Бұланды ауданының Макинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № А-09/262 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қазанда № 7409 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұланды ауданының Макинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:

      ересектерге - 100 (жүз) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға - 50 (елу) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 27.07.2022 № А-07/206 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О. Қ. Смағұловқа жүктелсін

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Ерсеитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады