Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 2 "Кемпірсай ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 мамырда № 6145 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Кемпірсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 2 "Кемпірсай ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-147 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Кемпірсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      қазақ тіліндегі шешімінің 1 тармағында және қосымшасының мәтіні бойынша "селосы" сөзі тиісінше "ауылы" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Кемпірсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды турде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Кемпірсай ауылдық
округі әкімінің м.а.
Б. Каюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады