Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 482 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 398 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қазанда № 6409 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 482 "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5772 тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларының 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады".".

      2. "Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жектекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі А. Шериязданов

О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 20 декабря 2017 года № 482 "Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность"

Постановление акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 9 октября 2019 года № 398. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 10 октября 2019 года № 6409

      В соответствии с подпунктом 22) статьи 18 и со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Мугалжарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мугалжарского района от 20 декабря 2017 года № 482 "Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5772, опубликованное 18 января 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      пункт 7 Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность, утвержденных указанным постановлением, изложить в следующей редакции:

      "7. При отказе лица, у которого находились на содержании и в пользовании безнадзорные животные, от приобретения в собственность содержавшихся у него животных они поступают в районную коммунальную собственность и используются в порядке, определяемом Постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям".".

      2. Государственному учреждению "Мугалжарский районный отдел финансов" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Мугалжарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мугалжарского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мугалжарского района А. Шериязданов