"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 270 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қаңтарда № 19844 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17355 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) депозиттік аукционға қатысу үшін контрәріптеспен депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдау туралы және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы келісімді (бұдан әрі – Депозиттерді қабылдау туралы келісім) жасайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Депозиттік аукционға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті контрәріптес Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Ұлттық Банк басшылығының атына Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасуға өтінішхатты;

      2) контрәріптестің депозиттік аукцион шеңберінде депозиттерді (банктік салымдарды) орналастыру бойынша мәмілелерді жасасуға уәкілетті қызметкерлерінің контрәріптес бекіткен тізімді;

      3) жарғы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер контрәріптес өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайда – үлгі жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру фактісін растайтын құжатты;

      4) мәміле паспортына қол қоюға уәкілетті контрәріптес қызметкерлерінің қойылған қолдарының үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты ұсынады.

      Депозиттік аукционға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті әлеуетті контрәріптес Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Ұлттық Банк басшылығының атына Депозиттерді қабылдау туралы келісімге жасасуға өтінішхаты;

      2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесі (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда);

      3) бейрезидент елінің уәкілетті органы берген (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда) банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) операциялар жасау кезінде қойылған қолдардың үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамның (адамдардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидентін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркегенін растайтын құжат бар болса, соның көшірмесі;

      6) соңғы үш жылдағы шоғырландырылған қаржылық есептілік болған кезде жасайды.

      Контрәріптесте Ұлттық Банк пен контрәріптес арасында жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға Қосылу шарты болған жағдайда, контрәріптестің осы тармақта көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке қайталап ұсынуынсыз Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуына жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 -тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Ұлттық Банк әлеуетті контрәріптес Тәртіптің 7-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттар Тәртіптің 7-тармағына сәйкес келген жағдайда, олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуға дайын екендігін жазбаша хабарлайды немесе себептерін көрсете отырып бас тарту жібереді.".

      11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аукционға қатысушының Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін уәкілетті бөлімше мыналар:

      1) Ұлттық Банктің қаржы нарығының статистикасы бөлімшесі Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша;

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасы бойынша;

      3) Ұлттық Банктің операциялық есеп бөлімшесі Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасы бойынша ұсынған ақпараттың негізінде айқындайды.";

      43 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Аукционға қатысушының Қағидалардың 40-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін уәкілетті бөлімше мыналар:

      1) Ұлттық Банктің қаржы нарығының статистикасы бөлімшесі Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасы бойынша;

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасы бойынша;

      3) Ұлттық Банктің операциялық есеп бөлімшесі Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасы бойынша ұсынған ақпараттың негізінде айқындайды.";

      75 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының әрбір шығарылымына халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN коды) береді.";

      137- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Депозиттік аукционның нысаны пайыздық мөлшерлеме болып табылады.

      Депозиттік аукцион бойынша сыйақы сомасы қарапайым есептеу әдісі арқылы есептеледі (сыйақыны есептеу депозит тартудың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады), есептеу базасына шартты түрде ақшаның депозитте (банктік салымда) жатқан нақты күндер саны және бір жылдағы 360 (үш жүз алпыс) күн алынады.".

      2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июля 2018 года № 167 "Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 270. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 января 2020 года № 19844

      Примечание ИЗПИ!
Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" в целях совершенствования порядка проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июля 2018 года № 167 "Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17355, опубликовано 19 сентября 2018 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "3) с контрпартнером для участия в депозитном аукционе соглашение о приеме депозитов (банковских вкладов) и об открытии и ведении сберегательного счета (далее – Соглашение о приеме депозитов).";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Для заключения Соглашения о приеме депозитов в рамках участия в депозитном аукционе потенциальный контрпартнер, являющийся резидентом Республики Казахстан, представляет в Национальный Банк следующие документы:

      1) ходатайство на имя руководства Национального Банка на заключение Соглашения о приеме депозитов;

      2) список уполномоченных на совершение сделок по размещению депозитов (банковских вкладов) в рамках депозитного аукциона работников контрпартнера, утвержденный контрпартнером;

      3) устав либо его нотариально засвидетельствованную копию, а в случае если контрпартнер осуществляет свою деятельность на основании типового устава – документ, подтверждающий факт осуществления деятельности на основании типового устава;

      4) нотариально удостоверенный документ с образцами подписей работников контрпартнера, уполномоченных на подписание паспорта сделки.

      Для заключения Соглашения о приеме депозитов в рамках участия в депозитном аукционе потенциальный контрпартнер, являющийся нерезидентом Республики Казахстан, представляет в Национальный Банк следующие документы:

      1) ходатайство на имя руководства Национального Банка на заключение Соглашения о приеме депозитов;

      2) нотариально удостоверенную копию учредительных документов (за исключением национальных (центральных) банков иностранных государств);

      3) нотариально засвидетельствованную копию лицензии на проведение банковских операций, выданной уполномоченным органом страны нерезидента (за исключением национальных (центральных) банков иностранных государств);

      4) копию (копии) документа (документов), удостоверяющего (удостоверяющих) личность лица (лиц), уполномоченного (уполномоченных) подписывать платежные документы при совершении операций, в соответствии с документом с образцами подписей;

      5) при наличии, копию документа, подтверждающего регистрацию нерезидента Республики Казахстан в качестве налогоплательщика в Республике Казахстан;

      6) консолидированную финансовую отчетность за последние три года.

      В случае наличия у контрпартнера Договора присоединения к заключению сделок с финансовыми инструментами, заключенного между Национальным Банком и контрпартнером, допускается заключение Соглашения о приеме депозитов без повторного представления в Национальный Банк контрпартнером документов, предусмотренных настоящим пунктом.";

      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:

      "7-1.Национальный Банк рассматривает документы, представленные потенциальным контрпартнером в соответствии с пунктом 7 Правил, и в случае соответствия представленных документов пункту 7 Правил в срок не более десяти рабочих дней со дня их поступления в Национальный Банк, письменно сообщает о готовности заключить Соглашение о приеме депозитов или направляет отказ с указанием причин.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Соответствие участника аукциона требованиям, предусмотренным пунктом 8 Правил, определяется уполномоченным подразделением на основании информации, представленной:

      1) подразделением статистики финансового рынка Национального Банка – по подпункту 1) пункта 8 Правил;

      2) уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций – по подпункту 2) пункта 8 Правил;

      3) подразделением операционного учета Национального Банка – по подпункту 3) пункта 8 Правил.";

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Соответствие участника аукциона требованиям, предусмотренным пунктом 40 Правил, определяется уполномоченным подразделением на основании информации, представленной:

      1) подразделением статистики финансового рынка Национального Банка – по подпункту 1) пункта 40 Правил;

      2) уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций – по подпункту 2) пункта 40 Правил;

      3) подразделением операционного учета Национального Банка – по подпункту 3) пункта 40 Правил.";

      пункт 75 изложить в следующей редакции:

      "75. Центральный депозитарий присваивает международный идентификационный номер (код ISIN) каждому выпуску краткосрочных нот Национального Банка.";

      пункт 137 изложить в следующей редакции:

      "137. Объектом депозитного аукциона является процентная ставка.

      Сумма вознаграждения по депозитному аукциону начисляется по простому методу начисления (начисление вознаграждения осуществляется с первого дня привлечения депозита), за расчетную базу условно принимается фактическое количество дней нахождения денег на депозите (банковском вкладе) и 360 (триста шестьдесят) дней в году.".

      2. Департаменту монетарных операций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту внешних коммуникаций – пресс-службе Национального Банка обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Биртанова Е.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель
Национального Банка
Е. Досаев