"Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 6С-37-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қыркүйекте № 7363 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысы Көкшетау қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына бағалау аймақтарының шекаралары мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4432 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 8 жолындағы "М. Горький көшесінің қиылысына дейін, М. Горький көшесінің бойымен" сөздері "Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойымен" сөздерімен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 9 жолындағы "М. Горький көшесінің қиылысына дейін, М. Горький көшесінің бойымен" сөздері "Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысына дейін, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойымен" сөдерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә. Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады