертификаты - АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым беретін және нақты жеткізілген тауар сапасын және оның келісімшарт (шарт) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      18) конструкторлық құжаттама - олардың мақсатына байланысты бұйымдарды әзірлеу, жасау, бақылау, қабылдау, пайдалану және жөндеу үшін қажетті деректерді қамтитын конструкторлық құжаттар жиынтығы;

      19) техникалық құжаттама - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу кезіндегі жұмыстарды орындау қағидаларын белгілейтін құжат;

      20) технологиялық құжаттама - жөндеу өндірісін дайындауға, жөндеу жүргізуге және жөндеуден кейін бұйымдарды бақылауға арналған жөндеу және басқа да құжаттама.

2-тарау. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар

1-параграф. АТ ТҚКЖ ұйымының қызметіне қойылатын талаптар

      4. Қызметті қамтамасыз ету үшін АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:

      1) өзінің рәсімдерін басқару жүйесін сипаттайтын АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бекітілген ұйымдық құрылымы мен рәсімдері бойынша нұсқаудық болуы;

      2) мәлімделген қызмет саласына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауға қойылатын талаптарды айқындайтын авиациялық техниканың қолданыстағы пайдалану және жөндеу құжаттамасының болуы;

      3) қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды, құрал-саймандар мен материалдарды сақтауға арналған қойма үй-жайларының бар болуы. Бұл ретте сақтау шарттары сақталатын заттардың қорғалуын қамтамасыз етеді және бүлінуін болдырмайды;

      4) АТ ТҚКЖ орындауға арналған жабдықтардың, құрал-саймандардың, материалдардың, құрамдастар, қосалқы бөлшектер және шығыс материалдардың болуы;

      5) АТ ТҚКЖ-ның сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін санда білікті персонал штатының болуы;

      6) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен персоналдың біліктілігін қолдау (арттыру), оны даярлау және қайта даярлау әдістемесінің болуы;

      7) тапсырыс берушімен жасалған келісімшартта (шартта) көрсетілген барлық талаптардың орындалуын куәландыратын АТ ТҚКЖ туралы толық тіркелетін деректердің болуы;

      8) АТ ТҚКЖ бойынша барлық жұмыстардың тиісті орындалуына кепілдік беретін сапа жүйесінің болуы;

      9) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқауы және АТ ТҚКЖ сапасы бойынша нұсқауы болуы;

      10) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің және (немесе) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламасының болуы;

      11) бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу кезінде "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      12) әуе кемелері ұшуларының, олардың жабдықтарының және әуеайлақмаңы ауданында болған және (немесе) орналасқан адамдардың қауіпсіздігіне әсер ететін кез-келген қару мен оқ-дәрілердің түрін қоспағанда орнатылған және алынбалы-салынбалы қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз ету.

2-параграф. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сапа мен тәуекелдерді басқаруына қойылатын талаптар

      5. Сапаны және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету үшін АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымдар:

      1) сипаттамасы АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сапа және стандарттар жөніндегі нұсқауында баяндалатын сапа менеджменті жүйесінің болуы;

      2) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құрылымында сапаны басқару және стандарттау, тәуекелдерді басқару және техникалық бақылау жөніндегі бөлімшенің болуы қажет.

      6. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның сапаны басқару немесе техникалық бақылау бөлімшелерінің қызметкерлеріне өндірістік операцияларды орындауды жүктеуге жол берілмейді.

      7. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым жылына бір рет тексеру нәтижелері туралы әскери өкілдікті міндетті түрде хабардар ете отырып, сапа менеджменті жүйесіне ішкі тексеруді жүргізеді.

      8. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның әскери өкілдікпен және (немесе) уәкілетті органмен әзірленген және келісілген сапа жоспардының болуы:

      1) сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптардың мазмұны;

      2) сапаға, қажетті ресурстарға, техникалық бақылауға, жерүсті және ұшу сынақтарына қойылатын талаптарды қамтамасыз ету тұрғысынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша жұмыстардың орындалуын жоспарлау сипаттамасының мазмұны және оны қабылдау өлшемшарттары;

      3) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның негізгі қызмет орнынан тыс орналасқан жерлерде жұмыстарды орындау кезінде байланысты қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың мазмұны;

      4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету матрицасын ұстау.

      9. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның жүргізіліп жатқан жұмыстардың өзекті мониторингтің (тұтынушыларды олардың қажеттіліктері мен күтулері қанағаттану дәрежесі) болуы.

      10. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа қатысы бар әскери өкілдіктің және (немесе) уәкілетті органның тұтынушылардың шағымдарын тіркеу туралы құжатталған ақпаратының (оның ішінде жарнамалық актілер, авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы хабарламалар) болуы.

      11. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шартына қатысы бар тұтынушының, әскери өкілдіктің және (немесе) уәкілетті органның әрбір шағымына АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес шағымды қарау туралы жауаптың болуы.

      12. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның үш жұмыс күні ішінде әскери өкілдікке және (немесе) уәкілетті органға сапа жоспарының болжамды түзету іс-шаралары туралы хабарламаның болуы.

      13. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым тұрақты негізде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша жұмыстарды орындау сапасына байланысты сәйкессіздіктердің негізгі себептеріне өзектілендірілген талдаудың болуы.

3-параграф. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның персоналына қойылатын талаптар

      14. Мемлекеттік авиацияның АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымының сертификатын алу үшін АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның штатында:

      1) жұмыстардың тапсырыс берушісінің талаптарына сәйкес АТ ТҚКЖ бойынша барлық жұмыстарды қаржыландыру және уақтылы орындау бойынша басшы болады;

      2) ұйымның осы талаптарға тұрақты сәйкестігіне қатысты қамтамасыз ететін басшы персоналы болады. Басшы персонал АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысына бағынады. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда басшылық персоналының біреуі ұзақ уақыт болмаған жағдайда оларды алмастыру рәсімдері көзделеді;

      3) сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті процестерді құруды, әзірлеуді, енгізуді және қолдауды қамтамасыз ететін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау сапасы жөніндегі басшы болады;

      4) инженерлік-техникалық, әкімшілік-басқару персоналы мен сапаны басқару саласындағы мамандар болады.

      15. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда мыналар болады:

      1) ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның барлық персоналының тізбесі (тізімі) болады, оның құрамында:

      АТ ТҚКЖ бойынша мамандардың білімі туралы мәліметтерді;

      персонал өткен барлық даярлау және қайта даярлау бағдарламалары туралы мәліметтерді, аттестаттау нәтижелерін;

      оқу орталықтарының сертификаттары (куәліктері) және АТ ТҚКЖ рұқсаты қамтиды;

      2) АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындаумен, қабылдаумен және басқарумен айналысатын мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және жұмысқа жіберу жөніндегі АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен стандарттың болуы;

      3) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен оқыту бағдарламасы, қазіргі заманғы бақылау әдістері мен құралдарын игеру, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды, сапа менеджменті жүйесін құру, жұмыс істеу және бағалау қағидаттарын, стандарттау жөніндегі құжаттардың болуы;

      4) инженерлік-техникалық, әкімшілік-басқару персоналын оқыту бағдарламасы шегінде біліктілік емтихандарын өткізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы;

      5) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысының АТ ТҚКЖ жөніндегі жұмыстарды орындауға инженерлік-техникалық персоналды жіберу туралы бұйрықтың болуы;

      6) инженерлік-техникалық персонал қатарынан жұмыс түрлері бойынша оқу орталықтары сертификатының (куәлігінің) және АТ ТҚКЖ рұқсатының болуы бойынша құжатталған ақпараттың болуы;

      7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындау кезінде тартылған адамдардың сапа жоспарының нақты талаптары туралы хабардар болуын есепке алу журналының болуы.

4-параграф. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжаттамасына қойылатын талаптар

      16. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым АТ ТҚКЖ орындау кезінде пайдалану, жөндеу, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы пайдаланады, олар:

      1) техникалық және өндірістік құжаттаманы, жұмыс карталарын әзірлеуді;

      2) АТ бұйымдарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;

      3) АТ бұйымдарының модификацияларын іске асыруды және конструкцияларын өзгертуді қамтамасыз етеді.

      17. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым пайдалану, жөндеу және техникалық құжаттамаға өзгерістер болған жағдайда әскери өкілдікпен және (немесе) уәкілетті органмен келісілген позициясы болады.

      18. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым пайдалану, өзгерістер енгізу, орындаушыларға жеткізу, пайдалану, жөндеу, технологиялық және өндірістік құжаттаманы есепке алу және сақтау рәсімдері бойынша АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысымен бекітілген стандарттың болу.

      19. Өз әзірлемелерінің технологиялық құжаттамасын пайдаланған жағдайда АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда АТ әзірлеушісінің және (немесе) бұйым әзірлеушінің келісілген позициясы болады.

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес жұмыстарды жүзеге асыру кезінде қажеттілігіне қарай тапсырыс беруші ұсынған құжаттаманы пайдаланады.

      20. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын растайтын ресімделген өндірістік құжаттама болады.

      21. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бұйымға ресімделген өндірістік құжаттама атауы бар бірыңғай құжаттар пакет жинақталады:

      1) Бұйымға техникалық қызмет көрсету жағдайында "ТҚК ісі";

      2) Бұйымды жөндеу немесе модификациялау жағдайында "Жөндеу ісі".

      22. Өндірістік құжаттаманың құрамы мен нысандарын АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қолданыстағы пайдалану, жөндеу немесе технологиялық құжаттама негізінде бұйым түріне және жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты әзірлейді, бекітеді және түзетеді.

      23. Техникалық қызмет көрсетуге арналған өндірістік құжаттаманы ("ТҚ ісі") АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым АТ бұйымын әзірлеуші бекіткен пайдалану құжаттамасы негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және онда мынадай ақпарат болады:

      1) АТ бұйымының атауы және нөмірі;

      2) техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстардың көлемі және операциялық мазмұны;

      3) жұмыстарды орындау және бақылау күндері;

      4) орындаушылардың және оларды бақылайтын адамдардың тегі мен қолдары (мөртабандары, жеке таңбалары).

      24. Жөндеуге арналған өндірістік құжаттаманы ("Жөндеу ісі") АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым жөндеу және технологиялық құжаттама негізінде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде әзірлейді және мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) АТ бұйымының атауы және нөмірі;

      2) модификацияларды және жөндеу немесе технологиялық құжаттама (техникалық шешімдердің парақтары, рұқсат карталары) талаптарынан рұқсат етілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұны;

      3) бөлшектердің, тораптар мен бұйымдардың нақты сипаттамалары мен параметрлері;

      4) жұмыстарды орындау және бақылау күндері;

      5) орындаушылардың және оларды бақылайтын адамдардың тегі мен қолдары (мөртабандары, жеке таңбалары).

5-параграф. Инфрақұрылымға қойылатын талаптар

      25. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда жоспарланған жөнделетін бұйым жұмыстарын орындау, жөндеу құралдарын және персоналды орналастыру үшін жеткілікті өндірістік алаңдары, ангарлары, цехтары, қойма, қызметтік, тұрмыстық үй-жайлары және сәйкес келмейтін өнімдерді жеке сақтауға арналған оқшауланған орындары болады.

      26. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өндірістік алаңдарына қойылатын талаптар:

      1) өлшемдері, жоспарлау бойынша пайдалану және жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес келуі, жарықтандыру, температура, ылғалдылық, тазалық және басқа да параметрлердің қамтамасыз етілуі;

      2) жұмыстарды орындау үшін қажетті энергия көздері мен коммуникациялардың (электр энергиясымен, сығылған ауамен, жылумен, сумен, желдетумен) болуы;

      3) жарылыстан, уытты әсерлерден бақылау және қорғау жүйелерінің болуы;

      4) ауаның ластануы барынша азайтылуы тиіс, АТ және оның компоненттерінің бетінде шаңның көрінетін ұшуы пайда болған кезде жұмыс аймағының ластануының осындай деңгейіне жол берілмейді;

      5) артық шуыл персоналға жұмыстарды орындауға кедергі келтірмеуі тиіс, шуыл көзін реттеу орынсыз болған жағдайда көрсетілген персонал шуылдан қорғайтын қажетті дербес құралдармен қамтамасыз етіледі.

      27. Жұмыс шарттары температура, ылғалдылық, тұман, мұз, қар, жел, жарық, шаң немесе ауаның өзге де ластануы бөлігінде жұмыс жағдайы қолайсыз деңгейге дейін нашарлаған жағдайда, онда АТ ТҚКЖ-ның нақты жұмысы немесе түрі жұмыстың қолайлы жағдайлары қалпына келтірілгенге дейінгі кезеңге кейінге қалдырылады.

      28. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым:

      1) бұйымдарды құрастыру учаскелерін жоңқаның, металл және абразивті шаңның және басқа да ластанулардың пайда болуымен механикалық өңдеудің кез келген түрлері орындалатын жерден оқшаулауды;

      2) бұйымдарды тазарту, жуу, бояу бойынша учаскелерді басқа жұмыс орындарынан оқшаулауды;

      3) өндірістің экологиялық қауіпсіздігіне, энергия тасымалдағыштардың сапасына, электромагниттік сәулеленудің әсерінен қорғауға, АТ ТҚКЖ сапасына әсер ететін өндірістік ортаның басқа да сипаттамаларына қойылатын белгіленген талаптардың орындалуын сақтауды қамтамасыз етеді;

      4) қойма үй-жайларында кондициялық, кондициялық емес материалдарды, бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандар мен жабдықтарды бөлек сақтауды;

      5) жоспарлауды, өндірісті басқаруды, сапаны басқаруды және құжаттаманы ресімдеуді және зерделеуді жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жайдың болуын қамтамасыз етеді.

      29. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда өнеркәсіптік тазалықты, өндірістің экологиялық қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі бөлімше болады.

6-параграф. Технологиялық жабдықтау құралдарына қойылатын талаптар

      30. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда:

      1) жоспарланған жұмыстарды орындау үшін қажетті технологиялық жарақтандыру құралдары, оларды сәйкестендіру мен есепке алуды қамтамасыз етіледі;

      2) технологиялық жабдықтау құралдарын пайдалану бойынша құжатталған ақпараттың болуы;

      3) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен технологиялық жабдықтау құралдарын есепке алу, сәйкестендіру және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру, таңбалау, есепке алу, беру, жалпы және жеке пайдалану құралдарының болуын тексеру жөніндегі ұйым стандартының болуы;

      4) технологиялық жарақтандырудың сәйкестендірілген құралдары және қажетті пайдалану құжаттамасының болуы. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым дайындаған технологиялық жарақтандыру құралдары Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес пайдалану құжаттамасының болуы;

      5) технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді жүзеге асыру және осы жұмыстардың орындалуы туралы деректерді тіркеу бойынша құжатталған ақпараттың болуы;

      Егер АТ әзірлеуші пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында технологиялық жабдықтаудың нақты құралдарын қолдануды ұйғарса, онда АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның құжатталған рәсімінде технологиялық жарақтандыру құралдарының өзге (баламалы) түрлерін қолдану бойынша рәсімдер белгіленген жағдайларды қоспағанда, АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым бұл құралды пайдаланады.

      АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым технологиялық жарақтандыру құралдарының өзге (баламалы) түрлерін қолданған жағдайда АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда бар технологиялық жарақтандыру құралдарының пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында АТ әзірлеушісі ұйғарған құралдарға баламалылығын АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым технологиялық жабдықтау құралдарының техникалық және метрологиялық сипаттамаларын салыстырмалы талдаумен растайды. Салыстырмалы талдау нәтижелері әскери өкілдікпен және (немесе) уәкілетті органмен келісілген актіде көзделеді.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес міндеттемелерді үздіксіз орындау мақсатында АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әскери өкілдікпен келісім бойынша АТ әзірлеушісі ұйғарған пайдалану немесе жөндеу құжаттамасында баламалы технологиялық жарақтандыру құралдарын даярлайтынына жол беріледі.

      31. Авиациялық техникада құрастыру-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым пайдаланатын жөндеу-монтаждық аспаптарда таңбалау болады.

7-параграф. Өндірістік процесті басқаруға және өнім шығаруға қойылатын талаптар

      32. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда:

      1) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысымен бекітілген өндірісті технологиялық дайындау, өндірістік процесті басқару және техникалық бақылау жөніндегі ұйым стандартының;

      2) қабылдау өлшемшарттарын және конфигурация туралы мәліметтерді қамтитын әскери өкілдікпен келісілген құжатталған ақпараттың;

      3) сыртқы ұйымдарға берілген процестер бойынша өндірістік құжаттаманың;

      4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша жұмыстарға конфигурацияны басқару процесін және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта айқындалған конфигурацияны басқару жөніндегі қосымша талаптарды іске асыру рәсімін қолданудың сипаттамасын қамтитын конфигурацияны басқарудың әзірленген жоспарының;

      5) өнімді кіріс бақылау, сақтау, дайындау және Сынау операциялары барысында бұйымдарды бақылау жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін сәйкестендіру және қадағалау тәртібі. Сәйкестендіру және қадағалауды қамтамасыз ету құралдары: мөртабандар (мөрлер), жапсырмалар, этикеткалар (биркалар) немесе тексеруге берілетін басқа да құралдар, ілеспе, нөмірленген, техникалық және өндірістік құжаттаманың;

      6) қауіпті сипаттамаларға (ресурс және қызмет ету мерзімі, қауіпсіздік, пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және сенімділігі) жататын өнімге және оның қасиеттеріне қойылатын талаптар бойынша құжатталған ақпараттың;

      7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шартына сәйкес АТ бұйымдарын жаңғырту және пысықтау жүзеге асырылатын сервистік бюллетеньдердің;

      8) АТ бұйымын түпкілікті қабылдауға дейін АТ ТҚЖ бойынша жұмыстардың әрбір кезеңінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шартының белгіленген талаптарына сәйкестігін көрсету үшін қажетті верификациялау (бақылау) және валидациялау (сынау) әдістерідің;

      9) сенімділікпен (сыртқы ұйымдардың өнімдері мен қызметтерінің сенімділігімен байланысты проблемаларды қоса алғанда) және тиісті құжаттаманы басқару проблемаларын бақылау жөніндегі құжатталған ақпараттың;

      10) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен және сәйкес келмейтін өнімді басқару жөніндегі ұйымның әскери өкілдікпен келісілген стандартының;

      11) сәйкес келмейтін өнім және қажетті түзету әрекеттері анықталған жағдайда әскери өкілдікке және уәкілетті органға жолданған хабарламаның;

      12) сәйкес келмейтін өнімді пайдалануға берілген рұқсаттардың саны және қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы құжатталған ақпараттың;

      13) сыртқы өнім беруші ұйымдардан түскен сәйкес келмейтін өнімді пайдалану жөніндегі әскери өкілдікпен және уәкілетті органмен келісілген позицияның (қажет болған жағдайда);

      14) көшірмесі әскери өкілдікке және (немесе) уәкілетті органға ұсынылатын шығарылатын өнімнің сапа сертификатының;

      15) әскери өкілдікті және уәкілетті органды өнімді және (немесе) жұмыстарды тапсыру күні туралы (қажет болған жағдайда) жолданған хабарламаның болуы тиіс.

8-параграф. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымды метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      33. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда:

      1) өлшем менеджменті жүйесіне арналған халықаралық стандарт талаптарына немесе оған ұқсас Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкес жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет тәртібінің;

      2) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның бірінші басшысы бекіткен АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның өлшем менеджменті жүйесінің рәсімін қамтитын метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі ұйым стандартының;

      3) жұмыс істейтін метрологиялық қызметінің;

      4) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымның басшысы тағайындаған өлшеу құралдарының жарамдылығын метрологиялық растау кестелерінің жай-күйін және сақталуын бақылауды жүзеге асыратын адамдардың;

      5) өлшем құралдарының тізілімі және өлшем құралдарының жарамдылығын метрологиялық растау кестесінің;

      6) АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым әзірлейтін технологиялық және конструкторлық құжаттамаға метрологиялық сараптама нәтижелерінің;

      7) технологиялық процестен алынған, метрологиялық тексеруден өтпеген ақаулы өлшеу құралдары мен өлшеу құралдарының тізбесінің;

      8) егер өлшем құралының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекетаралық және ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, алдыңғы өлшеу нәтижелерін бағалау және тіркелуінің;

      9) өлшем құралдарының жарамдылығын метрологиялық растаудан өтпеген өлшемдердің алдыңғы нәтижелеріне әсері туралы әскери өкілдікті және уәкілетті органға хабарламаның болуы тиіс.

      34. Өлшеу құралдарына қойылатын талаптар:

      1) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес мерзімде жарамдылығын метрологиялық растаудың болуы;

      2) жарамдылығын растау мәртебесін белгілеу мақсатында өлшеу құралдарын сәйкестендірудің болуы;

      3) реттеуден қорғалудың болуы;

      4) пайдалану, техникалық қызмет көрсету және сақтау барысында зақымданудан және жай-күйінің нашарлауынан қорғалуының болуы тиіс.

9-параграф. Жеткізушілермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар

      35. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда:

      1) Өнім берушілер тізбегі және сыртқы өнім беруші ұйымдардың сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы, өнім беруші-сыртқы ұйымға берілген сыни бұйымдарға, аса жауапты жұмыстарға немесе конструктивтік элементтерге, сыналмаған техникалық шешімдерге қатысты жұмыстар бойынша мониторингтің талдау нәтижелерінің;

      2) өнімдер мен қызметтерді жеткізуші-сыртқы ұйымдардың өзекті тізбесінің (тізімі);

      3) Сыртқы жеткізуші ұйымдардан жеткізу құжаттарын тексеру туралы құжатталған ақпараттың;

      4) жоспарлау кезеңінде келісімшарттық талаптар туралы құжатталған уағдаластықтың;

      5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті рәсімдерді сыртқы жеткізуші ұйымдардың сақтауы бойынша мониторинг нәтижелерінің;

      6) контрафактілік бұйымның АТ бұйымдарына түсуін анықтау, кәдеге жарату және болдырмау процестері жөніндегі нұсқаулықтың;

      7) жөндеуге, қайта жасауға ұшыраған және қабылдаудан бас тартқан (қажет болған жағдайда) сыртқы жеткізуші Ұйымның әскери өкілдігі мен өнім жөніндегі уәкілетті органның атына жолданған хабарламаның.

      36. Әскери өкілдіктің және (немесе) уәкілетті органның қосалқы мердігерлік шарттардың (келісімшарттардың) және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шартын орындауға байланысты өзге де құжаттаманың көшірмелерін беру туралы сұрау салулары бойынша ұйымда жоғарыда көрсетілген ақпаратты беру жөніндегі жауабының болуы тиіс.

      37. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйым қызметі туралы ақпарат белгісіз немесе қосалқы мердігерлік шарттың нысанасы техникалық шешімдермен сыналмаған сындарлы бұйымдармен, ерекше жауапты жұмыстармен немесе конструктивтік элементтермен байланысты сыртқы жеткізуші ұйыммен қосалқы мердігерлік шарт жасасқан жағдайда АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда әскери өкілдіктің және уәкілетті органның атына жолданған хабарламаның болуы тиіс.

10-параграф. Жеткізушілердің өнімдерін верификациялауға қойылатын талаптар

      38. АТ ТҚКЖ жөніндегі ұйымда:

      1) қажетті сандық параметрлерді тексеруді және материалдарға (бұйымдарға) және бағдарламалық құралдарға паспорттардың (сертификаттардың, формулярлардың, сынақ хаттамаларының) және Тапсырыс талаптарына сәйкестігін тексеруді көздейтін өнім берушілердің (құрамдас бөліктердің, жинақтаушы бұйымдардың, материалдардың, шикізаттың, бағдарламалық құралдардың) өнімін верификациялау және кіру бақылауы жөніндегі құжатталған ақпараттың;

      2) өнім сапасын қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі нұсқаулықтың:

      тиеу-түсіру жұмыстары және ішкі тасымалдау (дайын өнім қоймасына);

      жинау және сақтау;

      консервацияны қоса алғанда, буып-түю;

      тұтынушыға жеткізу (тиеу және межелі жерге дейін тасымалдау);

      3) жарамдылық мерзімі шектеулі (қызмет ету мерзімі) өнімді сақтау мерзімдері бойынша құжатталған ақпараттың);

      4) өнімнің жарамдылық мерзімінің (қызмет ету мерзімінің) қалдығы туралы әскери өкілдікке хабарламаның (қажет болған жағдайда) болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады