"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақша аударымының банкаралық жүйесінің операторын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 518 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1423 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 271 бірлескен бұйрығы мен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 19857 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 маусымдағы № 25 және Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 53 бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 10.06.2022 № 25 және Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық пен қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақша аударымының банкаралық жүйесінің операторын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 518 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10215 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын жекелеген ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын жекелеген ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен және қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақша аударымының банкаралық жүйесінің операторын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын жекелеген ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарда ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) сәйкес әзірленді және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. КЖ/ТҚҚ ішкі жүйесін ұйымдастыру және КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы (техникалық немесе көмекші қызметкер қызметтеріндегі жұмыс тәжірибесін қоспағанда);";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. КЖ/ТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасы";

      16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы";

      20-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) клиент 500 000 теңгеден асатын сомаға не 500 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға, оның ішінде күнтізбелік бір күнде қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункті арқылы сатып алу, сату немесе айырбастау түрінде бірнеше операциялар (мәмілелер) жасау жолымен біржолғы операция (мәміле) жасаған;";

      21-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) клиент-жеке тұлға қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункті арқылы сатып алуды, сатуды немесе айырбастауды жүргізген кезде, егер мұндай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан асатын болса;";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы";

      29-тармақтың үшінші және төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуекелдің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.

      Тізбеде клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) бар болуын (Тізбеге қосылғанын) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге (Тізбені жаңарту) өзгерістер енгізуге қарай жүзеге асырылады.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Ә.Б. Сқақов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық пен қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 518 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 236 "Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, за исключением оператора межбанковской системы переводов денег, и микрофинансовых организаций"

Совместные приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 1423 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 271. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 января 2020 года № 19857. Утратил силу Совместным приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 10 июня 2022 года № 25 и Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 июня 2022 года № 53.

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Председателя Агентства РК по финансовому мониторингу от 10.06.2022 № 25 и Постановление Правления Национального Банка РК от 22.06.2022 № 53 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
Настоящие совместные приказ и постановление вводятся в действие с 1 января 2020 года.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 3 июля 2019 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и развития финансового рынка, микрофинансовой деятельности и налогообложения" Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан – Министр финансов Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ и Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 518 и постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 236 "Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, за исключением оператора межбанковской системы переводов денег, и микрофинансовых организаций" (зарегистрированные в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10215, опубликованные 27 февраля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Требований к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для отдельных организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Требования к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для отдельных организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.";

      в Требованиях к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, за исключением оператора межбанковской системы переводов денег, и микрофинансовых организаций, утвержденных указанным совместным приказом и постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Требования к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма для отдельных организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций";

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Требования к Правилам внутреннего контроля в целях противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма в отдельных организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций (далее – Требования), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (далее – Закон о ПОД/ФТ) и распространяются на юридические лица, осуществляющие деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой, а также юридические лица, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей (далее – организации).";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Организация внутренней системы ПОД/ФТ и программа организации внутреннего контроля в целях ПОД/ФТ";

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) наличие стажа работы в финансовых организациях не менее двух лет (за исключением опыта работы на должностях технического или вспомогательного персонала);";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Программа управления рисками ОД/ФТ";

      подпункты 2) и 3) пункта 16 исключить;

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Программа идентификации клиентов";

      подпункт 2) части первой пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "2) совершения клиентом разовой операции (сделки) на сумму, превышающую 500 000 тенге, либо сумму в иностранной валюте, превышающую эквивалент 500 000 тенге, в том числе, путем совершения за один календарный день нескольких операций (сделок) в виде покупки, продажи или обмена наличной иностранной валюты через обменный пункт;";

      часть третью пункта 21 исключить;

      подпункт 1) пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "1) при совершении клиентом-физическим лицом покупки, продажи или обмена наличной иностранной валюты через обменный пункт, если сумма такой операции превышает 500 000 тенге, либо сумму в иностранной валюте, эквивалентную 500 000 тенге;";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Программа мониторинга и изучения операций клиентов";

      части третью и четвертую пункта 29 изложить в следующей редакции:

      "Обновление сведений о клиенте (его представителе) и бенефициарном собственнике с высоким уровнем риска осуществляется не реже одного раза в год.

      Проверка наличия клиента (бенефициарного собственника) в Перечне (включения в Перечень) не зависит от уровня риска клиента и осуществляется по мере внесения изменений в Перечень (обновления Перечня).";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Программа подготовки и обучения работников организации по вопросам ПОД/ФТ".

      2. Комитету по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан (Скаков А.Б.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящих совместных приказа и постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящих совместных приказа и постановления на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящих совместного приказа и постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящие совместные приказ и постановление вводятся в действие с 1 января 2020 года и подлежат официальному опубликованию.

      Первый заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра финансов Республики Казахстан
ПравлениеНационального БанкаРеспублики Казахстан