2019 жылға Шалқар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 8 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 15 қаңтарда № 3-13-230 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға Шалқар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның тізімдік санынының екі пайыз мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шалқар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қаниев

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Шалкарскому району на 2019 год

Постановление акимата Шалкарского района Актюбинской области от 9 января 2019 года № 8. Зарегистрировано Управлением юстиции Шалкарского района Департамента юстиции Актюбинской области 15 января 2019 года № 3-13-230

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 9, подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Шалкарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест, для трудоустройства лиц состоящих на учете службы пробации в размере двух процентов от списочной численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Шалкарскому району на 2019 год.

      2. Государственному учреждению "Шалкарский районный отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Управлении юстиции Шалкарского района;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и периодических печатных изданиях;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Шалкарского рай она.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А. Конакбаева.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Каниев