Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 151 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 6331 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 16.02.2024 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 және 139-баптарына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 16.02.2024 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Әйтеке би ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Нажмадиновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Елеусізов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
      ____________ Е. Тансықбаев
      "____" ___________ 2019 жыл

  Әйтеке ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 26 шелдедегі
№ 151 қаулысымен бекітілді

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 16.02.2024 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша

1

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

2

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

3

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4

ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер


Мәдениет саласы бойынша

1

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

2

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (директорының) орынбасары

3

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

4

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші

5

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші

6

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санаттағы мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші

7

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      МҚК – мемлекеттік қазыналық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады