Бұланды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № А-03/87 "Бұланды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № А-08/231 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 тамызда № 7333 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № А-02/51 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 01.03.2021 № А-02/51 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14 бабының 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұланды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № А-03/87 "Бұланды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6531 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Бұланды ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының 1-13 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2) 14-қосымшаның 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3. Тасымалдаулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Aудан әкімі Т.Ерсеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады