Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 110 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 6026 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жол жүруге, 100 (жүз) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 17.04.2023 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Мұғалжар аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Құлмағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Данағұлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Мұғалжар аудандық

      мәслихатының хатшысы

      __________ Р. Мусенова

      2019 жылғы 19 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады