"Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 169 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 213 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қазанда № 4350 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 2 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 169 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелген, 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне және "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген бастап күшiне енедi, оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 17 тамызынан туындағын қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ ____ қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы 9 тамыздағы
№ 169 қаулысына № 2 қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін (Резидентура)

"Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" акционерлік қоғамы

Кадрларды даярлау бағыттарының коды

Кадрларды даярлау бағыттарының атауы

Мамандықтың коды және атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі оқу)

Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) 2019-2020 оқу жылына

1

7R09 Денсаулық сақтау (медицина)

7R091 Денсаулық сақтау

6R114400 "Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы"

8

7974400

6R112600 "Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы"

4

3987200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады