Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 83 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 6309 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 қазақ тіліндегі "Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-92 болып тіркелген, 2010 жылдың 7 қаңтарда "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің деректемелерінде:

      "Қарғалы ауданды Бадамша ауылдық округінің әкімі" сөздері "Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Қарғалы ауданының "Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Бадамша ауылдық округінің әкімі Е. Дабилдин

О внесении изменений в решение акима Бадамшинского сельского округа Каргалинского района от 30 октября 2009 года № 1 "Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы"

Решение акима Бадамшинского сельского округа Каргалинского района Актюбинской области от 26 июля 2019 года № 83. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 30 июля 2019 года № 6309

      В соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года "О внесений изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений", статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", аким Бадамшинского сельского округа Каргалинского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение акима Бадамшинского сельского округа Каргалинского района от 30 октября 2009 года № 1 на казахском языке "Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-6-92, опубликованное 7 января 2010 года в газете "Қарғалы") следующие изменения:

      в реквизитах указанного решения:

      слова "Қарғалы ауданды Бадамша ауылдық округінің әкімі" заменить словами "Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің";

      преамбулу решения изложить в следующей редакции:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Бадамшинского сельского округа" Каргалинского района в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Акима Бадамшинского сельского округа Е. Дабилдин