Байторысай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 "Байторысай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 мамырда № 6163 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байторысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байторысай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 "Байторысай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-63 тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байторысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Байторысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байторысай ауылдық округінің әкімі Қ. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады