2020 жылға арналған Ерейментау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № а-11/418 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 7546 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Ерейментау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Әлдібековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Альжанов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 27 қарашадағы
№ а-11/418 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Ерейментау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"ҚИ 811 – автожөндеу зауыты" акционерлік қоғамы

116

1,7

2

"АФ Новомарковка-2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10

10,0

3

"Құлагер" шаруа қожалығы

6

16,7

4

"Куаныш" шаруа қожалығы

3

33,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады