Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 57/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 7410 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 28.12.2023 № 8С-13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылгы 19 ақпандағы № 45/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7072 тіркелген, 2019 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      11 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "4) уәкілетті ұйымның тізімінің негізінде өтініш бермей:

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға қалалық және аудан ішіндегі жолаушылар көлігі бағыттарында жүру ақысын өтеу үшін, жол жүруді растайтын құжаттарды ұсынған кезде – 100 пайыз мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет ақысын және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысын төлеу, өтініш беруші ұсынған түбіртек көшірмелеріне сәйкес, алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен – ай сайын 100 пайыз мөлшерінде.

      Ұлы Отан соғысының қатысушысы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де әлеуметтік көмек көрсетіледі.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы
А.Господарь
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Ағымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады