2019 жылға Қордай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай аудандық маслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 47-9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 наурызда № 4156 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармагына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2019 жылға Қордай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада, көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып айқындалсын.

      2. "Қордай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" бесінші шақырылған Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 40-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2610 тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірдегі аудандық "Қордай шамшырағы"-"Кордайский маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Әлімбетке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы А. Ашимова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Нұрсипатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады