Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 567 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 798 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қазанда № 19512 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 259 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 29 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 259 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.06.2023 № 474 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидалары осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ведомствоаралық комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 5 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 46 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13212 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2019 жылғы 22 қазандағы
№ 567 және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 қазандағы
№ 798 бірлескен бұйрығына
қосымша

Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттарының тізбесі мен санын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін (бұдан әрі – Шетелдік жұмыскерлер санаттарының тізбесі мен саны) айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      3) жергілікті атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) комиссия – арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссия;

      6) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Бірыңғай үйлестіру орталығы) – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;

      9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Комиссияның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындау тәртібі

      3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындау туралы өтінішті (ерікті нысанда) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес негіздемесін қоса бере отырып арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына береді.

      4. Өтінішке шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мынадай құжаттары қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі немесе біліктілігі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ және/немесе орыс тілінде);

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы;

      4) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлерді тартуының негіздемесі;

      5) құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаның (келісімшарт/шарт) көшірмесі.

      5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сай келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына пысықтауға қайтарады.

      Осы Қағидалардың 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тартуға арналған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтінішін пысықтауға қайтару арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында мазмұндалған құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады, олар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысында сақталады.

      Құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органға қарауға жолдайды.

      6. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ұсынған материалдар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келіп түскен материалдарды комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды.

      7. Комиссияны арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган құрады. Оның құрамына уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, тиісті жергілікті атқарушы органдардың және бірыңғай үйлестіру орталығының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелері тақ саннан тұрады, олардың қатарынан төраға тағайындалады.

      Комиссия жұмысын ұйымдастыру үшін комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы тағайындалады.

      8. Комиссия отырыстары өткізіледі және тағайындалады:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ұсынған құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан осы Қағидалардың 21-тармағы негізінде шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі және тағайындалады.

      9. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес айқындалады.

      10. Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелері санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып есептеледі.

      11. Комиссияның шешімі арнайы экономикалық аймақтың әрбір қатысушысына қатысты жеке қабылданады және ресімделеді.

      12. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

      13. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хатшы хаттама ресімдейді, оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелері комиссия отырысы күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.

      14. Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде комиссия арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына хаттамадан үзіндіні жібереді.

      15. Хаттамадан үзіндіні арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді.

      16. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы хаттамадан үзіндіні алғаннан кейін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жұмыс визасын ресімдейді.

      17. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындаудан бас тарту үшін мыналар:

      1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипатамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылардың, мамандардың және қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың жеке (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы негіз болып табылады.

      18. Комиссия мүшелері арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының өтініштерін қосымша қарау қажет болған не комиссия отырысының хаттамасы шешімінің күші жойылған жағдайда комиссия отырысына бастамашылық етеді.

      19. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтаған кезде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы бұл туралы екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын хабардар етеді.

      20. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтағаны туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы бұл туралы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

3-тарау. Шағымдану тәртібі

      21. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары комиссия шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен оған шағымдануға құқылы.

  Комиссияның арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда
құны бір миллион айлық есептік
көрсеткіштен жоғары
жобалармен жұмыс істейтін,
сондай-ақ арнайы экономикалық
аймақтардың аумағында
құрылыс-монтаж жұмыстарын
орындау кезеңінде және сәйкес
объект (объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл
өткенге дейін арнайы
экономикалық аймақтардың
аталған қатысушылары
(не олардың мердігерлері) бас
мердігер, мердігер, қосалқы
мердігер немесе көрсетілетін
қызметтерді орындаушы ретінде
тартатын ұйымдарда жұмыс
істейтін шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар
санаттары мен санының тізбесін
айқындау қағидаларына
қосымша
  нысан

Жұмыс берушінің арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тартуының негіздемесі

Р/с №

АЭА қатысушысының атауы, заңды мекенжайы

АЭА қатысушысының қызмет түрі

Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Жобаның атауы

Жобаның сомасы

Нақты шетелдік жұмыскерге қажеттіліктің негіздемесі

Шетелдік жұмыскердің Т.А.Ә.

Санаты

Кәсібі (мамандығы)

Лауазымдық міндеттері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Басшы ______________________________________________________

                        (қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы)

      20__ жылғы " ___ " _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады