Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 19342 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңы 4-бабының 3-5) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы 12-бабының 1-тармағының 1-1) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10259 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 31 бұйрығымен
бекітілген

Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 273-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

1

"тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының атауы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

2

биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және "Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) белгілеген талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының электрондық сауда жүйесі туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

3

бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған, арнайы бөлімдерді (тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі; биржалық сауда-саттықтар нәтижелері; биржалық тауарларға баға белгілеу; уәкілетті органға ұсынылатын есептік ақпарат) көздейтін және тауар биржасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастыруын (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) қамтамасыз ететін тауар биржасының өз интернет-ресурсы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес интернет-ресурс туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

4

клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және "Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндет атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) белгілеген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес клирингтік орталық туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

5

Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес тек стандартталмаған тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының жарғылық капиталы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

5-1

Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес биржалық тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының жарғылық капиталы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

6

білім деңгейіне (бірінші басшы үшін – жоғары білім, басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлер үшін – жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін – биржалық қызмет саласында және (немесе) қаржы ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл) сәйкес келетін тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамы және экономикалық қызмет пен сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыстар жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін)

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.
"Электрондық үкімет" веб-порталында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алу www.egov.kz.

7

уәкілетті органмен келісілген (егер мұндай келісім міндетті болып табылса) және тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызметтер көрсету, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін тауар биржасының ішкі құжаттары

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының бекітілген ішкі құжаттары туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

8

тауар биржасының өз интернет-ресурсында "Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндет атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) бекітілген Биржалық сауданың үлгі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін, тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) Биржалық сауда қағидалары

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының интернет-ресурсында Биржалық сауда қағидаларын орналастыру туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

  Тауар биржаларының қызметіне
қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша

Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 273-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Фирмалық атауының болуы:

      заңды тұлғаның толық атауы __________________________________.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы расталады:

      қабылдау-тапсыру актімен (қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесімен қоса беру);

      пайдалануға беру туралы актімен (пайдалануға беру туралы актісінің көшірмесімен қоса беру);

      негізгі құралдардан үзінді-көшірмемен (үзінді көшірмесімен қоса беру) ;

      техникалық тапсырмамен (техникалық тапсырманың көшірмесімен қоса беру).

      Өз интернет-ресурсының болуы (интернет-ресурсқа меншік құқығын куәландыратын растайтын құжаттарды қоса беру):

      бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы ________________;

      Мынадай арнайы бөлімдердің болуы:

      тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі _________________;

      биржалық сауда-саттық нәтижелері __________________________________;

      биржалық тауарларға баға белгілеу __________________________________;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндет атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) Биржа саудасының үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Биржа саудасының үлгі қағидалары) сәйкес уәкілетті органға ұсынылатын есептік ақпарат ______________________________.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) белгіленген клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығының болуы клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарттың нөмірі мен күні (клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарттың көшірмесімен қоса беру):

      клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарттың нөмірі мен күні __________;

      клирингтік ұйымның атауы ______________________________________________;

      клирингтік ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________;

      клирингтік ұйымның тіркелген күні _______________________________________.

      5. Тауар биржасының жарғылық капиталының болуы:

      Стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін жарғылық капиталдың мөлшері (тауар биржасының арнайы банк шотынан көшірменің қоса берілген көшірмесімен расталады) ____________________________________________________________;

      Тек биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін жарғылық капиталдың мөлшері (тауар биржасының арнайы банктік шотынан көшірменің қоса берілген көшірмесімен расталады) ____________________________________________________________.

      6. Тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамының болуы:

      1) Бірінші басшының:

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________;

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (бұйрықтың көшірмесімен қоса беру);

      құрылтайшылардың тағайындау туралы шешімінің (Қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) (шешімнің көшірмесімен қоса беру) __________________;

      атқаратын қызметі __________________________________.

      Жоғары білімінің болуы:

      жоғары оқу орнының атауы __________________________________;

      мамандық атауы __________________________________;

      біліктілік атауы __________________________________;

      диплом нөмірі (диплом көшірмелерін қоса беру) _____________________________;

      дипломның берілген күні __________________________________;

      дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда) __________________________.

      Тауар биржалары саласында және (немесе) қаржы ұйымдарында жұмыс өтілінің болуы (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қоса беру);

      жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________;

      жұмыс орны _____________________________________________________;

      жұмыс кезеңі ____________________________________________________;

      лицензияның нөмірі мен қолданылу кезеңі (қаржы қызметі және (немесе) тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша) _______________________;

      атқаратын қызметтері __________________________________;

      2) Штат кестесіне сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлерінің:

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _______________;

      атқаратын қызметі __________________________________.

      Жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білімнің болуы:

      жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі оқу орнының атауы ____________________________;

      мамандық атауы ________________;

      біліктілік атауы _________________;

      диплом нөмірі (диплом көшірмелерін қоса беру) __________________;

      дипломның берілген күні ________;

      дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда) ____________________________.

      7. Тізбесі тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, сауда-саттыққа қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтитын Биржа саудасының үлгі қағидаларында белгіленген, тауар биржасының мынадай бекітілген (қабылданған) ішкі құжаттарының болуы:

      1) Биржалық және (немесе) стандартталмаған тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімнің нысаны мен мазмұны:

      бекітілген күні мен нөмірі __________________________________________;

      2) Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламенті және төрешілер тізілімі:

      бекітілген күні мен нөмірі ___________________________________________;

      3) Биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы үлгілік шарттың нысаны:

      бекітілген күні мен нөмірі _________________________________________;

      4) Тауар биржасы көрсететін қызметтердің тарифтері:

      бекітілген күні мен нөмірі _________________________________________;

      5) Биржалық және стандартталмаған тауарлардың кодтарын беру тәртібі:

      бекітілген күні мен нөмірі ___________________________________________;

      6) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы Ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламалары:

      бекітілген күні мен нөмірі (қағидалардың көшірмелерімен қоса беру) _____________________________;

      7) Тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптар:

      бекітілген күні мен нөмірі (талаптардың көшірмелерімен қоса беру) _____________________________.

Об утверждении Квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, к деятельности товарных бирж

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 3 сентября 2019 года № 31. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 сентября 2019 года № 19342.

      В соответствии с подпунктом 3-5) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 4 мая 2009 года "О товарных биржах" и подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Квалификационные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им, к деятельности товарных бирж.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 171 "Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и дилеров и перечня документов, подтверждающих соответствие им" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10259, опубликован 05 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Департаменту внутренней торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр Б. Сұлтанов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство
национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра
торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 3 сентября 2019 года № 31

Квалификационные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им, к деятельности товарных бирж

      Сноска. Квалификационные требования и перечень документов с изменениями, внесенными приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции РК от 29.06.2022 № 273-НҚ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Квалификационные требования включают наличие:

Документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям

1

Фирменного наименования товарной биржи, включающее в себя наименование "акционерное общество "товарная биржа" и название общества

Форма сведений, содержащая достоверную информацию о наименовании товарной биржи, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

2

электронной торговой системы товарной биржи, обеспечивающей автоматизацию процесса заключения биржевых сделок, а также сбора, хранения, обработки и раскрытия информации и соответствующей требованиям, установленным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 141 "Об утверждении обязательных требований к электронной торговой системе товарных бирж" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10695)

Форма сведений, содержащая достоверную информацию об электронной торговой системе товарной биржи, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

3

собственного интернет-ресурса товарной биржи, имеющего уникальный сетевой адрес и (или) доменное имя и функционирующего в Интернете, предусматривающего специальные разделы (перечень аккредитованных членов товарной биржи; результаты биржевых торгов; котировка биржевых товаров; отчетная информация, предоставляемая уполномоченному органу) и обеспечивающего размещение товарной биржей информации на государственном и русском языках (в текстовом, графическом, аудиовизуальном или ином виде)

Форма сведений, содержащая достоверную информацию об интернет-ресурсе, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

4

клирингового центра товарной биржи, имеющего аппаратно-программный комплекс, обеспечивающий автоматизацию процесса клиринговой деятельности и соответствующий требованиям, установленным приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 729 "Об утверждении Правил осуществления клиринговой деятельности по биржевым сделкам и Требований к аппаратно-программному комплексу клирингового центра товарной биржи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12605)

Форма сведений, содержащая достоверную информацию о клиринговом центре, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

5

уставного капитала товарной биржи, которая организует торги только нестандартизированными товарами - не менее трехсоттысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом Республики Казахстан о республиканском бюджете

Форма сведений, содержащая достоверную информацию об уставном капитале товарной биржи, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

5-1

уставного капитала товарной биржи, которая организует торги биржевыми товарами - не менее шестисоттысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом Республики Казахстан о республиканском бюджете

Форма сведений, содержащая достоверную информацию об уставном капитале товарной биржи, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

6

квалифицированного состава работников товарной биржи, соответствующего образовательному уровню (для первого руководителя – высшее образование, для работников, не занимающих руководящие должности – высшее и (или) послесреднее образование) и опыту практической деятельности (для первого руководителя – стаж работы в сфере биржевой деятельности и (или) в финансовых организациях не менее трех лет) и отсутствия неснятой или непогашенной судимости за совершение преступлений в сфере экономической деятельности и коррупционных преступлений (для первого руководителя)

Форма сведений, содержащая достоверную информацию об образовании и стаже работы первого руководителя и работников товарной биржи, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям.
Получение справки о наличии либо отсутствии судимости на веб-портале "электронного правительства" www.egov.kz.

7

внутренних документов товарной биржи, согласованных с уполномоченным органом (если такое согласование является обязательным) и утвержденных (принятых) товарной биржей, регулирующих условия и порядок деятельности участников на товарной бирже, работу товарной биржи, ее органов, структурных подразделений, оказание, порядок и размер оплаты услуг, коммерческую тайну на товарной бирже, а также постоянно действующего биржевого арбитража

Форма сведений, содержащая достоверную информацию об утвержденных внутренних документах товарной биржи, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

8

на собственном интернет-ресурсе товарной биржи утвержденных (принятых) товарной биржей Правил биржевой торговли, соответствующих требованиям Типовых правил биржевой торговли, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 280 "Об утверждении Типовых правил биржевой торговли" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10993)

Форма сведений, содержащая достоверную информацию о размещении на интернет-ресурсе товарной биржи Правил биржевой торговли, согласно приложению к настоящим квалификационным требованиям

  Приложение
к Квалификационным требованиям
и перечень документов,
подтверждающих соответствие им,
к деятельности товарных бирж

Форма сведений о соответствии квалификационным требованиям к деятельности товарных бирж

      Сноска. Приложение - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции РК от 29.06.2022 № 273-НҚ (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Наличие фирменного наименования:
полное наименование юридического лица _______________________________________.

      2. Наличие электронной торговой системы товарной биржи, соответствующей
Обязательным требованиям к электронной торговой системе товарных бирж,
утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан
от 26 февраля 2015 года № 141 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов под № 10695) потверждается:
актом о приеме-передачи (с приложением копии акта о приеме-передаче);
актом о вводе в эксплуатацию (с приложением копии акта о вводе в эксплуатацию);
выпиской из основных средств (с приложением копии выписки);
техническим заданием (с приложением технического задания).

      3. Наличие собственного интернет-ресурса (с приложением подтверждающих документов,
удостоверяющие право собственности на интернет-ресурс):
уникальный сетевой адрес и (или) доменное имя __________________________________;
Наличие специальных разделов:
перечень аккредитованных членов товарной биржи _______________________________;
результаты биржевых торгов _________________________________________________;
котировка биржевых товаров _________________________________________________;
отчетная информация, представляемая уполномоченному органу, в соответствии
с Типовыми правилами биржевой торговли, утвержденными приказом исполняющего
обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан
от 30 марта 2015 года № 280 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов под № 10993) (далее – Типовые правила биржевой торговли)
__________________________________________________________________________.

      4. Наличие клирингового центра товарной биржи, имеющего аппаратно-программный комплекс,
обеспечивающий автоматизацию процесса клиринговой деятельности и соответствующий
требованиям к аппаратно-программному комплексу клирингового центра товарной биржи,
установленным приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики
Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 729 (зарегистрирован в Реестре государственной
регистрации нормативных правовых актов под № 12605), подтверждается договором о клиринговом
обслуживании (с приложением копии договора о клиринговом обслуживании).
Наименование клиринговой организации __________________________________________;
бизнес-идентификационный номер клиринговой организации _________________________;
дата регистрации клиринговой организации _______________________________________.

      5. Наличие уставного капитала товарной биржи:
дата утверждения отчета об итогах размещения акций (с указанием отчетного периода размещения акций)
(с приложением отчета об итогах размещения акций) _________________________________;
размер уставного капитала для товарной биржи, которая организует торги только нестандартизированными
товарами (подтверждается прилагаемой копией выписки из специального банковского счета товарной биржи)
____________________________________________________________________________;
Размер уставного капитала для товарной биржи, которая организует торги только биржевыми товарами
(подтверждается прилагаемой копией выписки из специального банковского счета товарной биржи)
____________________________________________________________________________;

      6. Наличие квалифицированного состава работников товарной биржи:
1) У первого руководителя:
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) _________________________________________;
Приказ о принятии на работу (с приложением копии приказа);
Решение учредителей (Протокол общего собрания участников) о назначении (с приложением копии решения)
____________________________________________________________________________;
занимаемая должность _________________________________________________________.
Наличие высшего образования:
наименование высшего учебного заведения ________________________________________;
наименование специальности ____________________________________________________;
наименование квалификации ____________________________________________________;
номер диплома _______________________________________________________________;
дата выдачи диплома __________________________________________________________;
дата и номер выдачи удостоверения о признании/нострификации диплома (для дипломов, выданных
зарубежными образовательными учреждениями, за исключением обладателей международной
стипендии "Болашак") _________________________________________________________.
Наличие стажа работы в сфере товарных бирж и (или) в финансовых организациях
(с приложением копии документа, подтверждающего трудовую деятельность работника
в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан);
общий стаж работы ___________________________________________________________;
место работы ________________________________________________________________;
период работы _______________________________________________________________;
номер и период действия лицензии (по финансовой деятельности и (или) деятельности
в сфере товарных бирж) _______________________________________________________;
занимаемые должности ________________________________________________________;
2) У работников товарной биржи, не занимающих руководящие должности,
согласно штатному расписанию:
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ________________________________________;
номер и дата приказа о принятии на работу _______________________________________;
занимаемая должность ________________________________________________________.
Наличие высшего и (или) послесреднего образования:
наименование высшего и (или) послесреднего учебного заведения ____________________;
наименование специальности __________________________________________________;
наименование квалификации __________________________________________________;
номер диплома (с приложением копии диплома) __________________________________;
дата выдачи диплома ________________________________________________________;
дата и номер выдачи удостоверения о признании/нострификации диплома (для дипломов,
выданных зарубежными образовательными учреждениями, за исключением обладателей
международной стипендии "Болашак") _________________________________________.

      7. Наличие утвержденных (принятых) внутренних документов товарной биржи, перечень
которых установлен Типовыми правилами биржевой торговли, содержащих условия обеспечения
сохранности сведений, составляющих коммерческую тайну на товарной бирже, не допускающие
их использования в личных интересах участников торгов, их представителей или третьих лиц:
1) Форму и содержание заявки на продажу (покупку) биржевого и (или) нестандартизированного товара:
номер и дата утверждения (с приложением копии формы заявки) _____________________;
2) Регламент постоянно действующего биржевого арбитража и реестр арбитров:
номер и дата утверждения _____________________________________________________;
3) Форму типового договора об оказании услуг по организации биржевой торговли:
номер и дата утверждения _____________________________________________________;
4) Тарифы за оказываемые товарной биржей услуги:
номер и дата утверждения _____________________________________________________;
5) Порядок присвоения кодов биржевых и нестандартизированных товаров;
номер и дата утверждения _____________________________________________________;
6) Правила внутреннего контроля и программы его осуществления в целях противодействия
легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма:
номер и дата утверждения (с приложением копии правил) ____________________________;
7) Требования к аппаратно-программному комплексу клирингового центра товарной биржи:
номер и дата утверждения (с приложением копии требований) ________________________.