"Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19485 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 291 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.09.2020 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12233 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі портал арқылы келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінімді тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының (бұдан әрі – басшылық) қарауына құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде береді;

      2) басшылық 60 (алпыс) минут ішінде өтінім мазмұнымен танысады және қарар қоя отырып орындаушыға береді;

      3) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қарайды, көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін белгілеу үшін, қажет болған жағдайда, үлгілерді ала отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында үлгілерді алады және фитосанитариялық сараптамаға жібереді, Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе уәжді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде дайындайды;

      орындаушы көрсетілген мерзімдерде:

      жете тексеру негізінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді, ал карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде карантиндік сертификатты ресімдейді;

      карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында, карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы мен карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі негізінде карантиндік сертификатты ресімдейді;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы расталған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, карантиндік сертификатты ресімдейді;

      уәжді бас тартқан жағдайда, 1 (бір) сағат ішінде дайындалған хатты танысу және қол қою үшін басшылыққа жолдайды;

      4) басшылық 1 (бір) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және уәжді бас тартуға қол қойып, орындаушыға береді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 30 (отыз) минут ішінде электрондық құжат нысанында дайындалған карантиндік сертификатты немесе уәжді бас тартуды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жолдайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ҚФБ-сы арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі портал арқылы келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінімді тіркейді және орындаушыны айқындау үшін басшылықтың қарауына құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде береді;

      2) басшылық 60 (алпыс) минут ішінде өтінім мазмұнымен танысады және қарар қоя отырып, орындаушыға береді;

      3) орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қарайды;

      ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы расталған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда карантиндік сертификатты ресімдейді;

      уәжді бас тартқан жағдайда, 1 (бір) сағат ішінде дайындаған хатты танысу және қол қою үшін басшылыққа жолдайды;

      4) басшылық 1 (бір) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және уәжді бас тартуға қол қойып, орындаушыға береді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 30 (отыз) минут ішінде электрондық құжат нысанында дайындалған карантиндік сертификатты немесе уәжді бас тартуды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады