Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 қазанда № 6436 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 11.12.2019 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 2-7/112 ұсынысының негізінде, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округінде орналасқан "Құмқұдық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады