Мұғалжар ауылының әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 "Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы әкімінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 18 ақпанда № 3-9-241 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды,олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 "Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылындағы көшелер атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-125 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 маусымда "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қазақ тіліндегі шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Мұғалжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Мұғалжар ауданының Мұғалжар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Мұғалжар ауылының әкімі Б. Нағыметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады