Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 267 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қаңтарда № 19843 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және бухгалтерлік есепті жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 267 қаулысына
қосымша

Бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарында:

      1-тарауда:

      8-тармақта 2200-шоттары тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"2200

Клиенттер және басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелер";

      2-тарауда:

      1-параграфта:

      1054-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1054

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтер (провизиялар)";

      1257-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1258-шотпен толықтырылсын:

"1258

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын)";

      1267-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1268 және 1269-шоттармен толықтырылсын:

"1268

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан аспайтын)

1269

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан астам)";

      1463-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1463

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтер (провизиялар)";

      1477-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1477

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтер (провизиялар)";

      1486-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1486

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар)";

      1495-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1495

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтер (провизиялар)";

      1655-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1655

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер";

      1657-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1657

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар";

      1662-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1691-шотпен толықтырылсын:

"1691

Инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизация";

      1695-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1695

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизация";

      1697-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1697

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация";

      1757-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1757

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша есептелген кірістер";

      1845-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"1845

Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтер (провизиялар)";

      1876, 1877 және 1878-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"1876

Басқа да банк қызметі бойынша резервтер (провизиялар)

1877

Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)

1878

Негізгі емес қызметпен байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)";

      2-параграфта:

      2034 және 2035-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қысқа мерзімді заемдар

2035

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның құнын оң түзету шоты";

      2037 және 2038-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"2037

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның құнын теріс түзету шоты

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек";

      2067 және 2068-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"2067

Алынған қаржы лизингі

2068

Заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек";

      2131-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2132-шотпен толықтырылсын:

"2132

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын)";

      2133-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2134-шотпен толықтырылсын:

"2134

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)";

      2140-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2141 және 2143-шоттармен толықтырылсын:

"2141

Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам)

2143

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек";

      2200-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"2200

Клиенттер және басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелер";

      2213-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2214-шотпен толықтырылсын:

"2214

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)";

      2217-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2218-шотпен толықтырылсын:

"2218

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)";

      2219-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2220-шотпен толықтырылсын :

"2220

Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)";

      2227-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"2227

Жалдау бойынша міндеттемелер";

      2228-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2229-шотпен толықтырылсын:

"2229

Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам)";

      2230-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"2230

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек";

      2240-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2243-шотпен толықтырылсын:

"2243

Клинеттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек";

      2706-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"2706

Заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар";

      2708-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2709-шотпен толықтырылсын:

"2709

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар";

      2723-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2724-шотпен толықтырылсын:

"2724

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар";

      2745-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"2745

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар";

      3-параграфта:

      3540-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"3540

Негізгі құралдарды және пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалау резервтері";

      3562-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"3562

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтер (провизиялар)";

      3564-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"3564

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтер (провизиялар)";

      4-параграфта:

      4257-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4258 және 4259-шоттармен толықтырылсын:

"4258

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (бір айдан аспайтын)

4259

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (бір жылдан аспайтын)";

      4312-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4313 және 4314-шоттармен толықтырылсын:

"4313

Берілген заемдардың жалпы баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын кірістер

4314

Алынған заемдардың баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша алынған заемдарды түзету кезінде туындайтын кірістер";

      4431-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"4431

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның құнын теріс түзету түріндегі кірістер";

      4435-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"4435

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша кірістер";

      4540, 4560, 4570, 4580, 4590, 4591, 4593 және 4594-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"4540

Тазартылған бағалы металдарды сатудан түскен кірістер

4560

Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4570

Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4580

Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4590

Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын кірістер

4591

Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4593

Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер

4594

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын кірістер";

      4704-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"4704

Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын кірістер";

      4709-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"4709

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнының өзгеруінен болатын кірістер";

      4710-шоттың нөмірі және аты алып тасталсын;

      4711-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"4711

Негізгі құралдардың және пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болатын зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер";

      4730-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"4730

Қайта бағалаудан болатын кірістер";

      4732-шоттың нөмірі және аты алып тасталсын;

      4733 және 4734-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"4733

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын кірістер

4734

Басқа да қайта бағалаудан болатын кірістер";

      4955-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4956-шотпен толықтырылсын:

"4956

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер";

      4960-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4961, 4962 және 4963-шоттармен толықтырылсын:

"4961

Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4962

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер

4963

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер";

      5-параграфта:

      5063-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5063

Қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар";

      5070-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5071 және 5072-шоттармен толықтырылсын:

"5071

Берілген заемдардың жалпы баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша берілген заемдарды түзету кезінде туындайтын шығыстар

5072

Алынған заемдардың баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын шығыстар";

      5130-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5131 және 5132-шоттармен толықтырылсын:

"5131

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір айдан аспайтын)

5132

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан аспайтын)";

      5138-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5139-шотпен толықтырылсын:

"5139

Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан астам)";

      5217-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5218-шотпен толықтырылсын:

"5218

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан аспайтын)";

      5219-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5220-шотпен толықтырылсын:

"5220

Клиенттердің жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (бір жылдан астам)";

      5227-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5227

Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша пайыздық шығыстар";

      5237-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5237

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша шығыстар";

      5450, 5451, 5452, 5453 және 5455-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"5450

Резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5451

Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5452

Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5453

Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5455

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар";

      5455-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5456-шотпен толықтырылсын:

"5456

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар";

      5457-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5457

Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар";

      5457-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5458-шотпен толықтырылсын:

"5458

Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар";

      5459-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5459

Негізгі емес қызметпен байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар";

      5459-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5461 және 5462-шоттармен толықтырылсын:

"5461

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5462

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар";

      5464, 5465, 5468 және 5469-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"5464

Бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5465

Шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар

5468

Бағалау міндеттемелерін қалыптастыруға арналған шығыстар

5469

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстары";

      5540-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5540

Тазартылған бағалы металдардың баланстық құнын есептен шығару бойынша шығыстар";

      5560, 5570, 5580, 5590, 5591, 5593 және 5594-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"5560

Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5570

Шетел валютасындағы форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5580

Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5590

Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын шығыстар

5591

Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5593

Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар

5594

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын шығыстар";

      5704-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5704

Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын шығыстар";

      5709-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5709

Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын өзгертуден болатын шығыстар";

      5710-шоттың нөмірі және аты алып тасталсын;

      5711-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5711

Негізгі құралдардың және пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар";

      5730-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5730

Активтерді қайта бағалаудан болатын шығыстар";

      5732-шоттың нөмірі және аты алып тасталсын;

      5733 және 5734-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"5733

Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын шығыстар

5734

Басқа да қайта бағалаудан болатын шығыстар";

      5780, 5781, 5782, 5783, 5784, 5785, 5786, 5787 және 5788-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"5780

Амортизация бойынша шығыстар

5781

Үйлерді және ғимараттарды амортизациялау бойынша шығыстар

5782

Компьютер жабдығын амортизациялау бойынша шығыстар

5783

Басқа да негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар

5784

Пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша шығыстар

5785

Жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар

5786

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша шығыстар

5787

Көлік құралдарын амортизациялау бойынша шығыстар

5788

Материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша шығыстар";

      5853-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"5853

Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден болатын шығыстар";

      7-параграфта:

      7220-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"7220

Жалға алынған активтер";

      7664 және 7665-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"7664

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын кірістер

7665

Бағамдық айырма бойынша кірістер";

      7666 және 7667-шоттардың нөмірлері мен атаулары алып тасталсын;

      7684 және 7685-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:

"7684

Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар

7685

Бағамдық айырма бойынша шығыстар";

      7686 және 7687-шоттардың нөмірлері мен атаулары алып тасталсын;

      7888-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:

"7888

Негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      1054-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1054. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде ашылған корреспонденттік шоттар, ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерде ашылған корреспонденттік шоттар, ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде ашылған корреспонденттік шоттар, ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.";

      1105-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнды түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, нарықтық емес пайыздың мөлшерлемесі бойынша салым беруге қатысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомалары, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнды түзету сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, нарықтық емес пайыздың мөлшерлемесі бойынша салым беруге қатысты түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.";

      1106-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салым бойынша нақты орналастырылған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.";

      1205-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының олардың сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, бағалы қағаздарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша сатып алуға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алумен немесе құрумен байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алумен немесе құрумен байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1206-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1208-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету сомаларын олар өтелген, сатылған немесе баланстан есептен шығарылған кезде есептен шығару жазылады.";

      1209-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын теріс түзету сомасын есептен шығару жазылады.";

      1257-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 1258-шоттың нөмірі, аты және сипатымен толықтырылсын:

      "1258. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын) (актив).

      Шоттың мақсаты: Бір айдан аспайтын мерзімге басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған жинақ салымдардың сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.";

      1259-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған салымдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған салымдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1265-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салым бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) салымдар бойынша нақты орналастырылған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша дисконтты амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған дисконт сомасын есептен шығару жазылады.";

      1266-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) нақты орналастырылған ақша сомасының салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салым бойынша (мәміле бойынша шығындарды қоса алғанда) нақты орналастырылған ақша сомасының салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде салымның жалпы баланстық құнын түзету сомасын жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сыйлықақыны амортизациялау сомасы және (немесе) тану тоқтатылған кезде амортизацияланбаған сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.";

      1267-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 1268 және 1269-шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттарымен толықтырылсын:

      "1268. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан аспайтын) (актив).

      Бір жылдан аспайтын мерзімге басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.

      1269. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан астам) (актив).

      Бір жылдан астам мерзімге басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдарының сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған жинақ салымдарының сомаларын олар қайтарылған немесе оларды № 1257 баланстық шотқа жатқызған кезде есептен шығару жазылады.";

      1312-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Заемның өтелетін сомасының нақты берілген заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемның өтелетін сомасының нақты берілген заем сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1313-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1319-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржылық лизингі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1332-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының оң түзету сомалары есептен шығарылады.";

      1333-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар құнының теріс түзету сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1428-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша берілген заемдар мен қаржылық лизинг бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1434-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Заемды өтеу сомасының нақты берілген заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемның өтелетін сомасының нақты берілген заем сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған заемды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем беруге байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1435-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша нақты берілген заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1453-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша түзету сомаларын, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1454-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияның сомасы және (немесе)әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы есептен шығарылады.";

      1456-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының оң түзету сомалары есептен шығарылады.";

      1457-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының теріс түзету сомалары есептен шығарылады.";

      1463-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1463. Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1477-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1477. Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа инвестициялар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1482-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты түзету сомалары, модификациялау кезінде заемның жалпы баланстық құнын түзету сомалары, кредиттік-құнсызданған бағалы қағаздарды сатып алуға немесе құруға байланысты түзету сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1483-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының олардың номиналдық құнынан сыйлықақылар сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық кірістерді тануға байланысты түзетулер сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздарды сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып пайыздық кірістерді тануға байланысты түзетулер сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1486-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1486. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1492-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кету түріндегі дисконт сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, қаржы активтерін пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша сатып алуға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алуға немесе жасауға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кету түріндегі дисконт сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, нарықтық емес пайыздық мөлшерлеме бойынша қаржы активтерін сатып алуға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомасы, кредиттік-құнсызданған бағалы қағазды сатып алуға немесе жасауға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1493-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерінің сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнын түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтерін сатып алу құнының олардың номиналдық құнынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомасы, модификациялау кезінде жалпы баланстық құнды түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      1495-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1495. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1655-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1655. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер (актив).

      Шоттың мақсаты: Жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құны, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау жағдайында активтердің құнын түзету сомасы, жалдау шартының талаптары өзгерген кезде құнын түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жалдаудың қолданылу мерзімі өткен кезде, құнсыздану кезінде, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау жағдайында құнын түзету кезінде, жалдау шарты талаптарының өзгеруіне байланысты құнын түзету кезінде жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнын есептен шығару жазылады.";

      1657-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1657. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар (актив).

      Шоттың мақсаты: Жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтерді салып бітіруге, кеңейтуге, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын күрделі шығындардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалға алынған негізгі құралдар бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша салып бітіруге, кеңейтуге, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын күрделі шығындардың құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша мүліктік жалдау (жалға алу) шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде жүргізілген күрделі шығындардың құнын есептен шығару жазылады.";

      1662-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 1691-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "1691. Инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизацияның сомалары есептен шығарылады.";

      1695-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1695. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизацияның сомалары есептен шығарылады.";

      1697-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1697. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизацияның сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша келтірілген күрделі шығындар бойынша есептелген амортизацияның сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша келтірілген күрделі шығындар бойынша есептелген амортизацияның сомалары есептен шығарылады.";

      1845-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1845. Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      1876, 1877 және 1878-шоттардың аттары мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "1876. Басқа да банк қызметі бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Басқа да банк қызметі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да банк қызметі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да банк қызметі бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1877. Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есептен шығару жазылады.

      1878. Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар) (қарсы актив).

      Шоттың мақсаты: Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) құрылған сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2031-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) заемның өтелетін сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) заемның өтелетін сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша сыйлықақы амортизация сомасы және (немесе) есептен шығару сомасы жазылады.";

      2032-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) заемның өтелетін сомасының асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем алуға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) заемның өтелетін сомасының асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем алуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2034 және 2035-шоттардың аттары мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "2034. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қысқа мерзімді заемдар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен бір жылдан аспайтын мерзімге алынған заемдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қысқа мерзімді заемдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қысқа мерзімді заемдардың сомаларын есептен шығару жазылады.

      2035. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның құнын оң түзету шоты (пассив).

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын оң түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының ұлғаюы нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын оң түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемның есепке алу (баланстық) құнын оң түзету сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2037 және 2038-шоттардың аттары мен сипаттамалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2037. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның құнын теріс түзету шоты (қарсы пассив).

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын теріс түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған есептік (баланстық) құнын теріс түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша алынған заемның есепке алу (баланстық) құнын теріс түзету сомалары есептен шығарылады.

      2038. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2041-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған нақты заем сомасынан заемның өтелетін сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем алуға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған нақты заем сомасынан заемның өтелетін сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заем алуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2042-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымынан нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымынан нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясы және (немесе) есептен шығару сомасы жазылады.";

      2067 және 2068-шоттардың аттары мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "2067. Алынған қаржы лизингі (пассив).

      Шоттың мақсаты: Лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған қаржы лизингі бойынша негізгі борыштың сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.

      2068. Заемдар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заем мен лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.";

      2069-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) өтелетін заем сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығыстарды тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығарылады.";

      2070-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Заемның өтелетін сомасының нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомаларын, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заемды алуға байланысты түзету сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заемның өтелетін сомасының нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды ескере отырып) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде заемның баланстық құнын түзету сомалары, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық кірістерді тануға байланысты түзету сомалары, пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша заемды алуға байланысты түзету сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті алынған заем бойынша дисконт амортизациясы және (немесе) есептен шығарылу жазылады.";

      2131-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 2132-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2132 Басқа банктердің жинақ салымдары (бір айдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша бір айдан аспайтын мерзімге басқа банктерден қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2133-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 2134-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2134. Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге басқа банктерден қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдардың сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2139-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомаларын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салым бойынша нақты алынған ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салым бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салым бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2140-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомаларын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомаларын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомаларын, салымды нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын, салымды нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, шетелдік орталық банктерден және басқа банктерден тартылған салым бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2140-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2141 және 2143-шоттарының нөмірлерімен, аттарымен және сипаттарымен толықтырылсын:

      "2141. Басқа банктердің жинақ салымдары (бір жылдан астам) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша мерзімі бір жылдан астам басқа банктерден қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.

      2143. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша басқа банктерден қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған салымдар бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2213-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Жеке тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде банктік салым шарты және кепіл шарты бойынша қабылданған, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банк шоты болып табылады.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын ақша (салым) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жеке тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған, банктік салым, кепіл туралы шарттардың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иеленуді және пайдалануды кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2213-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2214-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2214. Жеке тұлғалардың жинақтық салымдары (бір жылдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан аспайтын жеке тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2217-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2218-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2218. Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан астам заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2219-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2220-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2220. Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан аспайтын заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардан қабылданған жинақ салымдар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдар сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2223-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Заңды тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде банктік салым шарты бойынша және кепіл шарты бойынша қабылданған, иеленуді және пайдалануды кепіл беруші (банктің клиенті) жүзеге асыратын ақша (салым) сомаларын есепке алу. Осы шот банктік шот болып табылады.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған ақша (салым) сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың банктік салым және кепіл туралы шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілдік) ретінде қабылданған ақша (салым) сомасын есептен шығару жазылады.";

      2227-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "2227. Жалдау бойынша міндеттеме (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттеменің құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау төлемінің келтірілген құны, жалдау бойынша міндеттеме құнының түзету сомасы, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау, жалдау шартының талаптарын модификациялауға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша өтелген жағдайда жалдау бойынша міндеттеме сомасын, жалдау бойынша міндеттеме құнының түзету сомасын, жалдау бойынша міндеттемені қайта бағалау, жалдау шартының талаптарын модификациялауға байланысты түзету сомасын есептен шығару жазылады.";

      2228-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2229-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2229. Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан астам) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Мерзімі бір жылдан астам жеке тұлғалардың жинақ салымдарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жеке тұлғалардан қабылданған жинақ салымдарының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қабылданған жинақ салымдарының сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2230-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "2230. Жалдау бойынша міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттеменің негізгі борыш сомасы бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау бойынша міндеттеменің негізгі борыш сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша міндеттеменің негізгі борыш сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомалары өтелген кезде есептен шығару жазылады.";

      2238-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша нақты алынған ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша салымдар бойынша нақты алынған ақша сомаларының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификация кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойынша амортизациялау сомасын жүргізу және (немесе) сыйлықақы сомасын есептен шығару жазылады.";

      2239-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Клиенттерден тартылған салымдар бойынша қайтарылатын ақша сомасының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) салымдар бойынша нақты алынған ақша сомасынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша салымды тартуға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша салым бойынша қайтарылатын ақша сомасының салым бойынша нақты алынған ақша сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде салымның баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы, нарықтық емес пайыз мөлщерлемесі бойынша салымды тартуға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2240-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2243-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2243. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша клиенттерден қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттен қабылданған жинақ салымдары бойынша борыштың негізгі сомасы бойынша мерзімі өткен берешек сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2304-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2305-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасын, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды тартуға байланысты түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде бағалы қағаздардың баланстық құнын түзету сомасы, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша бағалы қағаздарды тартуға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2403-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигацияларды орналастыру құнының олардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2404-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасын, нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша реттелген облигацияларды тартуға байланысты түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың номиналдық құнының оларды орналастыру құнынан асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде реттелген облигациялардың баланстық құнын түзету сомасы, реттелген облигацияларды нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған реттелген облигациялардың дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2407-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Нақты алынған реттелген борыш сомаcының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасын, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша нақты алынған реттелген борыш сомаcының (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомасынан асып кетуі түріндегі сыйлықақы сомасы, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борыш бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2408-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Нақты алынған реттелген борыш сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомаcының асып кетуі түріндегі дисконт сомасын, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасын, реттелген борышты нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасын, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша нақты алынған реттелген борыш сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есепке алғанда) борышты өтеу сомаcының асып кетуі түріндегі дисконт сомасы, модификациялау кезінде реттелген борыштың баланстық құнын түзету сомасы, реттелген борышты нарықтық емес пайыз мөлшерлемесі бойынша тартуға байланысты түзету сомасы, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып пайыздық шығысты тануға байланысты түзету сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борыш бойынша дисконт амортизациясының сомасы және (немесе) есептен шығару жазылады.";

      2706-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заем мен лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстардың сомаларын, олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.";

      2708-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2709-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2709. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2723-шоттың сипатынан кейін мына мазмұндағы 2724-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "2724. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден қабылдаған жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша клиенттерден қабылдаған жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттерден қабылдаған жинақ салымдары бойынша есептелген шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2745-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "2745. Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар (пассив).

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша міндеттемелер бойынша есептелген пайыздық шығыстар сомаларын есептен шығару жазылады.";

      2861-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша қызметкерлерге төленетін демалыс төлемақыларына арналған резервтерді есептен шығару жазылады.";

      2869-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IFRS) сәйкес берілген кепілдіктің құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктің құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша берілген кепілдіктің құны берілген кепілдік бойынша міндеттемелерді банк орындаған немесе күші жойылған жағдайда № 4958 баланстық шотпен байланыстыра отырып есептен шығару жазылады.";

      3540-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "3540. Негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активті қайта бағалау резервтері (пассив).

      Шоттың мақсаты: Қайта бағалау нәтижесінде пайда болған негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалау резервтерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша баланстық құны ұлғайған кезде негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалаудан болған оң айырма сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша баланстық құны азайған кезде негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалаудан болған теріс айырманың сомалары жазылады, сондай-ақ пайдалану шамасына қарай немесе негізгі құралдардың істен шығу сәтінде № 3580 баланстық шотқа негізгі құралдарды оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару.";

      3562-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "3562. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтер (провизиялар) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын олар жойылған кезде, баланстан басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша талаптарды есептен шығару немесе қайта жіктеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      3564-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "3564 Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтері (провизиялар) (пассив).

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша күтілетін кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтерінің (провизиялардың) сомаларын олар жойылған кезде, басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын заемдар бойынша талаптарды қайта есептен шығару немесе жіктеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      4257-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 4258 және 4259-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттарымен толықтырылсын:

      "4258. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын) бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша басқа банктерде бір айдан аспайтын мерзімге орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4259. Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан аспайтын) бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер.

      Шоттың мақсаты: Банктік салым шарты бойынша басқа банктерде бір жылдан аспайтын мерзімге орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банкте орналастырылған жинақ салымдар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4312-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 4313 және 4314-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттарымен толықтырылсын:

      "4313. Берілген заемдардың жалпы баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Берілген заемдардың жалпы баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдардың жалпы баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын берілген заемдар бойынша тиісті дисконттар (сыйақылар) шоттарымен байланыстыра отырып модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4314. Алынған заемдардың баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша алынған заемдарды түзету кезінде туындайтын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Алынған заемдардың баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын модификациялауға байланысты түзету кезінде және (немесе) алынған заемдарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде туындайтын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша алынған заемдардың баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын модификациялауға байланысты түзету кезінде және (немесе) алынған заемдарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша алынған заемдар бойынша тиісті дисконттар (сыйақылар) шоттарымен байланыстыра отырып бастапқы тану кезінде туындайтын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4431-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4431. Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның құнын теріс түзету түріндегі кірістер.

      Шоттың мақсаты: Өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан, ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өтеу мерзімі бір жылдан астам Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемның әділ құнының төмендеуі нәтижесінде туындаған есепті (баланстық) құнын теріс түзету түріндегі кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4435-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4435. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдарды шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде кірістер сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдарды шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4540-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4540. Тазартылған бағалы металдарды сатудан түскен кірістер.

      Мақсаты: Тазартылған бағалы металдарды сатудан түскен кірістер сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған бағалы металдарды сатудан түскен кірістер сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4560, 4570, 4580, 4590, 4591, 4593 және 4594-шоттардың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4560. Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4570. Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасы бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4580. Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4590. Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Қаржы фьючерстерін оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша қаржы фьючерстерін оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4591. Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Опцион операциялары бойынша оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша опцион операциялары бойынша оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4593. Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Своп операциялары бойынша оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша своп операциялары бойынша оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4594. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4704-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4704. Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдардың әділ құнын оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған бағалы металдардың әділ құнын оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4705-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) сомаларын есепке алу және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды теріс қайта бағалау.

      Шоттың кредиті бойынша заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4707-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) сомаларын есепке алу және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды теріс қайта бағалау.

      Шоттың кредиті бойынша валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды оң қайта бағалау (бағамдық айырма) сомалары жазылады және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4709-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4709. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнының өзгеруінен болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4710-шоттың нөмірі, аты және сипаты алып тасталсын;

      4711-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4711. Негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болған зиянды қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болған зиянды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша № 5711 баланстық шотта есепке алынған негізгі құралдар мен пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болған зиянды қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4732-шоттың нөмірі, аты және сипаты алып тасталсын;

      4733 және 4734-шоттардың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "4733. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын кірістер.

      Мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шығару кезінде оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шығару кезінде оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша оң қайта бағалау сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4734. Басқа қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді оң қайта бағалау сомаларын есепке алу және (немесе) кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді теріс қайта бағалау.

      Шоттың кредиті бойынша кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді оң қайта бағалау сомалары және (немесе) кірістердің басқа баланстық шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4955-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 4956-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "4956. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден, қайта жіктеуден және басқа жағдайларда кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4960-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 4961, 4962 және 4963-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттарымен толықтырылсын:

      "4961. Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден, қайта жіктеуден және басқа жағдайларда кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4962. Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4963. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5063-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5063. Қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5070-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5071 және 5072-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттарымен толықтырылсын:

      "5071. Берілген заемдардың жалпы баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету және (немесе) пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша берілген заемдарды түзету кезінде туындайтын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Берілген заемдардың жалпы баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын модификациялауға байланысты түзету кезінде және (немесе) берілген заемдарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша бастапқы тану кезінде туындайтын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша берілген заемдардың жалпы баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын модификациялауға байланысты түзету кезінде және (немесе) берілген заемдарды пайыздың нарықтық емес мөлшерлемесі бойынша алынған заемдар бойынша тиісті дисконттар (сыйақылар) шоттарымен байланыстыра отырып бастапқы тану кезінде туындайтын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстар сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5072. Алынған заемдардың баланстық құнын оларды модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Алынған заемдардың баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша алынған заемдардың баланстық құнын көрсетілген заемдардың ақша ағындарын алынған заемдар бойынша тиісті дисконттар (сыйақылар) шоттарымен байланыстыра отырып модификациялауға байланысты түзету кезінде туындайтын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5130-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5131 және 5132-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттарымен толықтырылсын:

      "5131. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша (бір айдан аспайтын) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір айдан аспайтын мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы №4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5132. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан аспайтын) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан аспайтын мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5138-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5139-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "5139. Басқа банктердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан астам) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерден бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5217-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5218-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "5218. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан аспайтын) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден бір жылдан аспайтын мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылдаған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5219-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5220-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "5220. Клиенттердің жинақ салымдары бойынша (бір жылдан астам) сыйақы төлеуге байланысты шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерден бір жылдан астам мерзімге банктік салым шарты бойынша қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттен қабылданған жинақ салымдары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5227-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5227. Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша пайыздық шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Жалдау бойынша міндеттемелеріне байланысты пайыздық шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша міндеттемелеріне байланысты пайыздық шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жалдау міндеттемелері бойынша келтірілген пайыздық шығыстар № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5237-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5237. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдар бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын заемдарды шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын заемдарды есептен шығару және (немесе) қайта жіктеу кезінде теріс қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5451, 5452, 5453 және 5455-шоттардың аттары мен сипаттары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5451. Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5452. Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банкке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5453. Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5455. Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5455-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5456-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "5456. Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5457-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5457. Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5457-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5458-шоттың нөмірімен, атымен және сипатымен толықтырылсын:

      "5458. Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша басқа да банк қызметі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5459-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылған:

      "5459. Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5459-шоттың сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 5461 және 5462-шоттардың нөмірлерімен, аттарымен және сипаттарымен толықтырылсын:

      "5461. Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5462. Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5464, 5465, 5468 және 5469-шоттардың аттары мен сипаттары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5464. Бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5465. Шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арнғалған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шартты міндеттемелер бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.

      5468. Бағалау міндеттемелерін қалыптастыру шығыстары.

      Шоттың мақсаты: Бағалау міндеттемелерін қалыптастыруға жұмсалған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалау міндеттемелерін қалыптастыруға жұмсалған шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5469. Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5540-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5540. Тазартылған бағалы металдардың баланстық құнын есептен шығару бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдардың баланстық құнын есептен шығарудан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған бағалы металдардың баланстық құнын есептен шығарудан болатын шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5560, 5570, 5580, 5590, 5591, 5593 және 5594-шоттардың аттары мен сипаттары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5560. Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалаудың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5570. Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасы бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5580. Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған бағалы металдар бойынша форвард операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5590. Қаржы фьючерстерін қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Қаржы фьючерстерін теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша қаржы фьючерстерін теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5591. Опцион операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Опцион операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша опцион операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5593. Своп операцияларын қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Своп операцияларын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша своп операцияларын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5594. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5704-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5704. Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Тазартылған бағалы металдардың әділ құнын теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша тазартылған бағалы металдардың әділ құнын теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5705-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) сомаларын және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заемдардың валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерге берілген заемдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған заемдарды оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыс сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5708-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша валюталық баламасын теңгемен белгілей отырып басқа банктерде орналастырылған салымдарды теріс қайта бағалау (бағамдық айырма) және (немесе) басқа банктерден тартылған салымдарды оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыс сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5709-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5709. Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың құнын өзгертуден болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарды теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сомаларды № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5710-шоттың нөмірі, аты және сипаты алып тасталсын;

      5711-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5711. Негізгі құралдардың және пайдалану құқығы нысанындағы активтердің құнсыздануынан болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: № 3540 баланстық шотындағы негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану құқығы нысанындағы активтерді қайта бағалаудың жинақталған резерві жоқ немесе жеткіліксіз негізгі құрал-жабдықтардың құнсыздануынан болатын шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша № 3540 баланстық шотындағы негізгі құралдарды қайта бағалаудың жинақталған резерві жоқ немесе жеткіліксіз негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5732-шоттың нөмірі, аты мен сипаты алып тасталсын;

      5733 және 5734-шоттардың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5733. Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шыққан кезде теріс қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шот дебеті бойынша әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын борыштық бағалы қағаздарды қайта жіктеу және (немесе) есептен шыққан кезде теріс қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5734. Басқа да қайта бағалаудан шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді теріс қайта бағалау және (немесе) шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді оң қайта бағалау сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес активтерді теріс қайта бағалау және (немесе) шығыстардың басқа баланс шоттары бойынша жүргізілуі мүмкін емес міндеттемелерді оң қайта бағалау сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5781, 5782, 5783, 5784, 5785, 5786, 5787 және 5788-шоттардың аттары мен сипаттары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5781. Үйлер мен ғимараттарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Үйлер мен ғимараттарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша үйлер мен ғимараттарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5782. Компьютер жабдығын амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Компьютер жабдығын амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша компьютер жабдығын амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5783. Басқа да негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Басқа да негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша басқа да негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5784. Пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтерді амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5785. Жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5786. Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындарды амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5787. Көлік құралдарын амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Көлік құралдарын амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша көлік құралдарын амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5788. Материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша материалдық емес активтерді амортизациялау бойынша есептелген шығыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5853-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5853. Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден болатын шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және қорларды өтеусіз беруден шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5923-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "5923. Жалдау бойынша шығыстар.

      Шоттың шоттары: Жалдау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша жалдау бойынша шығыстар сомалары жүргізіледі.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      7160-шоттың сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Міндеттемелерді қамтамасыз етуге (кепілге) берілген мүліктің (ақшаны қоспағанда) құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге (кепілге) берілген мүлік (ақшаны қоспағанда) құны жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша қамтамасыз етудің (кепілдің) құны оларды қайтарған немесе міндеттемелер орындалмаған жағдайда кепілге салынған мүлікті сату кезде есептен шығару жазылады.";

      7220-шоттың аты мен сипаты мынада редакцияда жазылсын:

      "7220. Жалға алынған активтер.

      Шоттың мақсаты: Құны төмен активтерді жалдауға және қысқа мерзімді жалдауға байланысты болашақ шығыстар сомасын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша құны төмен активтерді жалдауға және қысқа мерзімді жалдауға байланысты болашақ шығыстар сомасы жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша құны төмен активтерді жалдауға және қысқа мерзімді жалдауға байланысты болашақ шығыстардың жалпы сомасын оларды жасалған шарттың қолданыс мерзімі аяқталуына байланысты қайтарған немесе оларды кейіннен балансқа есепке алумен сатып алу кезінде есептен шығару жазылады.";

      7664 және 7665-шоттардың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7664. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын кірістер.

      Шоттың мақсаты: Активтер құнының оң өзгеруі нәтижесінде алынған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша активтер құнының оң өзгеруінен оларды есептен шығару кезінде алынған кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7665. Бағамдық айырма бойынша кірістер.

      Шоттың мақсаты: Шетел валютасы бағамының оң өзгеруі нәтижесінде алынған кірістердің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша шетел валютасының оларды шығынға жазу кезінде алынған құнының оң өзгеруінен кірістердің сомалары жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомалары № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.";

      7666 және 7667-шоттардың нөмірлері, аттары мен сипаттары алып тасталсын;

      7684 және 7685-шоттардың аттары мен сипаттары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7684. Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Активтер құнының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша активтер құнының олар есептен шығарылған кезде теріс өзгеруінен болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.

      7685. Бағамдық айырма бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Шетел валюта бағамының теріс өзгеруі нәтижесінде келтірілген шығыстардың сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша шетел валютасы бағамы құнының ол есептен шығарылған кезде теріс өзгеруінен болатын шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7651 баланстан тыс шотына есептен шығару жазылады.";

      7686 және 7687-шоттарының нөмірлері, аттары және сипаттары алып тасталсын;

      7888-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:

      "7888. Негізгі құралды амортизациялау бойынша шығыстар.

      Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құралды амортизациялау бойынша есептелген шғыстар сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 7851 баланстан тыс шотқа есептен шығару жазылады.".

      2. "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Ислам банктерінің бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 46 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15117 тіркелді, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы № 232 (29213) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктерінің бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Бухгалтерлік есеп мақсатында операциялық жалдау ретінде жасалған лизинг (жалдау) шартын сыныптау кезінде сатып алынған мүлік мынадай бухгалтерлік жазбамен, есеп саясатында көзделген кезеңділікпен амортизацияланады:

Дт

7888

"Негізгі құралды амортизациялау бойынша шығыстар"

Кт

7809

"Үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар".";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Банк заемын беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт

1301

"Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт заемдары"


1302

"Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1303

"Басқа банктерге берілген овернайт заемдары"


1304

"Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1411

"Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1417

"Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1429

"Клиенттерге берілген басқа да заемдар"

Кт

1001

"Кассадағы қолма-қол ақша"


1051

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"


1052

"Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар";

      әділ құны бойынша заемды тануға байланысты туындаған дисконт сомасына:

Дт

1301

"Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт заемдары"


1302

"Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1303

"Басқа банктерге берілген овернайт заемдары"


1304

"Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1411

"Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1417

"Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1429

"Клиенттерге берілген басқа да заемдар"

Кт

1312

"Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт"


1434

"Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт".";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Дисконтты амортизациялау кезінде банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1312

"Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт"


1434

"Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт"

Кт

4312

"Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер"


4434

"Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер".

      51. Банк заемын өтеу шотына ақша келіп түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1001

"Кассадағы қолма-қол ақша"


1051

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"


1052

"Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"

Кт

1301

"Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт заемдары"


1302

"Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1303

"Басқа банктерге берілген овернайт заемдары"


1304

"Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1411

"Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1417

"Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1429

"Клиенттерге берілген басқа да заемдар".";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Егер мерзімі басталған кезде заем алушы банк заемы бойынша борышын өтемеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1306

"Басқа банктердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі"


1424

"Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі"

Кт

1301

"Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт заемдары"


1302

"Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1303

"Басқа банктерге берілген овернайт заемдары"


1304

"Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1411

"Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар"


1417

"Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар"


1429

"Клиенттерге берілген басқа да заемдар".";

      56, 57, 58, 59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Банктік заем бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу шотына ақша түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1001

"Кассадағы қолма-қол ақша"


1051

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"


1052

"Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"

Кт

1306

"Басқа банктердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі"


1424

"Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі".

      57. Банктік заемдардың құнсыздануынан болған шығындарды өтеуге резервтер (провизиялар) құру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

5452

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар"


5455

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар"

Кт

1319

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"


1428

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)".

      58. Банктік заемды өтеу немесе кредиттік сапасын жақсарту кезінде бұрын қалыптастырған резервтер (провизиялар) азаяды және мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1319

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"


1428

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"

Кт

4952

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер"


4955

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер".

      59. Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімде төленбеген мерзімі өткен банктік заемды баланстан есептен шығару туралы банк шешім қабылдаған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) теңгемен көрсетілген банктік заемның негізгі сомасына:

Дт

1319

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"


1428

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"

Кт

1306

"Басқа банктердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі"


1424

"Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі";

      2) заемды әділ құны бойынша бастапқы танумен байланысты толық амортизацияланбаған дисконт сомасына:

Дт

1312

"Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт"


1434

"Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт"

Кт

4312

"Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер"


4434

"Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер".

      60. Заем алушы баланстан есептен шығарылған банктік заем бойынша берешекті өтеу кезінде, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт

1001

"Кассадағы қолма-қол ақша"


1051

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"


1052

"Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"

Кт

4952

"Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер"


4955

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер".";

      63-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауар өндіру (дайындау) аяқталған кезде:

Дт

1602

"Басқа да қорлар"


1610

"Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер"

Кт

1651

"Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құралдар".";

      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Банк тауар сатып алған жағдайда, оны сатып алуға тікелей байланысты шығынды ескере отырып нақты құн сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1602

"Басқа да қорлар"


1610

"Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер"

Кт

1001

"Кассадағы қолма-қол ақша"


1051

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"


1052

"Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар".

      65. Коммерциялық кредит туралы шартқа сәйкес клиентке тауарды өткізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт

1426

"Клиентке сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша қойылатын талаптар"

Кт

1602

"Басқа да қорлар"


1610

"Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер"


2794

"Болашақ кезеңдер кірістері" (үстеме баға сомасына).

      бір мезгілде 2799 "Басқа да алдын ала ақы төлеу" баланс шотында есепте тұрған клиенттен бұрын алынған алдын ала ақы сомасына:

Дт

2799

"Басқа да алдын ала ақы төлеу"

Кт

1426

"Клиентке сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша қойылатын талаптар".";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Банк коммерциялық кредит туралы шарт бойынша талаптардың құнсыздануына банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен, бірақ есепті күннен жиі емес тест жүргізеді. Құнсызданудан болған зиянды өтеуге резервтер (провизиялар) құрылған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

5455

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар"

Кт

1428

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)".";

      87, 88, 89, 90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Операциялық жалдау ретінде бухгалтерлік есеп мақсатында жасалған лизинг (жалдау) шартын сыныптау кезінде сатып алынған мүлік банктің есеп саясатында көзделген кезеңділікпен келесі бухгалтерлік жазбамен амортизацияланады:

Дт

5785

"Жалға беруге арналған негізгі құралдарды амортизациялау бойынша шығыстар"

Кт

1696

"Жалға тапсыруға арналған негізгі құралдар бойынша есептелген амортизация".

      88. Қаржылық жалдау ретінде бухгалтерлік есеп мақсатында жасалған лизинг (жалдау) шартын сыныптау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) лизинг алушыға мүлікті лизингке (жалға) беру кезінде:

Дт

1305

"Басқа банктерге берілетін қаржы лизингі"


1420

"Клиенттерге берілетін қаржы лизингі"

Кт

1656

"Жалға беруге арналған негізгі құралдар";

      2) Нұсқаулықтың 84-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаға қосымша лизинг (жалдау) шартының талаптарына сәйкес мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1051

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"


1052

"Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"


1001

"Кассадағы қолма-қол ақша"

Кт

1305

"Басқа банктерге берілетін қаржы лизингі"


1420

"Клиенттерге берілетін қаржы лизингі";

      3) Нұсқаулықтың 85-тармағында көзделген бухгалтерлік жазбаға мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1309

"Басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі"


1421

"Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі"

Кт

1305

"Басқа банктерге берілетін қаржы лизингі"


1420

"Клиенттерге берілетін қаржы лизингі".

      89. Клиент лизинг (жалдау) шарты бойынша мерзімі өткен төлемді төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1001

"Кассадағы қолма-қол ақша"


1051

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"


1052

"Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"

Кт

1772

"Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек"


1309

"Басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі"


1421

"Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі".

      90. Банктің есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен, алайда есепті күннен сирек емес банк лизинг (жалдау) шарты бойынша талаптардың құнсыздануына тест жүргізеді. Құнсызданудан болған зияндарды өтеуге резервтер (провизиялар) құру жағдайында мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

5453

"Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар"


5452

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстар"


5455

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға арналған шығыстары"

Кт

1877

"Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)"


1319

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"


1428

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер".

      91. Банктің уәкілетті органы лизинг (жалдау) шарты бойынша төленбеген мерзімі өткен талаптарды есептен шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1877

"Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)"


1319

"Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"


1428

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"

Кт

1772

"Жалдау жағдайындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек"


1309

"Басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі"


1421

"Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі".

      92. Лизинг (жалдау) шарты бойынша талаптардың кредиттік сапасын өтеу немесе жақсарту жағдайында құнсызданудан болған зиянды өтеуге бұрын қалыптастырылған резервтер (провизиялар) мынадай бухгалтерлік жазбамен азайтылады:

Дт

1877

"Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтер (провизиялар)"


1319

"Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"


1428

"Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)"

Кт

4953

"Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер"


4952

"Басқа банктерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден болатын кірістер"


4955

"Клиенттерге берілген заемдар және қаржы лизингі бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден кірістер".".

      3. "Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тазартылған бағалы металдардың әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) тазартылған бағалы металдардың әділ құны олардың есептік құнынан асып кеткен кезде:

Дт

7602

"Тазартылған бағалы металдар"

Кт

7664

"Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын кірістер";

      2) тазартылған бағалы металдардың есептік құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:

Дт

7684

"Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болған шығыстар"

Кт

7602

"Тазартылған бағалы металдар".";

      15-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Егер салым шетел валютасымен орналастырылған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы көтерілген кезде:

Дт

7604

"Орналастырылған салымдар"

Кт

7665

"Бағамдық айырма бойынша кірістер";

      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы төмендеген кезде:

Дт

7685

"Бағамдық айырма бойынша шығыстар"

Кт

7604

"Орналастырылған салымдар".";

      20-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Есепті кезең үшін активтерді сенімгерлік басқару нәтижесін айқындау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:

Дт

7661

"Клиенттен активтердің түсуі"


7662

"Сыйақы түріндегі кірістер"


7663

"Активтерді сатып алу-сату болатын кірістер"


7664

"Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын кірістер"


7665

"Бағамдық айырма бойынша кірістер"


7668

"Басқа да кірістер"

Кт

7651

"Капитал";

      2) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:

Дт

7651

"Капитал"

Кт

7681

"Клиенттің активтерін алу"


7682

"Комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша шығыстар"


7683

"Активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстар"


7684

"Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар"


7685

"Бағамдық айырма бойынша шығыстар"


7688

"Басқа да шығыстар".";

      30-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      1) қолда бар активтер бойынша кірістер сомасына:

Дт

7661

"Клиенттен активтердің түсуі"


7662

"Сыйақы түріндегі кірістер"


7663

"Активтерді сатып алу-сату болатын кірістер"


7664

"Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын кірістер"


7665

"Бағамдық айырма бойынша кірістер"


7668

"Басқа да кірістер"

Кт

7651

"Капитал";

      2) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:

Дт

7651

"Капитал"

Кт

7683

"Активтерді сатып алу-сатудан болатын шығыстар"


7684

"Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан болатын шығыстар"


7685

"Бағамдық айырма бойынша шығыстар"


7688

"Басқа да шығыстар";".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады