"Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 190 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қарашада № 19614 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығының 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

      мүлікпен жасалатын мәмілелер міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын кепілмен қамтамасыз етілген берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

      бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер тіркеуге жататын кепілмен қамтамасыз етілген берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

      тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген, құны берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

      берілетін қарыз сомасын толық жабатын ақшамен қамтамасыз етілген қарыздарды;

      білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды;

      тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алушыларға берілген қарыздарға қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Банк қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін екі кезеңде есептейді:

      1)бірінші кезең – қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау;

      2)екінші кезең – қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу.

      2-2. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:



      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы;

      Сктом– кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың бірі және (немесе) бірнешеуі:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңдегі ресми кірісі негізінде айқындалады. Ресми кіріс деп мынадай құжаттардың бірі және (немесе) бірнешеуі:

      салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан ақпараты немесе орталық атқарушы органдар және оларға тиесілі не оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың дерекқорынан жеке тұлғалардың кірісі туралы ақпараты;

      зейнетақы төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірме;

      жұмыс берушіден жалақы және басқа да кірістер түсетін банк шотынан үзінді-көшірме;

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері түсетін банк шотынан үзінді-көшірме;

      мынадай салықтық аударымдар негізінде есептелген жеке кәсіпкер-жеке тұлғаның кірістері туралы ақпараты:

      патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 5 (бес) пайызы;

      оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 15 (он бес) пайызы;

      тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимінің салық салынатын кірісінің 20 (жиырма) пайызы негізінде есептелген орташа айлық кіріс түсініледі;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде дебеттік картаны толтырудың орташа айлық сомасы;

      4) қарызды ресімдеуге өтініш берген күні депозитте және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдық сомасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) қарыз алушының соңғы үш жыл ішінде бірмезгілде төлеген жабық банктік қарыздары, микрокредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің ең жоғары сомасы;

      8) қарыз алушының жабық банктік қарыздарының, микрокредитінің ең жоғары сомасы негізінде айқындалады. Бұл ретте мұндай сома кемінде 4 (төрт) орташа айлық жалақыны құрайды;

      9) қарыз алушының жабық банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша ішінара-мерзімінен бұрын өтеудің ең жоғары сомасы (қарыз алушының қарыздарын, микрокредиттерін ішкі қайта қаржыландыру есебінен ішінара-мерзімінен бұрын өтеуді қоспағанда);

      10) қарыз алушының жабық банктік қарыздары, микрокредиттері бойынша мерзімінен бұрын өтеудің ең жоғары сомасы (қарыз алушының қарыздарын, микрокредиттерін ішкі қайта қаржыландыру есебінен мерзімінен бұрын өтеуді қоспағанда);

      11) "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының азық-түлік емес бөлігінің мәнінен асатын, қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде коммуналдық қызметтер бойынша, телекоммуникациялық қызметтер бойынша, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың орташа айлық сомасы;

      12) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы соңғы 12 (он екі) ай ішінде шетелде жүргізген банктік төлем сомасы;

      13) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы соңғы 12 (он екі) ай ішінде шетелге сатып алынған билеттің құны;

      14) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде интернет-дүкеннен сатып алудың орташа айлық сомасы;

      15) меншігінде орташа нарықтық құны кредит құнынан асатын автокөлік құралының және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы негізінде айқындалады. Автокөлік құралының және (немесе) жылжымайтын мүліктің орташа нарықтық құны тәуелсіз бағалау немесе банктің № 13 Халықаралық қаржылық есептіліктің "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес бағалауы негізінде айқындалады. Қарыз алушының меншігінде бір уақытта автокөлік құралының және жылжымайтын мүліктің болуы, шығарылу сәтінен бастап 15 (он бес) жыл өтпеген автокөлік құралы және жалпы алаңы 30 (отыз) шаршы метрлік жылжымайтын мүлік бойынша орташа нарықтық құнын анықтау талап етілмейді;

      16) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдаудан түскен орташа айлық кірісі (мұндай кірісті делдал компания арқылы растаған кезде);

      17) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 12 (он екі) айға дейінгі кезеңдегі бірыңғай жиынтық төлем төленгенін растайтын құжаттың болуы. Әр айдағы кіріс мөлшері "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейінде қабылданады;

      18) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 (үш) айдан бастап 12 (он екі) айға дейінгі кезеңде жұмыс орнынан кірістері туралы анықтама және (немесе) оқу орнынан алатын стипендия мөлшері туралы анықтама негізінде орташа айлық кірісі арқылы айқындалады.

      Осы тармақтың 9), 10), 11), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген ақпарат, қарыз алушының тиісті құжаттары ұсыныла отырып расталады және (немесе) банктің ақпараттық жүйесінде тексеріледі.

      Банк осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты кредиттік бюродан сұратады және (немесе) банктің ақпараттық жүйесінде тексереді.

      Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 12) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы ұсынады және (немесе) банк қарыз алушының жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не қарыз алушының сәйкестендіру құралы арқылы сұратады және (немесе) банктің ақпараттық жүйесінде тексереді.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға қатысты оның табысын бағалау осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірістері негізінде айқындалады.";

      4-тармақтың он бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарыз алушының өтелмеген қарыздарына осы қаулының 2-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген қарыздар, сондай-ақ қарыз алушының өтелмеген банктік қарыздары, микрокредиттері кіреді.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банктер атаулы әлеуметтік көмек алушы қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісін осы қаулының 2-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушының ресми кірістерінің негізінде есептеуді жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер осы қаулының 2-2-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттардың негізінде белгіленетін кірістің мөлшері "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржылық жылға белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен және отбасының кәмелетке толмаған әрбір мүшесіне ең төмен күнкөріс деңгейінің жарты сомасынан кем болса, сондай-ақ қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген мәннен асып кеткен жағдайда банк:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 декабря 2013 года № 292 "О введении ограничений на проведение отдельных видов банковских и других операций финансовыми организациями"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2019 года № 190. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 ноября 2019 года № 19614.

      Примечание ИЗПИ!
Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      В целях реализации пункта 3 Указа Президента Республики Казахстан от 26 июня 2019 года № 34 "О мерах по снижению долговой нагрузки граждан Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 декабря 2013 года № 292 "О введении ограничений на проведение отдельных видов банковских и других операций финансовыми организациями" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9125, опубликовано 11 февраля 2014 года в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      часть пятую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "Требования части первой настоящего пункта распространяются на займы, предоставленные заемщикам на приобретение товаров, работ и услуг, не связанных с осуществлением предпринимательской деятельности, за исключением:

      займов, обеспеченных залогом имущества, сделки с которыми подлежат обязательной государственной регистрации, полностью покрывающие сумму выдаваемого займа;

      займов, обеспеченных залогом ценных бумаг, сделки с которыми подлежат регистрации, полностью покрывающие сумму выдаваемого займа;

      займов, обеспеченных залогом права требования по договорам долевого участия в жилищном строительстве, стоимость которого покрывает сумму выдаваемого займа;

      займов, обеспечением по которым выступают деньги, полностью покрывающие сумму выдаваемого займа;

      займов, выдаваемых в рамках системы образовательного кредитования;

      займов, выдаваемых в рамках системы жилищных строительных сбережений.";

      дополнить пунктами 2-1 и 2-2 следующего содержания:

      "2-1. Расчет коэффициента долговой нагрузки заемщика проводится банком в два этапа:

      1) первый этап – оценка платежеспособности заемщика;

      2) второй этап – расчет коэффициента долговой нагрузки заемщика.

      2-2. Оценка платежеспособности заемщика осуществляется следующим образом:

     


      где:

      ДЗ – доход заемщика;

      ВПМ – величина прожиточного минимума, установленная на соответствующий финансовый год Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете";

      Кнчс– количество несовершеннолетних членов семьи.

      Доход заемщика определяется на основании одного и (или) нескольких из следующих критериев:

      1) официального дохода за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика. Под официальным доходом понимается среднемесячный доход, рассчитанный на основании одного и (или) нескольких из следующих документов:

      информация из базы данных единого накопительного пенсионного фонда или Государственной корпорации "Правительство для граждан" по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам вкладчика (получателя) или информация из баз данных центральных исполнительных органов и принадлежащих либо подведомственных им юридическим лицам в части информации о доходах физических лиц;

      выписки с банковского счета, на который поступают пенсионные выплаты;

      выписки с банковского счета, на который поступает заработная плата и иные доходы от работодателя;

      выписки с банковского счета, на который поступают страховые выплаты по договору пенсионного аннуитета, по договору аннуитетного страхования заключенного в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 7 февраля 2005 года "Об обязательном страховании работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей";

      информации о доходах физического лица – индивидуального предпринимателя, рассчитанных на основе следующих налоговых отчислений:

      5 (пять) процентов от налогооблагаемого дохода при применении специального налогового режима на основе патента;

      15 (пятнадцать) процентов от налогооблагаемого дохода при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации;

      20 (двадцать) процентов от налогооблагаемого дохода специального налогового режима с использованием фиксированного вычета;

      2) среднемесячной суммы расходов по дебетовой карте за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика;

      3) среднемесячной суммы пополнения дебетовой карты за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика;

      4) суммы остатков на депозите и (или) текущем счете на дату подачи заявления на оформление займа;

      5) среднемесячной суммы пополнений депозитов и (или) текущих счетов за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика;

      6) среднемесячной суммы снятий с депозитов и (или) текущих счетов за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика;

      7) максимальных сумм ежемесячного платежа по закрытым банковским займам, микрокредитам за последние три года, которые заемщик оплачивал одновременно;

      8) максимальной суммы закрытого банковского займа, микрокредита заемщика. При этом такая сумма составляет не менее 4 (четырех) среднемесячных заработных плат;

      9) максимальной суммы частично-досрочного погашения по закрытым банковским займам, микрокредитам заемщика (за исключением частично-досрочного погашения за счет внутреннего рефинансирования займов, микрокредитов заемщика);

      10) максимальной суммы досрочного погашения по закрытым банковским займам, микрокредитам заемщика (за исключением погашения за счет внутреннего рефинансирования займов, микрокредитов заемщика);

      11) среднемесячная сумма расходов по коммунальным услугам, по телекоммуникационным услугам, на содержание общего имущества объекта кондоминиума за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика, превышающая значение непродовольственной части величины прожиточного минимума, установленной на соответствующий финансовый год Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете";

      12) сумма проведенного банковского платежа, осуществленного зарубежом за последние 12 (двенадцать) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика;

      13) стоимость приобретенного билета зарубеж за последние 12 (двенадцать) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика;

      14) среднемесячной суммы покупок в интернет-магазине за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика;

      15) наличия в собственности автотранспортного средства и (или) недвижимого имущества, среднерыночной стоимостью превышающей стоимость кредита. Среднерыночная стоимость автотранспортного средства и (или) недвижимого имущества определяется на основании независимой оценки или оценки банка в соответствии с Международным стандартом финансовой отчетности № 13 "Оценка справедливой стоимости" и требованиями Закона Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности". Определение среднерыночной стоимости не требуется при наличии одновременно у заемщика недвижимого имущества и автотранспортного средства, для автотранспортного средства, с момента выпуска, которого прошло не более 15 (пятнадцати) лет и недвижимого имущества, с общей площадью свыше 30 (тридцати) квадратных метров;

      16) среднемесячного дохода от перевозок пассажиров и багажа такси за период от 6 (шести) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика (при подтверждении таких доходов через компанию посредника);

      17) наличия документа, подтверждающего оплату единого совокупного платежа за период 12 (двенадцать) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика. Доход за каждый месяц принимается на уровне одного минимального размера заработной платы, установленного на соответствующий финансовый год Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете";

      18) среднемесячного дохода за период от 3 (трех) до 12 (двенадцати) месяцев, предшествующих дате обращения заемщика, рассчитанного на основании справки о доходах с места работы и (или) справки с учебного заведения о размере получаемой стипендии.

      Информация, указанная в подпунктах 9), 10), 11), 13), 14), 15), 16), 17) и 18) настоящего пункта, подтверждается заемщиком с предоставлением соответствующих документов и (или) проверяется в информационной системе банка.

      Информация, указанная в подпунктах 7) и 8) настоящего пункта, запрашивается банком в кредитном бюро и (или) проверяется в информационной системе банка.

      Информация, указанная в подпунктах 1), 2), 3), 4), 5), 6) и 12) настоящего пункта, предоставляется заемщиком и (или) запрашивается банком на основании согласия заемщика, данного в письменной форме либо посредством идентификационного средства заемщика, и (или) проверяется в информационной системе банка.

      В отношении получателя адресной социальной помощи оценка его дохода определяется на основании официальных доходов, указанных в подпункте 1) настоящего пункта.";

      часть пятнадцатую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "Непогашенные займы заемщика включают займы, указанные в части пятой пункта 2 настоящего постановления, а также другие непогашенные банковские займы, микрокредиты заемщика.";

      пункт 7 дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "Банки осуществляют расчет среднего ежемесячного дохода заемщика получателя адресной социальной помощи на основании официальных доходов заемщика, указанных в подпункте 1) пункта 2-2 настоящего постановления.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Если размер дохода, определяемый на основании одного или нескольких критериев, указанных в пункте 2-2 настоящего постановления, меньше величины прожиточного минимума, установленной на соответствующий финансовый год Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете" и половины суммы прожиточного минимума на каждого несовершеннолетнего члена семьи, а также значение коэффициента долговой нагрузки заемщика превышает значение, установленное пунктом 8 настоящего постановления, банк не принимает положительные решения о (об):

      выдаче заемщику займа, за исключением выдачи займа (части займа) в рамках открытой заемщику кредитной линии;

      открытии кредитной линии заемщику (установлении кредитного лимита);

      выдаче дополнительного займа в рамках заключенного (заключенных) договора (договоров) банковского займа;

      изменении условий открытой кредитной линии и (или) займа заемщика, влекущем увеличение размера периодических платежей по данному займу, согласно графику погашения займа.".

      2. Департаменту методологии и регулирования финансовых организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту внешних коммуникаций – пресс-службе Национального Банка обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель
Национального Банка
Е. Досаев