Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/196 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 7167 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е.Маржықпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ А-5/196 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № А-6/239 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4848 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланды).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 26 тамыздағы № А-9/408 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4990 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қазанда жарияланды).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № А-13/583 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5623 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда жарияланды).

      4. Ақмола облысы әкімдігінің "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № А-12/546 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6203 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады