Темір ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 260 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қарашада № 6490 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 30.11.2020 № 251 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Темір аудандық әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі                                          Ж. Калмаганбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Темір ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Айжариков

      "_____" ____________ 2019 жыл

  Темір ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы "25" қарашадағы
  № 260 қаулысымен бекітілген

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті


Темір ауданы



Ақсай ауылдық округі


1

Ақсай ауылы

2,1

2

Шығырлы ауылы

1,95

3

Ащысай ауылы

1,8

4

Бірлік ауылы

1,8


Алтықарасу ауылдық округі


5

Алтықарасу ауылы

2,1

6

Еңбекші ауылы

1,95

7

Сарытоғай ауылы

1,95


Қайыңды ауылдық округі


8

Құмқұдық ауылы

1,95

9

Бабатай ауылы

1,95

10

Шибұлақ ауылы

1,8


Кеңесту ауылдық округі


11

Қопа ауылы

2,25

12

Шитүбек ауылы

1,8

13

Қалмаққырған бекеті

2,2


Саркөл ауылдық округі


14

Саркөл ауылы

2,3

15

Құмсай ауылы

1,8

16

Қопа ауылы

1,8


Темір қаласы


17

Темір қаласы

2,25

18

Жамбыл ауылы

1,8


Тасқопа ауылдық округі


19

Тасқопа ауылы

2,1


Шұбарқұдық ауылдық округі


20

Шұбарқұдық кенті

2,45


Жақсымай ауылдық округі


21

Шұбарқұдық ауылы

2,45

22

Жақсымай бекеті

1,95


Кеңқияқ ауылдық округі


23

Кеңқияқ ауылы

2,3

24

Бәшенкөл ауылы

1,8


Шұбарши ауылдық округі


25

Шұбарши кенті

2,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады