"Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 19358 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларында:

      11-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге мыналар жатады:

      1) егер осы актілердің нормалары ұйым қызметкерінің қызметіне өзгерістер енгізетін болса, электр энергетикасы саласындағы жаңа құқықтық актілерін қолданысқа енгізу, электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде персонал тарапынан жазатайым оқиғаға алып келген электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісі;

      3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр, жылу энергиясын өндіру, беру, тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      4) жобалау, құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар кезіндегі персоналдың қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      5) ұйымда электр энергетикасы саласында жұмыс істеу кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      6) жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту кезінде, егер бұл ұйым қызметкерлерінің қызметінде өзгерістерге әкеп соқса, ұйымның техникалық басшысы шешім қабылдамаған кезде, оған қатысты бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      7) электр энергетикасы саласындағы сараптама, жобалау ұйымдарының соның ішінде өзгерістер мен сынаулар бойынша зертханалардың (электр зертханаларының) мамандары тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы жатады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Комитет 2 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы хабарламаны жіберу жолымен осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылардан қабылдап алғанын растайды.

      Басшы өтінішті кері қайтарып алған жағдайда Комитет 2 жұмыс күні ішінде оған "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінішті қарауды тоқтату туралы хабарлама жібереді.

      Басшы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі, сонымен қатар басшының және (немесе) ұсынылған материалдар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Комитет білімге біліктілік тексеру жүргізуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тестілеу тестіленушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде компьютерлік тәсілмен автоматтандырылған білімді біліктілік тексеру жүйелерімен жабдықталған орындарда жүргізіледі. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес біліктілік тексеруден өтуге тиіс шетелдік адамдар (резидент еместер) осы Қағидаларға сәйкес тестілеуден жалпы негізде өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейге тең немесе одан жоғары болса, онда басшыға "өтті" деген тестілеудің оң нәтижесі беріледі.

      Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейден төмен болса, онда басшыға "өткен жоқ" деген тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Білімге бастапқы немесе кезекті біліктілік тексеру кезінде шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған немесе тестілеуге дәлелді себептерсіз келмеген басшы атқаратын лауазымы шегінде өз біліктілігін растамаған болып есептеледі. Бұл жағдайларда басшы шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қайта өтініш беру арқылы білімге кезектен тыс біліктілік тексеруден өтеді.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда басшы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол өткен күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей аппеляцияға өтініш беру жолымен олардың нәтижесіне шағымдануға құқылы.

      34. Өтініштерді қарауды Комитеттің апелляциялық комиссиясы (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) өтініш келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде жүргізеді.";

      Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр К. Бозумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 299 бұйрығына
қосымша
  Электр қондырғыларының
техникалық жай-күйін және
оларды пайдалану қауіпсіздігін
бақылау үшін электр және жылу
энергиясын өндіруді, беруді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуіне
біліктілік тексерулер жүргізу
қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан

Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі

Тестілеу күні


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Жеке сәйкестендіру нөмірі


Тест сұрақтарының саны


Шекті мәні


Дұрыс жауап саны


Нәтиже


      "Тестілеу нәтижесі бойынша ________________________________ электр

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік

      техникасы қағидаларын білуіне ________________________________ біліктілік

                                    (бастапқы, мерзімді немесе кезектен тыс)

      тексеруден өтті/өткен жоқ және электр қауіпсіздігі бойынша ________________

                                                      (рұқсаттама тобын көрсету)

      рұқсаттама топ берілді/берілген жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады