Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6С-5/3 "Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 мамырдағы № 6С-42/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 7198 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 6С-62/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 6С-62/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6С-5/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5497 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешiмнің қосымшасында:

      2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3) Щучинск қаласы, "Көкшетау-Мельинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 5 a.";

      3 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "3) Щучинск қаласы, Мәлік Ғабдуллин көшесінің басынан "Көкшетау-Мельинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаңға дейін.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХLІІ (кезектен тыс)
сессиясының хатшысы
Р.Махаев
      Аудандық мәслихаттың
төрағасы
Ө.Бейсенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады