Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 23 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 6504 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару турлы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 7 қарашадағы № 2-13/81 ұсынысы негізінде, Көптоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Көптоғай ауылдық округінде орналасқан "Даурен–С" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс –шаралары белгіленсін.

      2. "Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Е. Асылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады