"Жақсы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 9 Жақсы ауданы әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 наурызда № 7101 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 09.07.2021 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жақсы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Жақсы ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 8 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. № 463 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Новокиенка ауылы, Победа көшесі, 29, "Новокиенка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің халықтың мәдени-демалыс орталығы.

      Шекарасы: Новокиенка ауылы.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 23 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. № 478 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Белағаш ауылы, Школьная көшесі, 15, "Белагаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Белағаш ауылы.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының
әкімі
Б.Малғаждаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының
төрайымы
Р.Тлепова

      2019 жыл "12" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады