"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1438 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 19783 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;

      2) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;

      3) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;

      4) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;

      5) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;

      6) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

      7) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

      8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      9) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің бар болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптасатын электрондық мәліметтер қоры;

      10) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      11) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлға;

      13) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 447-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы;

      14) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы.

      15) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;

      16) электрондық әмиян – мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған әлеуетті өнім берушінің жеке шоты;

      17) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      18) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы не бірыңғай оператор осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді;

      2) енгізілген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу";

      4-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-параграфпен толықтырылсын:

      "3-1 параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      45-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке ұсынады.

      45-2. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) осы Қағидаларының 3-1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік.

      Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидаларының 45-4 және 45-4-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.

      45-3. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:

      1) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) жеңімпазы шарт жасаса отырып, белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде өнім берушіге қайтармайды.

      45-4. Электрондық әмиян арқылы енгізілген баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;

      2) жеңімпазы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда енгізбесе өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.

      45-5. Осы Қағидалардың 45-3 және 45-4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кіріс есебіне жатқызылады.

      Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша оқшауланған ақшаны аударуды веб-портал арқылы жүзеге асырады.

      45-6. Ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға электрондық банк кепілдігі түріндегі өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген.

      45-7. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге ол оқшаулаған баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда автоматты түрде бұғаттан шығарады:

      1) осы әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің өтінімін кері қайтарып алған;

      2) мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген.

      45-8. Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша бірыңғай оператор осындай талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұғаттау немесе тоқтатуды бұғаттамауды жүзеге асырмағандар қатысында көрсетілген ақшаны қайтарады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Осы Қағидалардың 28-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы, ал егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі болып анықталады.

      Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір миллион алты жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалады.

      Осы Қағидаларының 28-2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысын не оның міндетін атқаратын адам не оның орынбасары анықталады.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдік. Банктік кепілдікті Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда қағаз тасығышта ұсынуға жол беріледі.

      Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидаларының 117-1 және 118-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.";

      116-тармақ алынып тасталсын;

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.";

      мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:

      "117-1. Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.";

      118 және 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Осы Қағидалардың 117 және 117-1-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кіріс есебіне жатқызылады.

      Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша оқшауланған ақшаны аударуды веб-портал арқылы жүзеге асырады.

      119. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.";

      мынадай мазмұндағы 119-1 және 119-2-тармақтармен толықтырылсын:

      119-1. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге ол оқшаулаған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген жағдайда автоматты түрде бұғаттан шығарады.

      119-2. Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша бірыңғай оператор осындай талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға қатысты бұғаттау немесе бұғаттау тоқтатылған, көрсетілген ақшаны қайтарады.";

      152-1 және 153-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-1. Конкурстық құжаттама конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемшарттар:

      1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жылдың ішіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) төленген салықтар көрсеткіші;

      3) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар көзделеді.

      153. Конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастыру кезінде, осы Қағидалардың 152-1-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.

      Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар шартқа енгізіледі.";

      155 және 156-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Егер әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір пайыз (1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер бұл жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Құрылыс объектісі деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      156. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салық көрсеткіші үш пайыздан астам болған жағдайда, веб-портал автоматты түрде әрбір оннан бір (0,1) пайыздан асатын әрбір ондық (0,1) пайыз үшін оннан бір (0,1) пайыз мөлшерінде, бірақ үш пайыздан аспайтын шартты жеңілдік береді.";

      157, 158 және 159-тармақтар алынып тасталсын;

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінің техникалық ерекшеліктерінде ұсынылған тауарлардың сапалық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауардың талаптарынан және мақсаттарынан асқан (жақсартқан) жағдайда, конкурстық комиссия осы сипаттама үшін бес (5 %) пайыз белгілейді.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын төленген салықтардың үлкен көрсеткіші бар конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      Төленген салықтың көрсеткіштері тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрынырақ келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.";

      312-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "312. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

      1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдікті таңдауға құқылы. Банктік кепілдікті Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда қағаз тасығышта ұсынуға жол беріледі.

      Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидаларының 315-1 және 316-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.";

      314-тармақ алынып тасталсын;

      315-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "315. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды:

      1) аукцион жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

      2) аукцион жеңімпазы шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлар басталған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.";

      316 және 317-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "316. Осы Қағидалардың 315 және 315-1-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне есепке жатқызылады.

      Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа өтінімді қамтамасыз ету бойынша оқшауланған ақшаны аударуды веб-портал арқылы жүзеге асырады.

      317. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.";

      мынадай мазмұндағы 317-1 және 317-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "317-1. Бірыңғай оператор мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға өтінімді бұғаттаған қамтамасыз етуді:

      1) осы әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген жағдайда автоматты түрде бұғаттан шығарады.

      317-2. Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында орналастырылған ақшаны қайтару туралы талап етуі бойынша бірыңғай оператор осындай талап түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұғаттау жүзеге асырылмаған немесе бұғаттау тоқтатылған көрсетілген ақшаны қайтарады.";

      378-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378. Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші Заңның 4-бабы 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.

      Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 6), 7), 8), 16), 27), 29), 30), 31), 33), 36), 37), 38), 40), 41), 51) және 56)-тармақшаларына сәйкес көзделген негіздер бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталда белгіленген форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 442-1-тармақпен толықтырылсын:

      "442-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі біліктілік талабы осы Қағидалардың 442-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген талаптарды ескере отырып, үш жылдан аспайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.";

      13-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы және әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша веб-порталда мәліметтерді жаңарту түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі";

      446 және 447-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "446. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:

      1) кірістер;

      2) төленген салықтар;

      3) негізгі құралдар;

      4) еңбек ақы төлеу қоры.

      447. Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында мынадай шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады:

      1) әлеуетті өнім берушінің кірістері өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірісінен кемінде үш пайызды құрайды.

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметтіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:

      ТСК = ТС / КС х 100%,

      мұнда:

      ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;

      ТС-есептелетін үш жылдық кезең үшін төленген салықтарының сомасы;

      КС-есептелетін үш жылдық кезең үшін әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;

      3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының орташа құны өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;

      4) әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры өткен жылдың алдындағы үш жылдың ішінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 447-1, 447-2 және 447-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "447-1. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде:

      1) осы Қағидалардың 447-тармағында көзделген әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын;

      2) Осы Қағидалардың 152-1-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші түрінде конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийді;

      3) осы Қағидалардың 172-тармағында көзделген төленген салықтардың көрсеткіші бойынша әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде жеңімпаздың конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде жеңімпазды анықтау үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады .

      Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін веб-порталда жаңартылады.

      447-2. Әлеуетті өнім берушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және (немесе) олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту енгізілген өзгерістердің дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдары растағаннан кейін жүзеге асырылады.

      447-3. Мемлекеттік кірістер органдары әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және (немесе) төленген салықтарды негізсіз көтеруге әкеп соққан салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, уәкілетті орган:

      1) веб-порталдан осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін алып тастайды;

      2) Заңның 11-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.

      Мұндай әлеуетті өнім берушілер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту осы Қағидалардың 447-2-тармағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      449 және 450-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "449. Электрондық депозитарийді осы Қағидалардың 26-қосымшасына сәйкес веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілер енгізетін жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде уәкілетті органның ведомствосы қалыптастырады.

      450. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды әлеуетті өнім берушілер электрондық депозитарийге мынадай мерзімдерде енгізеді:

      1) алдыңғы кезеңдер үшін (соңғы он жыл ішінде) 2019 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей;

      2) ағымдағы жыл үшін (ағымдағы кезең) осы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.";

      мынадай мазмұндағы 457 және 458-тармақтармен толықтырылсын:

      "457. Электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар, олар:

      1) электрондық депозитарийде толтырылған мәліметтер ұсынылған жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарға сәйкес келмеген;

      2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша дәйексіз ақпарат анықталған жағдайларда қолданылады (веб-порталда бұғатталады).

      Электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігін тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары белгілеуі мүмкін.

      458. Осы Қағидаларының 457-тармағында көзделген шешімдерге осы Заңның 47-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      Қағида 3-1-қосымшамен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда толықтырылсын;

      Қағидаларға 4-қосымшада:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;";

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді заңнамада белгіленген мөлшерде, мынадай:

      осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;";

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан бес (0,5 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша бір (1 %) пайыз мөлшерінде, бірақ он пайызынан асырмай шартты жеңілдік береді. Жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі болуының әрбір жылы үшін, оның ішінде конкурс мәні болып табылатын жұмыстардың осындай (ұқсас) түрлері бойынша нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жылдың ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде біреуден артық құрылыс объектісінде осындай (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер аталған жұмыстар әлеуетті өнім берушімен қосалқы мердігер ретінде орындалған болса, конкурстық комиссия келесі әрбір құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір (0,1 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Құрылыс объектісі деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурстың нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (сондай) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2 %) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.

      Егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, осы өлшемнің конкурсқа қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері он пайыздан аспайды.

      Жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсерді конкурстық құжаттамаға 5 және 5-1-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Егер әлеуетті өнім берушінің төленген салық көрсеткіші үш пайыздан астам болған жағдайда, веб-портал әрбір оннан бір (0,1) пайыздан асатын әрбір ондық (0,1) пайыз үшін оннан бір (0,1) пайыз мөлшерінде, бірақ үш пайыздан аспайтын шартты жеңілдік автоматты түрде береді.";

      46, 47 және 48-тармақтар алынып тасталсын;

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді электрондық банктік кепілдік түрінде қамтамасыз етуді мынадай:

      1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.";

      мынадай мазмұндағы 57-1 тармақпен толықтырылсын:

      "57-1. Бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге өзі бұғаттаған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізген (бар болса) жағдайларда автоматты түрде бұғаттан шығарады.".

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Электрондық банктік кепілдік түрінде енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.";

      мынадай мазмұндағы 58-1 тармақпен толықтырылсын:

      "58-1. Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:

      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы КҚ-да белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді электрондық банктік кепілдік түрінде ұстап қалады.";

      Конкурстық құжаттамаға 3, 4, 5, 5-1, 6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа