Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 203 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 6199 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 11.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 11.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. алынып тасталды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 11.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Алға ауданының әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 "Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4022 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйекте аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған);

      2) Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 258 "Сайлау өткiзу кезеңiнде кандидаттардың үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" Алға ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 330 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4427 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Алға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонжарға жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Алдияров
      КЕЛІСІЛДІ:
Алға аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
" " сәуір 2019 жыл
А. Нурмагамбетова

  Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 203 қаулысына № 1 қосымша

Алға ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 11.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қала және ауылдық округтердің атауы

Қала немесе елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Алға қаласы

Алға қаласы

Республика көшесі, 128 А мекен жайында орналасқан "Султан " сауда үйі алдындағы стенд

Жәдігер көшесі, №3 мекен жайында орналасқан "Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алға аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны алдындағы стенд

Есет батыр көшесі, 24 мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны аялдамасы алдындағы стенд

С.Сейфуллин көшесі, 21 мекен жайында орналасқан "Дина" Сауда үйі алдындағы стенд

5 шағын аудан №2 мекен жайында орналасқан "Назран" Сауда үйі алдындағы стенд

Ш.Уалиханов көшесі, 19 Б мекен жайында орналасқан "Ансар" Сауда үйі алдындағы стенд

А.Байтұрсынов көшесі, 71 мекен жайында орналасқан "Алина" дүкені алдындағы стенд

2

Үшқұдық ауылдық округі

Үшқұдық ауылы

Комсомол көшесі №14, мекен-жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшқұдық мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Жерұйық ауылы

Бірлік көшесі №10, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жерұйық негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

3

Тамды ауылдық округі

Тамды ауылы

Т.Ахтанов көшесі №5 мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тамды орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Талдысай ауылы

Желекті көшесі №13 мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Талдысай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Еркінкүш ауылы

Нұрлы көшесі №6, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркінкүш бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

4

Қарақұдық Ауылдық округі

Қарақұдық ауылы

Федорченко көшесі №59А, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарақұдық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Көктоғай ауылы

Кемеңгер көшесі №48А, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктоғай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Тікқайын ауылы

Жас даурен көшесі №47, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тікқайын негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

5

Сарықобда ауылдық округі

Сарықобда ауылы

Жастар көшесі №21Б мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарықобда орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Болгар ауылы

Әбубәкір Кердері көшесі №16 мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Болгар мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

6

Тоқмансай ауылдық округі

Қайнар ауылы

Әлия Молдағұлова көшесі №25, мекен жайында орналасқан Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тоқмансай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Тоқмансай ауылы

Төлеу Жаманбаев көшесі №25, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тоқмансай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

7

Қарағаш ауылдық округі

Самбай ауылы

Молдағұлова көшесі №1А, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд.

Нұрбұлақ ауылы

Шарапат көшесі №49Б, мекен-жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұрбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд.

8

Қарахобда ауылдық округі

Қарақобда ауылы

Мектеп тұйық көшесі №9, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарақобда мектеп-бала бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Құмсай ауылы

Достық көшесі 33, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны "Құмсай медициналық пункті" ғимаратының алдындағы стенд

9

Ақай ауылдық округі

Ақай ауылы

Фоменко көшесі №41, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдындағы стенд

Көлтабан ауылы

Береке көшесі № 23, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көлтабан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

10

Бестамақ ауылдық округі

Бестамақ ауылы

Бөкенбай батыр көшесі №54, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бестамақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Бөкенбай батыр көшесі №46, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бестамақ ауылының мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы стенд

Бесқоспа ауылы

Есет батыр көшесі №3А, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бесқоспа орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

11

Бесқоспа ауылдық округі

Есет батыр Көкіұлы ауылы

Ш.Уалиханов көшесі № 14 мекен жайында орналасқан, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Есет батыр атындағы мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

12

Маржанбұлақ ауылдық округі

Маржанбұлақ ауылы

Абай Құнанбаев көшесі №71, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Маржанбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

Абай Құнанбаев көшесі №69, мекен жайында орналасқан "Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Маржанбұлақ ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдындағы стенд

Қайындысай ауылы

Ы.Алтынсарина көшесі № 2А, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қайындысай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

13

Қарабұлақ ауылдық округі

Қарабұлақ ауылы

Әйтеке би көшесі №138, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарабұлақ мектеп бала-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд.

Амангелді ауылы

Әбілхайыр хан көшесі №12, мекен жайында орналасқан "Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Амангелді негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

  Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамыр № 203 қаулысына № 2 қосымша

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 11.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады