"Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1069 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 19752 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 225 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10974 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1069 бұйрығымен
бекітілген

"Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі" кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, оқу орындарының қызметкерлері мен бітірушілерін сертификаттауға, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.

      2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер, анықтамалар қолданылады:

      біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;

      біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі мен дербестігі бойынша сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиынтығы;

      еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек процесінің міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдардың жиынтығы;

      кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

      кәсіп – арнайы даярлық нәтижесінде иеленетін және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және практикалық дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;

      кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктердің ұқсас жиынтығын болжайтын кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

      кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;

      салалық біліктілік шеңбері – салаларда танылатын біліктілік деңгейлердің құрылымдалған сипаты;

      ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – еңбек нарығы тарапынан мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы.

      3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

      1) БА – Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

      2) БТБА – ҚР жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

      3) ГТҚҚ – газ-түтіннен қорғау қызметі;

      4) ТЖ – төтенше жағдай;

      5) ТОЖҚҚ– тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары;

      6) СБШ – салалық біліктілік шеңберлері;

      7) ҰБШ - ұлттық біліктілік жүйесі.

2-тарау. Кәсіби стандарт паспорты

      4. Кәсіби стандарт атауы: "Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі".

      5. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: өрт қауіпсіздігі сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу.

      6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызмет саласындағы талаптарды, мазмұнына, сапасына, қызметшілердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

      7. Кәсіби топ: қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік бойынша қызмет.

      Кәсіби кіші топ: төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет.

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

      8. Кәсіптер тізбесі:

      Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика баптаушысы, 3-5 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      өрт сөндіруші, 4-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      өрттің алдын алу нұсқаушысы, 4-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      бөлімше командирі, 3-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      қарауыл бастығы, 4-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі;

      қызмет бастығы, 5-6 СБШ бойынша біліктілік деңгейі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.12.2022 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Төтенше жағдайларда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қызметі" кәсіби стандартына
қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.12.2022 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Бақылау˗өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы"

Кәсіп коды

7421-1-003

Кәсіп атауы

Бақылау˗өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

3-5

БА бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіби білімінің деңгейі

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы болған кезде жалпы орта білім. Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білім.

Еңбек функциялары

1. ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету.

2. ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, жабдықты дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету.

3. Химиялық сіңіргіштер өнімінің сапасына қабылдау сынақтарын ұйымдастыру.

4. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада жаттығуын ұйымдастыру.

1-еңбек функциясы ТОЖҚҚ жөндеу және дезинфекциялау бойынша жұмыстың мерзімі мен сапасын қамтамасыз ету.

Іскерлік және дағдылар:
1. Жұмысқа қабілеттілік параметрлерін анықтау үшін бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын үйлестіреді.
2. Ауа және оттегі баллондарын толтырады.
3. Регенеративті патрондар жарақтарына, бақылау-өлшеу аспаптарына техникалық куәландыру жүргізеді.

Білімі:
1. Газ түтіннен қорғау қызметінің жұмысына қатысты нормативтік құжаттар.
2. Бақылау-өлшеу аспаптарының іс-әрекет қағидаты.
3. Ауа және оттегі баллондарын толтыру технологиясы.

2-еңбек функциясы ТОЖҚҚ тексеру жүргізу, жабдықты дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету.

Іскерлік және дағдылар:
1. Тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарының техникалық жай-күйіне бақылау ұйымдастырады.
2. Бекітілген оқшаулағыш газтұмшаларды, оның қосалқы бөлшектерін есепке алу бойынша және оларды жөндеу бойынша құжаттама жүргізеді.
3. Регенеративті патрондардың, оттегі және ауа баллондарының химиялық сіңіргіштеріне сынаулар жүргізеді.
4. Компрессорлық қондырғыларға профилактикалық тексеріп-байқау жүргізеді.

Білімі:
1. Газ түтіннен қорғау қызметі базаларының жұмысын регламенттейтін бұйрықтар, нормативтік және әдістемелік құжаттар.
2. Құрылғы, пайдалану қағидалары, газ түтіннен қорғау қызметінің оқшаулағыш газтұмшаларын күту, жөндеу және сақтау.

3-еңбек функциясы Химиялық сіңіргіштер өнімдерінің сапасына қабылдау сынауларын ұйымдастыру.

Іскерлік және дағдылар:
1. Компрессорлық қондырғыларды пайдалануға дайындайды, оның ішінде олардың жай-күйін тексереді, күнделікті техникалық қарау жүргізеді, оларды арнайы аспаптарда уақтылы сынаудан өткізеді.

Білімі:
1. Компрессорлық қондырғылармен және қысымды түтікшелермен жұмыс істеуді регламенттейтін өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары.

4-еңбек функциясы Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тыныс алуға жарамсыз ортада ТОЖҚҚ-да жаттығуын ұйымдастыру.

Ікерлік және дағдылар:
1. Сабақтар өткізу үшін техникалық құралдарды дайындайды.
2. Сабақтардың өткізілуін бақылайды.

Білімі
1. Газ түтіннен қорғаушылармен сабақтар өткізу әдістемесі.
2. ТОЖҚҚ жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп.
Тіл табысушылығы.
Ойының ұшқырлығы.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде кәсіптермен байланыс

Бөлімше командирі

"Өрт сөндіруші"

Кәсіп коды

5411-0-008

Кәсіп атауы

Өрт сөндіруші

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4-6

БА бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіби білімнің деңгейі

Жалпы орта білім және Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы. Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіби.

Еңбек функциялары

1. Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді.

2. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді.

3. Өрт-техникалық қару-жарақты және құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстайды.

4. Өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын жарамды жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайды.

1-еңбек функциясы Өрт сөндіру, адамдарды құтқару, адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізеді

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрттің дәрежесіне сәйкес келетін өртсөндіргіш құралдарының түрлерін анықтайды.
2. Өрт кезінде түтіндеу, жоғары температура, өмірге қауіп төну жағдайларында зардап шеккендерді эвакуациялайды.
3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып, өрт сөндіру немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттерін орындайды.

Білімі:
1. Түрлі объектілердегі өрт сөндіру тактикасы бойынша кәсіби даярлық процесінде алынған білімдер.
2. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету, адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан медициналық көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықтарды пайдалана отырып тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу.
3. Сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызметтің жұмысын регламенттейтін тәлімдемелер, нұсқаулықтарды білу.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып, өрт сөндіру бойынша білімі немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттемелерін орындау.

2-еңбек функциясы Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді.

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді, ГТҚҚ мен жұмыстағы басқа пәндер бойынша білімді практикалық қолдану тәсілдерін пысықтайды.
2. Елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарларымен және схемаларымен, сондай-ақ өрт сөндірудің жедел жоспарларымен және карточкаларымен және күзетілетін объектілерге немесе елді мекендерге жасалған ТЖ жоюдың сценарийлерімен жұмыс істейді.
3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында жаттығулар жүргізеді.

Білімі:
1. Бөлімшеде бастапқы даярлық кезінде және жұмыс істеу барысында алынған білімдер.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартын ҚР СТ МСТ Р 12.4.026 – 2022 "Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал таңбасы" білу.

3-еңбек функциясы Өрт-техникалық қару-жарақты және құтқару жабдықтарын жарамды күйде ұстайды

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын тазарту, майлау, жинау, орнату бойынша жұмыс жүргізеді.
2. Арнайы даярлықты талап етпейтін слесарлық жабдықпен жұмыс істей білуі.
3. Нұсқаулықтарға сәйкес сынау жұмыстарын жүргізеді.

Білімі:
1. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарының және арнайы қорғаныш киімін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты білу.
2. Өрт-техникалық жарақтары мен құтқару жабдықтарын сынау жөніндегі талаптар мен нұсқаулықтарды білу.

4-еңбек функциясы Кезекшілік өткеру кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын қалыпты жағдайда ұстау бойынша жұмыстарды орындайды.

Іскерлік және дағдылар:
1. Байланыс құралдары мен автоматты өрт сөндіру сигнализациясын
жарамды қалыпта ұстайды.
2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істей білуі.

Білімі:
1. Өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кезде өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, іс-қимыл нұсқаулығын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы іс-қимылдар анықталған жағдайда іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру және тәртіп.
Тіл табысушылығы.
Ойының ұшқырлығы.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде кәсіптермен байланыс

Өрт сөндіруші-құтқарушы деңгейінен жоғары

"Өртке қарсы профилактика нұсқаушысы"

әсіп коды

3160-1-010

Кәсіп атауы

Өртке қарсы профилактика нұсқаушысы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4-6

БА бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіби білімінің деңгейі

Жалпы орта, техникалық және жоғары деңгейдегі кәсіптік білім (Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлық және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту).

Еңбек функциялары

1. Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру.

2. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқама жүргізу.

1-еңбек функциясы Объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт-техникалық тексерулер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының бұзылуын анықтайды.
2. Тексеру нәтижелері бойынша құжаттаманы, өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарын сақтау бойынша ұсыныстарды ресімдейді.
3. Қызмет көрсетілетін учаскелердің, секторлардың және объектілердің өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді, кемшіліктерді жою бойынша ақпараттар мен ұсынымдар дайындайды.
4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу, өрт, авариялар туралы істер бойынша өз өкілеттігі шеңберінде көмек көрсетеді.

Білімі:
1. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген күзетілетін объектілердің өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті регламенттейтін талаптар.

2-еңбек функциясы Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалар жүргізу.

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт жағдайындағы іс-қимылдарға оқытады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өз өкілеттіктері шеңберінде өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу, өрттер, авариялар туралы істер бойынша көмек көрсетеді.

Білімі
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сабақтарды өткізуде әдістемелік негіздерді білу.
2. "Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актіні білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру.
Тіл табысушылығы.
Ойының ұшқырлығы.
Басқару қабілеті.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы

Бөлімше командирі

"Бөлімше командирі"

Кәсіп коды

5411-0-003

Кәсіп атауы

Бөлімше командирі

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

3-6

БА бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіби білімінің деңгейі

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда жалпы орта білім беру және арнайы даярлық және оқыту курстары.
Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіптік.

Еңбек функциялары

1. Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

2. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді.

3. Өрт-техникалық жарақпен құтқару жабдығын жарамды күйде ұстайды, оған техникалық қызмет көрсетуді, арнайы дайындықты талап етпейтін ақауларды сынауды және жоюды жүзеге асырады.

4. Кезекшілік атқару кезінде өрт сөндіру депосының үй-жайлары мен құрылыстарын ақаусыз күйде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайды.

5. Бөлімшенің жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және олардың әрекеттері үшін жауап береді. Ол бөлімнің жұмысын басқарады.

1-еңбек функциясы
Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт сыныбына сәйкес келетін өртсөндіргіштің түрін анықтайды.
2. Түтін, жоғары температура, өрт кезінде өмірге қауіп төнген жағдайда зардап шеккендерді эвакуациялайды.
3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып өрттерді сөндіреді немесе жауынгерлік есептеудің барлық нөмірлерінің міндеттерін орындайды.

Білімі:
1. Әртүрлі объектілерді сөндіру тактикасы бойынша кәсіптік даярлау процесінде алынған білім.
2. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі бойынша адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан медициналық көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықты пайдалана отырып тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу.
3. Өрт сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызмет қызметін реттейтін тәлімдемелерді, нұсқаулықтарды білу.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып өртті сөндіру бойынша білім немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттемелерін орындау.

2-еңбек функциясы
Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізу.

Іскерлік және дағдылар:
1. Жұмыста өрт-құтқару даярлығы, ГТҚҚ және басқа пәндер бойынша білімді практикалық қолдану тәсілдері бойынша нормативтерді пысықтайды.
2. Күзетілетін объектілерге немесе елді мекендерге жасалған елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарлары мен схемаларымен, сондай-ақ өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларымен және ТЖ жою сценарийлерімен жұмыс істейді.
3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында жаттығулар жүргізеді.

Білімі:
1. Бастапқы даярлау кезінде және бөлімшеде жұмыс істеу барысында алынған білім.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартын ҚР СТ МСТ Р 12.4.026 – 2022 "Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал таңбасы" білу.

3-еңбек функциясы
Өрт-техникалық жарақпен құтқару жабдығын ақаусыз күйде ұстау, оған техникалық қызмет көрсетуді, арнайы дайындықты талап етпейтін ақауларды сынауды және жоюды жүзеге асыру.

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт-техникалық жарақпен құтқару жабдықтарын тазалау, майлау, құрастыру, орнату жұмыстарын жүргізеді.
2. Арнайы дайындықты қажет етпейтін слесарлық жабдықпен жұмыс істей білу.
3. Нұсқаулыққа сәйкес сынақ жұмыстарын жүргізеді.

Білімі:
1. Өрт-техникалық жарақ пен құтқару жабдықтарын және арнайы қорғаныш киімдерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды білу.
2. Өрт-техникалық жарақ пен құтқару жабдықтарын сынау жөніндегі нұсқаулықтар мен талаптарды білу.

4-еңбек функциясы
Кезекшілік атқару кезінде өрт сөндіру депосының үй жайлары мен құрылыстарын жарамды күйде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау.

Іскерлік және дағдылар:
1. Байланыс және автоматты өрт сигнализациясы құралдарын жарамды күйде ұстайды.
2. Байланыс және құлақтандыру құралдарымен жұмыс істей білу.

Білімі:
1. Өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кездегі іс-қимыл нұсқаулықтарын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қайшы әрекеттер анықталған жағдайда іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтардың талаптарын білу.

5-еңбек функциясы
Бөлімшенің жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және олардың әрекеттері үшін жауап береді. Ол бөлімшенің жұмысын басқарады.

Іскерлік және дағдылар:
1. Бөлімше басшысы болып табылады.

Білімі:
1. Өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кездегі іс-қимыл нұсқаулықтарын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттер анықталған жағдайда іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтардың талаптарын білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру.
Тіл табысушылығы.
Ойының ұшқырлығы.
Басқару қабілеті.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы

Бақылау˗өлшеу аспаптары мен газ-түтіннен қорғау қызметі автоматикасын баптаушы

"Қарауыл бастығы"

Кәсіп коды

1349-0-020

Кәсіп атауы

Қарауыл бастығы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4-6

БА бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіби білімінің деңгейі

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда орта техникалық білім және арнайы даярлық және оқыту курстары.
Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіптік.

Еңбек функциялары

1. Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

2. Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді.

3. Қарауыл жұмысына басшылық жасайды, жеке құрамның және жеке еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің сақталуына, жеке құрамның қауіпсіздігіне, өртті сөндіру жөніндегі міндеттердің орындалуына, өрт сөндіру автомобильдерінің, өрт-техникалық жарақтың сақталуына жауап береді.

1-еңбек функциясы
Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт сыныбына сәйкес келетін өртсөндіргіштің түрін анықтайды.
2. Түтін, жоғары температура, өрт кезінде өмірге қауіп төнген жағдайда зардап шеккендерді эвакуациялайды.
3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып өрттерді сөндіреді немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттемелерін орындайды.

Білімі:
1. Әртүрлі объектілерді сөндіру тактикасы бойынша кәсіптік даярлау процесінде алынған білім.
2. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі бойынша адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан медициналық көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықты пайдалана отырып тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу.
3. Өрт сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызмет қызметін реттейтін тәлімдемелерді, нұсқаулықтарды білу.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып өртті сөндіру бойынша білім немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттемелерін орындау.

2-еңбек функциясы
Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізу.

Іскерлік және дағдылар:
1. Жұмыста өрт-құтқару даярлығы, МҚҚҚ және басқа пәндер бойынша білімді практикалық қолдану тәсілдері бойынша нормативтерді пысықтайды.
2. Күзетілетін объектілерге немесе елді мекендерге жасалған елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарлары мен схемаларымен, сондай-ақ өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларымен және ТЖ жою сценарийлерімен жұмыс істейді.
3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында жаттығулар жүргізеді.

Білімі:
1. Бастапқы даярлау кезінде және бөлімшеде жұмыс істеу барысында алынған білім.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартын ҚР СТ МСТ Р 12.4.026 – 2022 "Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал таңбасы" білу.

3-еңбек функциясы
Қарауыл жұмысына басшылық жасайды, жеке құрамның және жеке еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің сақталуына, жеке құрамның қауіпсіздігіне, өртті сөндіру жөніндегі міндеттердің орындалуына, өрт сөндіру автомобильдерінің, өрт-техникалық жарақтың сақталуына жауап береді

Іскерлік және дағдылар:
1. Қарауылдың жұмысына басшылық жасайды.
2. Жеке құрамның және жеке еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің сақталуына, жеке құрамның қауіпсіздігіне, өртті сөндіру жөніндегі міндеттердің орындалуына, өрт сөндіру автомобильдерінің, өрт-техникалық қару-жарақтың сақталуына жауап береді.

Білімі:
1. Өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кездегі іс-қимыл нұсқаулықтарын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттер анықталған жағдайда іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтардың талаптарын білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру.
Тіл табысушылығы.
Ойының ұшқырлығы.
Басқару қабілеті.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы

Қызмет бастығы

"Қызмет бастығы"

Кәсіп коды

1329-1-039

Кәсіп атауы

Қызмет бастығы

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5-6

БА бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіби білімінің деңгейі

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім.
Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіптік.

Еңбек функциялары

1. Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныш киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

2. Өрт-құтқару даярлығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді.

3. Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын басқарады.

1-еңбек функциясы
Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, қол аспаптарын, өрт техникасын, арнайы агрегаттарды, механизмдерді, оқшаулағыш тыныс алу аппараттарын, арнайы қорғаныс киімдерін пайдалана отырып конструкцияларды ашу және бөлшектеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт сыныбына сәйкес келетін өртсөндіргіштің түрін анықтайды.
2. Түтін, жоғары температура, өрт кезінде өмірге қауіп төнген жағдайда зардап шеккендерді эвакуациялайды.
3. Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып өрттерді сөндіреді немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттемелерін орындайды.

Білімі:
1. Әртүрлі объектілерді сөндіру тактикасы бойынша кәсіптік даярлау процесінде алынған білім.
2. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі бойынша адамдарды өрт немесе ТЖ аймағынан медициналық көмек көрсету орнына, оның ішінде арнайы жабдықты пайдалана отырып тасымалдаудың қауіпсіз әдістерін білу.
3. Өрт сөндіру тактикасын, қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы қызмет жұмысын регламенттейтін тәлімдемелерді, нұсқаулықтарды білу.
4. Арнайы агрегаттарды, механизмдерді және оқшаулағыш аппараттарды пайдалана отырып өртті сөндіру бойынша білім немесе жауынгерлік есептоптың барлық нөмірлерінің міндеттемелерін орындау.

2-еңбек функциясы
Өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды жүргізеді.

Іскерлік және дағдылар:
1. Жұмыста өрт-құтқару даярлығы, ГТҚҚ және басқа пәндер бойынша білімді практикалық қолдану тәсілдері бойынша нормативтерді пысықтайды.
2. Күзетілетін объектілерге немесе елді мекендерге жасалған елді мекендердің, объектілердің, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің қарапайым жоспарлары мен схемаларымен, сондай-ақ өрт сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларымен және ТЖ жою сценарийлерімен жұмыс істейді.
3. Тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында жаттықтырулар жүргізеді.

Білімі:
1. Бастапқы даярлау кезінде және бөлімшеде жұмыс істеу барысында алынған білім.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартын ҚР СТ МСТ Р 12.4.026 – 2022 "Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал таңбасы" білу.

3-еңбек функциясы
Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын басқарады.

Іскерлік және дағдылар:
1. Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын басқарады.
2. Жеке құрамның және жеке еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің сақталуына, жеке құрамның қауіпсіздігіне, өртті сөндіру жөніндегі міндеттердің орындалуына, өрт сөндіру автомобильдерінің, өрт-техникалық жарақтың сақталуына жауап береді.

Білімі:
1. Өртке қарсы режим бойынша негізгі талаптарды, өрт немесе ТЖ туралы хабарламаны анықтаған, алған кездегі іс-қимыл нұсқаулықтарын білу.
2. Бұзушылықтар мен құқыққа қарсы әрекеттер анықталған жағдайда іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтардың талаптарын білу.

Жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар

Өзін-өзі ұйымдастыру.
Тіл табысушылығы.
Ойының ұшқырлығы.
Басқару қабілеті.
Бастамашылық және жауапкершілік.

СБШ шеңберінде кәсіптермен байланысы

Қарауыл бастығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады