Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 302/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қарашада № 19599 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 55/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.02.2022 № 55/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16201 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 239/НҚ бұйрығының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті бекітілген заңнамаға сәйкес:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Жумагалиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2019 жылғы
13 қарашадағы № 302/НҚ
бұйрығымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (Ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы

Жауапты бөлімше

1.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі туралы ақпарат

Жыл сайын (жылына 1 рет)

Есептік жылдан кейінгі 20 қаңтарына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әдеп жөніндегі уәкілі

2.

Министрліктің сапалық және сандық құрамы (мемлекеттік қызметшілерді )

Жыл сайын (жылына 1 рет)

Есептік жылдан кейінгі 20 қаңтарға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Адами ресурстарды басқару департаменті

3.

Министрлікте бар бос лауазымдар туралы мәліметтер

Өзгерген кезде

Үш жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Адами ресурстарды басқару департаменті

4.

Министрліктің құрылымы

Өзгерген кезде

Үш жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Адами ресурстарды басқару департаменті

5.

Министрлік қызметінің салалары бойынша ведомствалық наградалар иегерлерінің тізбесі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

15 маусымға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Адами ресурстарды басқару департаменті

6.

Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспары

Жыл сайын (жылына 1 рет)

30 желтоқсанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Қаржы департаменті

7.

Министрлік басшылығының жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-сына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшілендіру департаменті

8.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша статистикалық деректер

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 20-сына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшілендіру департаменті

9.

Министрліктің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер

Жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылдаған немесе өзгерістер енгізілген кезде

қолданысқа енгізілген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Заң департаменті

10.

Министрліктің Қоғамдық кеңесінің құрамы

Қажеттілігіне қарай

Құрамға өзгерістер енгізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Стратегиялық жоспарлау департаменті

11.

Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар туралы мәліметтер

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Инновациялық экожүйесі департаменті

12.

Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

Есептік жылдан кейінгі 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

"Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті

13.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

Келесі есептік жылдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

"Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті

14.

Қазақстан Республикасы халықының 3G, 4G ұялы байланыс қызметімен қамту пайызы

Жыл сайын (жылына 1 рет)

есептілік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

15.

Байланыс қызметтерінен түскен табыстар

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

16.

Өңірлер бойынша телефон тығыздығы

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

17.

Тіркелген телефон байланысы бойынша статистикалық деректер

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

18.

Ұялы байланыс бойынша статистикалық деректер

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

19.

Кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізу бойынша статистикалық деректер

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-іне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

20.

Кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізу үшін тіркелген (сымды) және сымсыз трафигі, Гбайт

Жыл сайын (жылына 1 рет)

20 мамырға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

21.

Байланыс саласының негізгі капиталына инвестициялар

Жыл сайын (жылына 1 рет)

1 шілдеге дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

22.

Пошта байланысының қызметтерін ұсынатын компаниялардың тізбезі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 ақпанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

23.

"Қазпошта" акционерлік қоғамы бөлімшелерінің тізімі (кестесі және орналасқан жері)

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 ақпанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

24.

Пошта байланысы бойынша статистикалық мәліметтер

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 мамырға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

25.

Халықаралық пошта алмасу (тапсырыс, қарапайым хаттардың көлемі, пошта аударымдары)

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 мамырға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

26.

Пошта бөлімшелеріндегі қызметтер тізбесі (қызметтердің тізбесі, сипаттамасы, тарифтер, жеткізу мерзімі)

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 сәуірге дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

27.

Қазақстан Республикасының пошта индекстері

Жыл сайын (жылына 1 рет)

25 ақпанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті

28.

Министрліктің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

Есептік жылдан кейінгі 20-сына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі аудит департаменті

29.

Министрліктің Ғылыми-техникалық кеңесінің құрамы мен ережесі

Өзгерген кезде

Бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ғылыми-технологиялық даму департаменті

30.

Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларда халықаралық шарттар тізімі

Жартыжылдықта бір рет

Есептік жылдан кейінгі айдың 30-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталы АЖО

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

31.

Министрліктің халықаралық іс-шаралар жоспары

Жартыжылдықта бір рет

Келесі есептік кезеңнен кейінгі айдың 30-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталы АЖО

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

32.

Электрондық өнеркәсіп өнімдерін шығаратын қазақстандық кәсіпорындар каталогы

Өзгерген кезде

Он жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті

33.

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

Өзгерген кезде

Бес жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Корпоративтік басқару департаменті

34.

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы лицензиаттар тізімі

Өзгерген кезде

Екі жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Аэроғарыш комитеті

35.

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алушылардың тізімі

Өзгерген кезде

Екі жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Аэроғарыш комитеті

36.

Ғарыш қызметі саласындағы ұлттық стандарттар тізімі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

20 желтоқсанға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Аэроғарыш комитеті

37.

"Ұялы желі халықтық бақылау" сервисі бойынша шағымдарға сәйкес жүргізілген тексерулер туралы есептер

Жартыжылдықта бір рет

Есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Телекоммуникациялар комитеті

38.

Телекоммуникациялар және пошта байланысы әмбебап қызметтеріне арналған тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері)

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Телекоммуникациялар комитеті

39.

Ұялы байланыс операторлары мен тарифтер

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Телекоммуникациялар комитеті

40.

Телекоммуникация мен пошта байланысының әмбебап қызметтері кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі табиғи монополия қызметтер саласындағы тарифтер (бағалар, алым ставкаларын)

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Телекоммуникациялар комитеті

41.

Мемлекеттік органдарда қолданылатын ақпараттық жүйелердің тізбесі

Жыл сайын (жылына 1 рет)

Есептік жылдан кейінгі айдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Телекоммуникациялар комитеті

42.

Байланыс саласындағы лицензиаттар тізімі

Тоқсан сайын

Есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Телекоммуникациялар комитеті

43.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі

Өзгерген кезде

Өзгерістер басталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

      Аббревиатуралардың анықтамасы:

АЖО

-

Автоматтандырылған жұмыс орны.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады