Байланыс формасы

Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 775 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қазанда № 19479 болып тіркелді.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 15 қазандағы
№ 775 бұйрығымен
бекітілген

Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақты басқарушы компанияның арнайы экономикалық немесе индустриялық аймаққа қатысушылар арасында жер учаскелерін бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақты басқарушы компанияның арнайы экономикалық немесе индустриялық аймаққа қатысушылар арасында жер учаскелерін бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      3) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      4) индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;

      5) жоба – арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушісінің немесе қатысушысының басым қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушының, өтініш берушісінің немесе қатысушысының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін қазіргі заманға өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер мен көрсетілетін қызметтер құруды көздейтін іс-шаралар кешені;

      6) қызметті жүзеге асыру туралы шарт – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.

2-тарау. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу тәртібі

      3. Қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарт негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ қатысушысының жобасын іске асыру үшін көзделген жер учаскесінің бөлігін осы жобада айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті.

      Бұл ретте көрсетілген шарт жасалған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау жағдайларын қоспағанда, осындай қатысушының келісімінсіз басқарушы компания осылайша резервке қойылған жер учаскелерін өзге адамдарға бере алмайды немесе өзгеше түрде иеліктен шығара алмайды.

      4. Резервке қойылатын жер учаскесінің алаңы арнайы экономикалық немесе индустриялық аймаққа қатысушы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде көрсетілген алаңнан аспауы тиіс.

      5. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруын, сондай-ақ индустриялық аймақ қатысушысының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына арналмаған жер учаскесін беруге жол берілмейді.

      6. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін қайталама жерді пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) шарттары негізінде қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығымен беріледі.

      7. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелері арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша қайталама пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) шарттары негізінде уақытша қайталама пайдалану (қосалқы жалға алу) құқығымен беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады