Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19801 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 113 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.04.2022 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаментіне:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш онеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.12.2020 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с Ашық деректер жинағының атауы Өзектендіру кезеңі Ұсыну мерзімі Дереккөз (Ашық деректер интернет - порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы) Жауапты құрылымдық бөлімше
1 2 3 4 5 6

1.

ҚР ЭГТРМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

жылына 1 рет

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

2.

ҚР ЭГТРМ ұйымдастыру құрылымы

жылына 1 рет

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Кадр жұмысы департаменті

3.

ҚР ЭГТРМ басшылығының атына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша статистикалық деректер

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әкімшілік жұмысы департаменті

4.

ҚР ЭГТРМ басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әкімшілік жұмысы департаменті

5.

ҚР ЭГТРМ қоғамдық кеңесі қатысушыларының тізімі (қызмет түрін, байланыс деректерін көрсете отырып)

жылына 1 рет

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

6.

ҚР ЭГТРМ Қоғамдық кеңесінің отырыстарын өткізу кестесі

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

7.

Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің тізбесі

жылына 1 рет

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

8.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының түзілетін көлемі бойынша ақпарат

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі келесі ай

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

9.

ҚР аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытындылар беру туралы ақпарат

жылына 1 рет

есепті кезеңнен кейінгі келесі жыл

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

10.

Сот шешімімен республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды сату туралы ақпарат

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі келесі ай

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

11.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы ақпарат

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі келесі ай

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

12.

ҚТҚ-мен жұмыс істеу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу туралы ақпарат

жылына 1 рет

есепті кезеңнен кейінгі келесі жыл

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

13.

Қалдықтарды орналастыру орындарының ғарыштық мониторингін іске асыру туралы ақпарат

жарты жылда 1 рет

есепті кезеңнен кейінгі келесі жартыжылдық

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

14.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілетін көлемі бойынша облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінен алынған деректерді жинау және өңдеу туралы ақпарат

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі келесі ай

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

15.

Қазақстан Республикасында өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі қызмет туралы ақпарат

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі келесі ай

Мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы

Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті

16.

I категория объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға қолданыстағы рұқсаттардың тізбесі

жарты жылда 1 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

17.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы Рұқсаттар мен лицензиялардың тізбесі

жарты жылда 1 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

18.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бақылау-инспекциялық қызметінің негізгі көрсеткіштері

жарты жылда 1 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

19.

Аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

20.

Су ресурстары комитетінің бақылау- инспекциялық қызметінің негізгі көрсеткіштері

жарты жылда 1 рет

Есептіктен кейінгі 25 шілдесіне және 25 қаңтарға

Ашық деректердің интернет порталы АЖО

Су ресурстары комитеті

21.

Су алу, қолдануы және су тарту көрсеткіштері

жарты жылда 1 рет

Есептіктен кейінгі 10 мамырға

Ашық деректердің интернет порталы АЖО

Су ресурстары комитеті

22.

Балық және басқа да жануарлар түрлерін аулау лимитін игеру туралы мәлімет

тоқсан сайын

келесі айдың 15-күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

23.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастрының деректері

жарты жылда 1 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

24.

Мемлекеттік орман кадастрының деректері

жарты жылда 1 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

25.

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар түрлерінің, оның ішінде киіктің саны

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

26.

Балық өсіру шаруашылықтарында тауарлық балық өсірумен айналысатын сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар кәсіпорындар (ЖСҚБ) ), көл-тауарлық және шарбақтық балық өсіру шаруашылықтары туралы ақпарат

жарты жылда 1 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

27.

Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

28.

Балық отырғызу материалдарын өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат

жарты жылда 1 рет

25 шілдеге және 25 желтоқсанға қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

29.

Қазақстан кен орындарының тізбесі: Қазақстан Республикасының мұнай-газ кен орындары

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Геология комитеті

30.

Қазақстан кен орындарының тізбесі: Қазақстан Республикасының жерасты сулары

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Геология комитеті

31.

Қазақстан кен орындарының тізбесі: Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалары

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Геология комитеті

32.

Қорлардың өлшем бірліктерін көрсете отырып, қорлардың жиынтық Мемлекеттік баланстары жасалатын пайдалы қазбалардың тізбесі

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Геология комитеті

33.

Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерделенуін қамту

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі 31 наурызға дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Геология комитеті

34.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

қажеттілігіне қарай

қажеттілігіне қарай

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Геология комитеті

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады