Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 6172 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 27.03.2023 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар, 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар, 2 қосымшаға сәйкес берілсін.

      3. Қобда ауданының әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 260 "Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4599 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 желтоқсанында "Қобда" газетінде жарияланған);

      2) Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 261 "Қобда ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4598 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 желтоқсанында "Қобда" газетінде жарияланған).

      4. "Қобда ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Смағұловқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Шермағанбет
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қобда аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
___________ А. Уразова
      2019 жылғы "20" мамыр

  Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 қаулысына 1 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/н

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

атауы

Ақрап ауылдық округі

1

Ақрап ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық Мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Ақрап ауылдық Мәдениет үйі" ғимаратының алдында

стенд

Бегалы ауылдық округі

2

Калиновка ауылы, Қазақстан көшесі, 90 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық Мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Калиновка ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

Бестау ауылдық округі

3

Бестау ауылы, Астана көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Қобда аудандық Мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бестау ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

Бұлақ ауылдық округі

4

Әлия ауылы, К.Байсейітова көшесі, 3 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдында

стенд

5

Бұлақ ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бұлақ негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

И.Білтабанов атындағы ауылдық округі

6

И.Білтабанов ауылы, Астана көшесі, 41 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Иманғали Білтабанов атындағы ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

7

Қосөткел ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 30 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосөткел негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

8

Байтақ ауылы, Бейбітшілік көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Байтақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

Жарық ауылдық округі

9

Жарық ауылы, Желтоқсан көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

Жарсай ауылдық округі

10

Жарсай ауылы, Калинин көшесі, 31 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

11

Қарағанды ауылы, Желтоқсан көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қарағанды ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

12

Ақсай ауылы, Астана көшесі, 43 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақсай ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

Жиренқопа ауылдық округі

13

Жиренқопа ауылы, Ардагер көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жиренқопа ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

Қобда ауылдық округі

14

Қобда ауылы, Әбілқайыр Хан көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

стенд

15

Қобда ауылы, Астана көшесі, 70 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

16

Қобда ауылы, А.Иманов көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

стенд

17

Құрсай ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрсай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

Қызылжар ауылдық округі

18

Қызылжар ауылы, Астана көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

стенд

19

Қаракемер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қаракемер ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

И.Құрманов атындағы ауылдық округі

20

Егіндібұлақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "И.Құрманов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

21

Бегалы ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бегалы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

Өтек ауылдық округі

22

Өтек ауылы, Астана көшесі, 51 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өтек негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

23

Жарсай ауылы, Астана көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жарсай ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

Сарбұлақ ауылдық округі

24

Сарбұлақ ауылы, Астана көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сарбұлақ ауылдық клубы ғимаратының алдында

стенд

Сөгәлі ауылдық округі

25

Көк үй ауылы, Абылай Хан көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көк үй мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

26

Қоғалы ауылы, Қобыланды Батыр көшесі 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобыланды негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

Талдысай ауылдық округі

27

Талдысай ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі 5 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда ауданының Талдысай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

Терісаққан ауылдық округі

28

Терісаққан ауылы, Желтоқсан көшесі 32 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Терісаққан орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында

стенд

  Қобда ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 қаулысына 2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негіздеберілетін үй-жайлар

№ р/н

Елді мекеннің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін орындар

Ақрап ауылдық округі

1

Ақрап

Ақрап ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақрап ауылдық Мәдениет үйі ғимаратында

Бегалы ауылдық округі

2

Калиновка

Калиновка ауылы, Н.Терещенко көшесі, 48 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Калиновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Бестау ауылдық округі

3

Бестау

Бестау ауылы, Астана көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бестау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Бұлақ ауылдық округі

4

Әлия

Әлия ауылы, К.Байсейітова көшесі, 40А мекенжайы бойынша орналасқан "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

Бұлақ

Бұлақ ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бұлақ негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

И.Білтабанов атындағы ауылдық округі

6

И.Білтабанов

И.Білтабанов ауылы, Астана көшесі, 41 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Иманғали Білтабанов атындағы ауылдық клубы ғимаратында

7

Қосөткел

Қосөткел ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 30 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосөткел негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Жарық ауылдық округі

8

Жарық

Жарық ауылы, Астана көшесі, 1Б мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жарық мектеп - балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Жарсай ауылдық округі

9

Жарсай

Жарсай ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жарсай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10

Ақсай

Ақсай ауылы, Астана көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Жиренқопа ауылдық округі

11

Жиренқопа

Жиренқопа ауылы, Жастар тұйығы, 3 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиренқопа орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Қобда ауылдық округі

12

Қобда

Қобда ауылы, Әбілқайыр Хан көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратында

Қобда ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратында

Қобда ауылы, Иса және Ескендір Көпжасаровтар көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13

Құрсай

Құрсай ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрсай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Қызылжар ауылдық округі

14

Қызылжар

Қызылжар ауылы, Ыбрай Алтынсарин көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

15

Қаракемер

Қаракемер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 41 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракемер негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

И.Құрманов атындағы ауылдық округі

16

Егіндібұлақ

Егіндібұлақ ауылы, Астана көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан "Аудандық Жастар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратында

17

Бегалы

Бегалы ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бегалы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Өтек ауылдық округі

18

Өтек

Өтек ауылы, Астана көшесі, 52 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өтек негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Сарбұлақ ауылдық округі

19

Сарбұлақ

Сарбұлақ ауылы, Астана көшесі 38 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сарбұлақ ауылдық клубы ғимаратында

Сөгәлі ауылдық округі

20

Қоғалы

Қоғалы ауылы, Қобыланды Батыр көшесі 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобыланды негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Талдысай ауылдық округі

21

Талдысай

Талдысай ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі 5 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда ауданының Талдысай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Терісаққан ауылдық округі

22

Терісаққан

Терісаққан ауылы, Желтоқсан көшесі 32 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Терісаққан орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

23

Жанаталап

Жанаталап ауылы, Иван Пятковский көшесі 55 мекенжайы бойынша орналасқан "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жанаталап мектеп- балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады