Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 256 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 4407 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 15.12.2020 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 79 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3023 болып тіркелген, 2016 жылдың 18 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған):

      1-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";

      1-тармағындағы "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      регламенттің 2-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша";

      регламенттің 3-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша";

      2) "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 199 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3144 болып тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) бекітілген "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:

      бүкiл мәтiн бойынша "-тарау" деген сөздер алыпып тасталсын;

      1-тармағындағы "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдері" деген сөздер "облыстың, ауданның, Тараз қаласының, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 79 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4188 болып тіркелген, 2019 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      бүкiл мәтiн бойынша "-тарау" деген сөздер алыпып тасталсын;

      1-тармағындағы "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдері" деген сөздер "облыстың, ауданның, Тараз қаласының, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      бүкiл мәтiн бойынша "-тарау" деген сөздер алыпып тасталсын;

      1-тармағындағы ""Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдері" деген сөздер "облыстың, ауданның, Тараз қаласының, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      бүкiл мәтiн бойынша "-тарау" деген сөздер алыпып тасталсын;

      1-тармағындағы "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдері" деген сөздер "облыстың, ауданның, Тараз қаласының, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      бүкiл мәтiн бойынша "-тарау" деген сөздер алыпып тасталсын;

      1-тармағындағы "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласы, аудан әкімдіктерінің жер қатынастары бөлімдері" деген сөздер "облыстың, ауданның, Тараз қаласының, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "13" қарашадағы
№ 256 қаулысына қосымша
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "5" сәуірдегі
№ 79 қаулысымен бекітілген

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, ауданның, Тараз қаласының, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18243 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламасы немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдардан стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бір данада қабылдауы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды - 20 (жиырма) минут ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - уәкілетті органның басшысы) жолдайды – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды жер комиссиясының қарауына жолдайды – 2 (екі) жұмыс күн ішінде;

      5) жер комиссиясы хаттамалық шешім нысанында жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады - 5 (бес) жұмыс күн ішінде;

      6) уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      7) уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын келіседі - 2 (екі) сағат ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды - 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

      6. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалуына негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау және тіркеу;

      2) құжаттарды қарау және орындау үшін жолдау;

      3) орындау үшін жауапты орындаушыны айқындау ұсынылған құжаттарды тексеру;

      4) құжаттарды жер комиссиясының қарауына жіберу;

      5) жер комиссиясының қорытындысын шығару;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;

      7) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын келісу;

      8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;

      9) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеу және беру.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) уәкілетті органның басшысы;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

      5) жер комиссиясы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және басшыға бұрыштама қоюға жолдайды - 20 (жиырма) минут ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды жер комиссиясының қарауына жолдайды – 2 (екі) жұмыс күн ішінде;

      5) жер комиссиясы хаттамалық шешім нысанында жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады - 5 (бес) жұмыс күн ішінде;

      6) уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      7) уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын келіседі - 2 (екі) сағат ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды - 1 (бір) жұмыс күн ішінде;

      9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 1 (бір) жұмыс күн ішінде.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қарастырылмаған.

      10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (http://uzo-zhambyl.kz) ресми сайтында және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Жер учаскесін алу үшін кезекке
қою" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


      Шартты белгілер:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады