Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 270 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қарашада № 6459 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 399 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-175 тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшасында:

      1 тармақтың 1) тармақшасында:

      "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)" сөздері "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін" сөздерімен ауыстырылсын;

      3) тармақшасында:

      үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайызы мөлшерінде айқындалады.".

      3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
К. Табынбаева
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе"

Решение Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 15 ноября 2019 года № 270. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 ноября 2019 года № 6459. Утратило силу решением Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2020 года № 399

      Сноска. Утратило силу решением Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 24.12.2020 № 399 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Байганинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-4-175, опубликованное 28 июня 2018 года в газете "Жем-Сағыз") следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      в подпункте 1) пункта 1:

      слова "жилого дома (жилого здания)" заменить словами "общего имущества объекта кондоминиума";

      в подпункте 3):

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели в размере 7 (семи) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).".

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг и счетам о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Байганинского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Байганинского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Байганинского районного маслихата
К. Табынбаева
      Секретарь Байганинского
районного маслихата
Б. Турлыбаев