Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 446 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 28 қарашада № 5307 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің орынбасары Халелов Дәулет Кенжеханұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Әділ

  Көксу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы " "__________ "Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" №___ қаулысына қосымша

Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      2. Көксу ауданының полиция бөлімінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Көксу ауданы әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерi, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерi, көтермелеушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi ескеріле отыра, әдетте 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын комиссиямен белгiленеді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Көксу ауданының полиция бөлімінің бастығының бұйрығы шығарылады.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Коксуском районе

Постановление акимата Коксуского района Алматинской области от 27 ноября 2019 года № 446. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 28 ноября 2019 года № 5307

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" акимат Коксуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Коксуском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Коксуского района Халелова Даулета Кенжехановича.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким А. Әділ

  Приложение к постановлению акимата Коксуского района от " "_______ 2019 года № __ "Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Коксуском районе"

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Коксуском районе

      1. Видами поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка являются:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выдача денежной премии.

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, рассматривается комиссией, созданной акиматом Коксуского района, по предоставлению отдела полиции Коксуского района.

      3. Основанием для поощрения является решение, принимаемое комиссией.

      4. Виды поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка, и не превышает, как правило, 10-кратного месячного расчетного показателя.

      5. Для выплаты денежного вознаграждения дополнительно издается приказ начальника отдела полиции Коксуского района согласно решению, принятому комиссией.