Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қарашада № 6488 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 25.12.2020 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 қазандағы № 2-6-04/165 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабұлақ ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы аумағында, ауылшаруашылығы құрылымдарынан басқа мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім Е. Махамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады