Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған орта сапасының 2019-2022 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 460/58-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 1255 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі 19-бабының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған орта сапасының 2019-2022 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы А. Аюпов
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 460/58-VI шешіміне
қосымша

"Атмосфералық ауа" бөлімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері

Нысаналы көрсеткіштер тізбесі

Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері

Өлшем бірлігі

Алғашқы деңгейі

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындысы (нормативтік көлем):

I қауіптілік санаты

тонна жылына

72 444,0

65 438,0

62 800,0

62 800,0

II қауіптілік санаты

тонна жылына

4 900,0

4 900,0

4 900,0

4 900,0

III қауіптілік санаты

тонна жылына

7 800,0

13 800,0

13 800,0

13 800,0

IV қауіптілік санаты

тонна жылына

21 983,0

21 983,0

21 983,0

21 983,0

Барлығы:

тонна жылына

107 127,0

106 121,0

103 483,0

103 483,0

"Су ресурстарының жағдайы" бөлімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (жерүсті сулары)

Нысаналы көрсеткіштер тізбесі

Нысаналы көрсеткіштердің кезеңдер бойынша мәндері

Өлшем бірлігі

Алғашқы деңгейі

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

Су объектілеріне ластаушы заттардың жалпы төгінділері (нормативтік көлем):

I қауіптілік санаты

тонна жылына

183 800,0

180 700,0

160 500,0

158 200,0

II қауіптілік санаты

тонна жылына

17 400,0

17 400,0

17 400,0

17 400,0

III қауіптілік санаты

тонна жылына

430,0

430,0

430,0

430,0

Барлығы:

тонна жылына

201 630,0

198 530,0

178 330,0

176 030,0

      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 71-бабы 2-тармағына сәйкес:

      I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныпты объектiлерi жатады.

      II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныпты объектiлерi жатады.

      III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныпты объектiлерi жатады.

      IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныпты объектiлерi жатады.

      Өндірістік және басқа да объектілердің санитариялық сыныптамасы "Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қазандағы "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) сәйкес қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады