2020 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қазандағы № А-9/324 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қазанда № 7436 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Е.Қадыроваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Уисимбаев

  Сандықтау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы ______________
№_______ қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

№р/б

Ұйымның, кәсіпорынның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің жанындағы "Сандықтау-Су" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

50

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады