Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 1296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 19693 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 1296 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қағидаларға 4-1-қосымша Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 19121 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-1-қосымша

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Тізбеге қосу шарттары

Ескерту

1

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Қаржылық орнықты болу

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда автоматты түрде айқындалады

2

Жиһаз өнімдері

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиһаз өнімдерінің тауарларын өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

3

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

4

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар

Әлеуетті өнім берушінің тауары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

5

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

6

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

7

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

8

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

ЖиҺаз өнімі

3.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

4.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)

5.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

6.

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

7.

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

8.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

      Ескерту:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 798 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

ЖиҺаз өнімі

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

3.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

4.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

5.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

6.

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

7.

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

8.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

      Ескерту:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады